{metadescription}
Жаны қысылған адам ұсақ ұрлыққа бара ма? Бір шелек көмір

Жаны қысылған адам ұсақ ұрлыққа бара ма? Бір шелек көмір

Шелекпен көмір ұрлаған адам шылқып байып кетуі мүмкін бе? Бір шелек көмір – 20 келі. Бағасы 180 теңге. Шын жаны қысылмаса, адам мұндай ұсақ ұрлыққа баруы мүмкін бе?

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық ауруханасынан 20 келі көмір ұрлаған Татьяна Күзембаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа тартылды. Ал аурухана басшылығы соңғы сәтте ол әйелді кешіріп, арызды қайтып алған. Үкім оқылмай қалды демесеңіз, аталмыш іс қоғамда үлкен әңгіме туғызды.

Мәселен, Қостанайда бір шелек көмір үшін жауапқа тартады. Ал Атырауда миллиондарды талан-таражға салған адамдар жазадан оп-оңай құтылып кетеді. Атырау әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы Абат Тасымов мемлекеттің 50 миллион теңгесін оңды-солды таратып жіберген. Оның орынбасары Есжанов сегіз жарым миллион теңгеге істі болған. Екеуі де дін-аман. Айыппұл төлеп, босап шықты. Осыдан кейін біздің соттарды түсініп көріңіз.

Жалпы бізде қаржы қазанның иесі жоқ сияқты. 50 миллион теңге деп жылап отырғанда 65 миллион еуроның жыры шыға келді. Өзін Қазақстан үкіметінің өкілімін деп таныстырған бір азамат 65 миллион еуроға Париждің қақ ортасынан ойып тұрып зәулім сарай сатып алыпты. Бұл қайдан шыққан байшікеш?

Біздің министрліктер бір-бірін меңзейді. «Бізге қатысы жоқ» дегені ме? Олар бір-біріне сілтеп отырғанда, ол мырзаның төрт қымбат автокөлік сатып алғаны да белгілі болды. Арзанынан бастайық: екі майбах, екі мерседес. Бір майбах көлігінің құны 100 млн теңгеден басталады. Бұл – көлік салонындағы баға. Ерекшелігіне қарай жоғарылай береді. Ал мерседестің джи класы 75 млн теңге тұрады екен. Енді төрт көлікті қосқандағы бағасы 350 миллион теңгеден асып жығылады. Ал қыруар қаржыға үй алған белгісіз алпауыт мұндай көліктерді қолдан алмайтыны белгілі. Бұл оның бір күндік шығыны болар.

Қымбатына келейік, 65 млн еуро дегеніміз – 25 миллард теңге! Бұл бір ауданның бір жылдық бюджетінен де көп қаржы.

Сонымен миллиондарын сыйғыза алмай жүрген кім болды? Оның жауабын сайттағы «Аптап» бағдарламасының арнайы репортажынан қараңыз.

Жемқорлық. Пара. Кесел асқынған кезде оны емдеу қаншалықты қиын?

Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымы жүргізген зерттеу. Қазақстандағы мемлекеттік сектордағы жемқорлық деңгейі. Бұны ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов растай ма? Қайтсем заңдылықты өз биігіне қоям деп шыр-пыр боп жүрген бас прокурор қазір өзінің қол астындағы заңгер, кейбір прокурорлардың сөзіне сенуден қалыпты.

Осы жайлы және заң мен заңдылық мәселесіне қатысты «Аптап» бағдарламасының тілшілері дайындаған эксклюзивті репортажды сайттан қараңыз.

Сондай-ақ, жыл басынан бері елімізде құлқынының қамын ойлаған қанша прокурор істі болды? «Қара бүркітке» қамалған қылмыскерлер қаншалықты кәуіпті? Кісі өлтіріп адам етін жегендер темір торда немен тамақтанады?

Алматыда жерасты жолдарында сауда-саттық жасағандар жаппай жұмыссыз қалуы мүмкін. Алматылық кәсіпкер шүмектегі суды шөлмекке құйып сатып көл-көсір пайдаға кенелген.

Ағайын, әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан тіс қаққан тәжірибелі журналист Серік Жанболаттың «Аптап» сараптау бағдарламасын қарауға асығыңыз.

Қоғамда дүрлікпе тудырған, сұрақ тудырған, ашу тудырған оқиғалардың анық-қанығына егжей-тегжейлі тек «Аптап» бағдарламасында көз жеткізе аласыз!

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Үйіңізде ет болсын, ет болғанда көп болсын

Тепсе темір үзетін теңге

 

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде