Ерсайын Ерқожа: «Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар»
Білім саласындағы көп мәселенің шешімін таба алатын кезі бола ма өзі? Тіпті жыл өткен сайын үдеп барады. Енді білім министрлігі мен жергілікті әкімдіктер арасында тартыс барын білдік, - дейді "Аптап" бағдарламасының жүргізушісі Серік Жанболат. Осының себебін анықтау үшін «Аптап» бағдарламасы студияға «Ұрпақ тағдыры – білім» қорының төрағасы Ерсайын Ерқожаны шақырды.
Білім саласы 8 миллиондық үлкен армия, бірақ осының мәселелерінің шешімін табатын уақыт болуы керек пе? Зерттеушісіз, жалпы әлемде білім саласының мәселесін шешіп тастадық, ешқандай проблема жоқ деген ел бар ма?
Ерсайын Ерқожа, «Ұрпақ тағдыры – білім» Қоғамдық қорының төрағасы:
Білім саласынан алдыңғы қатардағы елдер Финляндия, Норвегия, Жапонияның проблемалары бар. Бірақ олар барлығын жүйелі түрде істеп келеді. Ал бізде не бір жүйе жоқ, не 10-11 жылға негізделген белгілі бағдарлама жоқ. Қазақстанда қазір 14-ші министр жұмыс істеп жатыр. 25 жыл ішінде 14 министр деп санасақ, әрқайсысының жұмысына бір жарым жыл арналыпты. Бір жарым жылда білім саласын біліп, оны белгілі бір жолға қою ешқандай министрдің қолынан келмейді. Бұл, біріншіден, кадр мәселесіне байланысты. Екіншіден, білім саласын жетік білетін азаматтар келуі керек. Шәмшә Беркімбаевадан басқасының барлығы жоғары жақтан келген, жоғары оқу орнының ректоры қызметін атқарған азаматтар. Білім саласының проблемасын шешпейінше, болашағымыз бұлыңғыр.
Мектептегі кемшілікті қалай жібермеу керек?
Ол үшін кез келген мектептің бағдарламасы 11 жылға негізделуі керек. Түрлі жағдайға, заманның өзгеруіне, технологияның дамуына байланысты түзетулер енгізіп отыруға болады. Соның өзінде оны тек эксперименттік мектептерге енгізіп, 3 жыл бақылаудан өткізіледі.
Сынақтан өткізбей енгізіп жіберген жаңалық деп нені айтар едіңіз?
Бірінші – оқулықтар. Оқулықтар үш жыл бойы тірек мектептерден өтуі керек, үш жыл жасалуы тиіс. Ал бізде үш айда жасайды. Бұл деген дүние жүзінде жоқ! Одан кейін авторлары құрылмайды, барлығы жоғары оқу орнындағы оқытушылар. Ал мектеп пен жоғары оқу орнының арасында үлкен алшақтық бар. Сосын оқулықты кез келген уақытта ауыстыра салады. Олай істеуге мүлдем болмайды!
Білім министрі өткенде Елбасына өтініш айтты: мектепке бір жағынан әкімдік, екінші жағынан министрлік талап қояды, ал қойылатын талаптар екі түрлі. Бұның себебі неде?
Елімізде 2000-ші жылдары ауыл әкімінің өзі бағдарлама бекітетін. Соны біздің ұйым қойдырды. Елбасы 2001 жылы 3-ші ақпанда мұғалімнің мәртебесін көтеріңдер деп үкіметке тапсырма берген. Ол – мұғалімнің құқықтарын анықтап беру. Сонда оған ешқандай әкім, басқа мекеме басшылық жасап қыспаққа ала алмайды. Мұғалімдер қазір аудандық оқу бөліміне кіріптар. Мектеп тек министрлік талабын орындауы керек. 2000-ші жылы мынадай ұсыныс жасадық: мектептің директорын сайласын, сонда ол оқушының жағдайын жасайды. Аудандық оқу бөлімінің меңгерушісін сайласын, сонда ол аудандағы мектептердің жағдайын жасауға кіріседі. Бірақ аталмыш мәселе әлі іске асқан жоқ. Сол кезде кез келген әкім мектепке мәселе айту үшін, тапсырма беру үшін – ойланатын болады. Қазір мектеп аудандық оқу бөліміне кіріптар, өйткені бұйрықты солар береді. Сондықтан білім саласын міндетті түрде министрлік басқаруы қажет. Қазір министрліктің құзыреті аудан тұрмақ, облысқа да жетпейді. Бұл білім министрлігінің нашарлығы, білімсіздігі деп білем. Мысалы, Үкіметтің қаулысын дайындайтын, шешім қабылдайтын, ұсыныс жасайтын – Білім министрлігі.
Мұғалімді әкімдікке кіріптарлықтан қалай шығаруға болады?
Ол үшін мұғалімнің мәртебесін анықтау қажет. Министрлік өз саласы бойынша бәріне жауап беруі керек. Ауылдың, ауданның, облыстың әкімі емес, министрліктің өзі жауап беруі тиіс.
Жақсы делік, бірақ мектеп салуға тапсырыс беретін де, қаржы бөлетін де жергілікті әкімдік емес пе?
Қаржы бөлетін – Үкімет. Қаржы бөлінген кезде өздерінің сызбалары бойынша жасауға міндеттілер ғана. Мектепке әкімшіліктен бөлінетін ешбір қаржы жоқ. Мәселе сол білім саласын білетін азаматтардың басшылықта отырғандығында! Мысалы, өзінің фамилиясын дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар. Олар не стейді? Білім саласын білетін азамат ретінде мен оларды ештеңе істей алмайды деп білем. Ешкімге қарсы келе алмайды деп білем. Әкім не айтса, «ләббай, тақсыр» деп істей береді.
Ерсайын Ерқожа мырза сөз соңында білім саласына бір ауыз сөзбен баға берді.
Аталмыш мәселе төңірегінде толығырақ қамтылған репортажды сайттан қарауға болады. Жаңадан жарық көрген "Аптап" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасын әр жексенбі сайын сағат 20:00-де КТК эфирінен тамашалаңыз.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ: Әр күннің несібесі бұйырсын десеңіз
Сыбайлас жемқорлық туралы сіз білуге тиіс мәлімет
Киіз үй туралы көп адам біле бермейтін дүние
"Көріпкел" көп нәрсеге көзімді ашты
Әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталғандар
КТК арнасын тамашалаудың 22 себебі бар!
КТК арнасы әділетсіздіктен қажыған жандардың тауқыметін шешуді өз қолына алды!
Ерланби Дәулетияр: «Ішкі мазмұны келіспеген адам эфирде сүйкімді көріне алмайды»
Асыл Махмет: жаңалық жүргізгенде көз алдымда ауылымның адамдары тұрады
Серік Жанболат: біреудің жазып берген дүниесімен эфирге шығып көрмеппін