{metadescription}
Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз?

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз?

"Биыл қыста нағыз қара алтын – көмір болмаса етті! Тоннасы былтыр 11 мың теңге болған, ал биыл – 16 мың! Қар жауып, қыс қаһарына мінгенде көмір бағасы 18 мың теңгеге жетеді. Орташа есеппен жылына 10 тонна көмір жағамын деңіз. Солтүстік өңірде одан да көп. Сонда 160-180 мың теңгенің маңайында. Өте қымбат! Не істеу керек сонда? «Суықта қатып қалыпты» деген аты жаман. Еріксіз сатып аламыз. Үкіметке қарап жалтақтамай... Көмір бағасын реттеу оның қолынан келмейді. Бұл – базар. Үкіметтің базар деңгейіне түскенін қашан көріп едіңіз?",  - дейді "

ef="https://www.ktk.kz/kz/programs/Aptap">Аптап" бағдарламасының жүргізушісі Серік Жанболат. 

Еліміздің отын энергетика нарығында не болып жатыр? «Аптап» студиясында экономист Мақсат Халық мырзаның пікірін тыңдасақ.

Мұнайға бай елде отын энергетикасы өнімдерінің  тапшы болуының себебі неде?

Расымен де қазір Қазақстан жылына 80 миллион тоннаға жуық мұнай өндіреміз, яғни сыртқа шығарамыз. Және де мұнай өнімінен әлемде 12-ші орында тұрмыз. Дегенмен түптеп келгенде мұнайдың өнімінен шығатын нақты жанар-жағармайға тапшылық орнап отырады.

Оның үстіне бұл әр көктем, күзде болатын жағдай. Неге?

Осы аталған уақыттарда нарықта жанар-жағармайға деген  сұраныс  артады. Белгілі бір дәрежеде тапшылықты әдейі тудыратындар да бар. Бағаны қымбаттатып, көбірек табыс табу мақсатында. Екіншіден, оған макроэкономикалық және сыртқы экономикалық факторлардың әсері бар. Сол кезде көгілдір отынға деген тапшылық туады.

Базарда тапшылық болмауы үшін бәсеке күшті болуы керек. Ал біздің отын энергетика нарығында бәсеке бар ма?

Бәсеке бар деп айтуға болады, егер ол жерде ойыншылар көп болса. Ал бізде санаулы ғана жағдай. Нарықты алып қарайтын болсақ, экономикалық тілде олигополиялық нарық – ол жерде бірнеше ғана ойыншы бар, екеу-үшеу-төртеу, одан көп емес. Бұндай жағдайда олар өзара ымыраласып, ақылдасып, бағаны қоюға мүмкіндіктері бар.

Яғни, біреуі жөндеу жұмыстарына тоқтай қалады, тапшылық тудырады, сосын баға көтеріледі, солай ма?

Сонда нарықта барлығы да ұтып шығады. Өйткені бәрі табыс табады. Осы мақсатта өзара ақылдасуына жеңіл. Ал шын мәнінде бәсеке болғанда,  мысалы, сегіз ойыншы болатын болса, онда олардың арасында біразы келіскенмен, біразы ішінде бір дүниені сақтап отырады. Сосын нарықта міндетті түрде бағаның нағыз таласы, нарық билейтін баға орнайды.

Ресеймен ортақ рыноктамыз. Олай болса Ресейдегі арзан тауар бізге лап қоюы керек еді, неге олай болмай отыр?

Ресеймен салыстырсақ, онда жанар-жағармай қымбат. Бүгінгі таңда бізде 150 теңге маңайында болса, оларда 215 теңгеге барды. 

Біздегі өнім Ресей асып кетіп жатыр деуге бола ма?  

Иә, болады. Өйткені Ақтөбе облысында жанар-жағармайға қазір тапшылық орнап отыр. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, оны 150 теңгеден біздің ішкі нарықта сатқаннан гөрі, Ресейде 200 теңгеден асырып сатқан ыңғайлы.

Мұнайдың біраз бөлігін Қазақстанда сату, мұнай өңдеу зауыттарына беру туралы Үкіметтің реттеу механизмдері бар ма?  

Реттеу механизмдер бар. Ол кен орындарына байланысты бекітіледі. Олардың үлесіне байланысты. Қазақстандық компаниялардың үлесі қанша? Шынын айту керек, 14 жарым пайызы ғана Қазақстан үлесінде. Қалғаны «Аджип», Италия, АҚШ компанияларының меншігінде. Олар кезінде инвестициясын құйған. Өз мұнайын шығарып алады да, кетеді. Тек шығарып алып кету үшін мемлекетімізге салық төлейді. Бұл жерде біздің ұтып отырғанымыз – шығарған, алып кетіп отырған мұнайының көлеміне салып отырған салығының арқасында табыс тауып отыр. Ал енді расымен де біздің үлесіміз аздау. Белгілі дәрежеде көріп отырғанымыз, тапшы болып отырған себебі, сол кен орындарындағы үлесіміздің аздығынан.

Экономист ретінде айтыңызшы, шетелдік нарыққа мұнай сатқан тиімді ме, әлде сол мұнайды өңдеп, ішкі нарыққа жанармай сатқан тиімді ме?

Әрине, оны экономист болмаса да, әр азамат та айта алады: шикізатты сатқаннан көрі түпкі дайын өнімді сату әлдеқайда тиімді. Бұл жерде мемлекет тарапынан мұнай саласында соңғы уақытта мұнай-химия кластерін құрастыру бағдарламалары бар. Сол мәселе түптеп келгенде осы саладағы түпкі өнімді, шикізаттан дайын өнімді өндіруді қолға алды. Осы жобалар жемісін берсе, шикізатты сатқаннан көрі, дайын өнімді сату арқылы Қазақстанның қазынасы артады деп ойлаймын.

Аталмыш мәселе төңірегінде толығырақ қамтылған репортажды сайттан қарауға болады.  Жаңадан жарық көрген "Аптап" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын  әр жексенбі сайын сағат 20:00-де КТК эфирінен тамашалаңыз.  

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»

Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз...

Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет

"Көріпкел" көр нәрсеге көзімді ашты

Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние

Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар

КТК арнасы алаяқтарға алданбаудың амалын тапты

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде