Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...
Әр күннің несібесі бар дейді. Несібе қай уақытта беріледі? Жалпы, күн сәтті өту үшін не істеу керек?
Автор: Заира Сабитова
Несібе таңда беріледі! Бірақ көбісі ерте тұра алмай, оның ағзасы таңғы ұйқымен арпалысады. Сондай кезде кешке ұйықтар алдында миға мынаны құйып таста: «Ерте тұрып, жаттығу жасауым керек».
Әр таңда қанша пайда бар екенін білесіз бе? Ендеше мына кеңеске құлақ түрсек:
УАҚЫТ ЕМЕС, КҮШ ЖҰМСА
Егер адам миы таңертең сергек жұмыс істейді деп ойласақ, бар ауыр жұмысты неліктен таңертең істемеске? Әсіресе мимен жұмыс істейтіндер ертемен бірталай іс тындыра алады. Қоңырауларға, әлеуметтік желідегі пікірлерге түстен кейін де жауап беруге болады. Ал кешке жаттығу залына барып фитнеспен айналысқан жөн.
АЛДЫН АЛА ЖОСПАРЛА
Ертең қыруар жұмыс күтіп тұрса, бүгіннен бастап 15-20 минут сайын ертеңнің жұмысын жәймен тындыра бер. Одан шаршап қалмайсың. Жатар алдында ертең киетін киімді және таңғы асты да дайындап қойсаң тіпті жақсы.
ТҮСКЕ ДЕЙІН ПОШТАҢА БАС СҰҚПА
Тек ол емес, әлеуметтік желілерді түске дейін қарама. Ол уақытыңды жеп, ойыңды сан-саққа бөледі. Таңғы уақытты одан маңыздырақ дүниеге арна.
ТЕЛЕФОНДЫ ӨШІР НЕМЕСЕ БАСҚА БӨЛМЕГЕ ҚОЙ
Гаджеттерін қолынан тастамай, оқтын-оқтын телефонына шұқшиятындар қазір өте көп. Түрлі әлеуметтік желіден түсіп жатқан хабарлама елеңдетіп, ойыңды бөледі. Сондықтан күнім алаңсыз өтсін десең осы кеңесті ұстан.
САЛҚЫН ЖЕРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕ
Ыстық адамның құтын қашырады. Терлеп-тепшіген адамның мазасы кетіп, жұмыс жасай алмай қалады. Сондықтан мүмкіндігінше салқын жерде жұмыс жаса.
ТАМАҚҚА ТОЙЫП АЛМА
Таңғы ас – күннің бастауы. Қара су болса да іш. Бірақ тойып ішпе, алдыңдағы ас көп болса, өзіңмен бірге ала кет. Ара-арасында жеп тұрасың. Таң ата асқазанға салмақ түсіруге болмайды. Ал асқазаның ауырса істеген жұмысыңның мәні болмайды.
Айта кетсек, ресми статистика бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 71 жас. Ал ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова Геронтологтардың II Еуразиялық съезінде ел тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жеткенін айтқан болатын.
Өмір жасын ұзартудың құпиясы бар ма? Тұқымыңда 100 жасқа дейін өмір сүрген адам болды ма? Егер ата-бабаңның ғұмырлы өмірінен хабардар болсаң, ұзақ өмір сүруге мүмкіндігің мол. Салауатты өмір салтын ұстанамын десең, тағы 5-10 жыл артық есептейік. Осы уақытты 365-ке көбейтсек: 27 375. Осының шамамен 20 мың сағаты – таңғы уақыт. Ал әр күннің несібесі таңда беріледі. Осыны есте ұста. Өкініштісі, көп адамдар осы уақытты бос өткізеді.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»
Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет
Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние
"Көріпкел" көп нәрсеге көзімді ашты
Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар
КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!
КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!
Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»
Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады
Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін