{metadescription}
Әкімдіктер шыршаны безендіруге қанша қаржы жұмсап жатыр?

Әкімдіктер шыршаны безендіруге қанша қаржы жұмсап жатыр?

Жылдың бір күніне бола асып-тасуды тоқтата алмай-ақ қойдық. Жаңа жыл құдды қиямет күні ме дерсіз? Ең ұлық мереке – Тәуелсіздік күнін өткізіп алғанша жаңа жылды тойлауды бастамайық деп бәтуа жасаған сияқты едік. Ол бәтуадан шығып кеттік пе, әйтеуір жаңа жылға дайындық басталып қойған тәрізді.

Айтыла-айтыла діңкеңді құртқан дүниелер бар. Соның бірі – жаңа жылдық шыршаны безендіруге бөлінетін қаржы мәселесі. Ал қылқан жапырақтының бағасы бас шайқатады – қолжетімді деу қиын. Баға мәселесіне келгенде біздің басшылар алдына жан салмайды. Шыршаның ең шырайлысын, ең қымбатын сатып алу қалыптасқан дәстүр, өзгермейтін әдет. Жаңа жыл қарсаңында қаланы қызылды-жасылды әшекеймен безендіру бойынша әкімдер арасында жарыс өтіп жатқандай.

Алматылықтар биыл 630 миллион теңгенің шыршасын айналып жүріп ән салады. Әрине, бұл әр ауданға бөлінетін қаржы. Алтынмен апталып, күміспен қапталған шырша болайын деп тұр.

Бір бірінен басып озу үшін желтоқсан айы басталмай жатып, жасыл шырша орнатып көзге түскендері де бар. Мәселен, Өскемен қаласының қақ ортасына 25 метрлік қылқан жапырақты ағаш қойылды. Оны орманшылар сыйға тартқан деседі. Осылайша бір күндік мереке үшін мың жылдық шыршаның тамырына балта шабылды. Қала тұрғынын тамсантқан шыршаны әдемілеп безендіруге қанша қаржы жұмсалды? Бұл жағы – құпия.

Оңтүстік Қазақстан облысы екі жыл бойы жақсы бастама көтеріп келген: жаңа жылдық шыршаға қажет 80 миллион теңгені әкімдік Балалар үйіне аударып тастайды. Ал шыршаны безендіруді жергілікті кәсіпкерлерге жүктейді. Биыл шымкенттіктер не істер екен?

Ал Ақтауда биыл ақша үнемдеуді жөн көріпті. Қаланы жаңа жылға дайындау үшін бөлінген қаржы былтырғыдан аздау. Шамамен 14 млн теңге. Бұл қаржыға екі алаңда шырша тігуге болады. 

Атырауда керісінше. Биыл атқамінерлер Жайық бойында жарқыраған шырша тігуге 89 млн теңге бөліпті. Бәлкім былтырғы оқиға сабақ болған шығар. Себебі өткен жылы мерекелік безендіруге 47 млн бөлген шенеуніктер ақша жеткізе алмай, әжептеуір әбігерге түскен-ді. Енді 2018-ді сән-салтанатпен қарсы алу үшін қаржыдан аянып қалмауға бекініпті. 

Осыдан үш жыл бұрын шыршаға ілінетін әлем-жәлем сатып алуға 200 миллион теңге бөліп елді естен тандырған қарағандылықтар бұл жолы желтоқсандағы мейрамдарға 100 миллион теңге бөліпті. Оның 40 пайызы Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесін тойлауға жұмсалған.

Арқада бөлінген ақшаға Алматының бір ауданын безендіру мүмкін емес. Өйткені орта есеппен оңтүстік астананы жаңа жылға дайындау үшін әр ауданға 85 млн теңгеден тиген. Сондықтан әзірге жаңа жылға қыруар қаржы – қаражат бөліп, жомарттық танытқан қала әкімдігі өзгелерден оқ бойы озық тұр. 260 шақырым әшекейлі тізбек, 7000-ға жуық безендіру бұйымын алу үшін қала бюджетінен 630 млн теңге бөлінді. 

Бұл соманың шамамен қанша ақша екендігін ашып көрсету үшін жасалған салыстыруды сайттан қараңыз.

Бір қуантарлығы, жыл сайын жаңа жылға дайындықтың тасасында қалып қоятын Тәуелсіздік күніне биыл жер-жерлерде басымдылық берілуде. Өңірлердің басым бөлігінде жаңа жылдық шырша тек 18-ші желтоқсанда салтанатты түрде жағылады.

Жаңа жылдық мерекеге бір тиын бөлмеген өңірлер бар ма?

Еліміздің өзге өңірлеріне де жыл сайын жаңа жылды қарсы алу үшін қанша қаржы бөлінеді?

Астанадағы мерекелік шаралардың бағдарламасы қандай?

Бұл сұрақтардың жауабын сайттан қараңыз.

Сондай-ақ:

Қазақстан ішімдік сусындарын ішу бойынша және арақ ішу жөнінен әлемде нешінші орында тұр? Еліміздің әр түкпірінде болып жатқан жантүршігерлік жол апаттарынының басты себепкері тентек су емес пе?

Қырғыз елінің бұрынғы басшысының саяси түсінігіне байланысты екі ағайынның арасына көлеңке түсе жаздаған. Аталмыш мәселе шешімін тапты ма?

Жаңаөзендегі тоғыз тағдырды жалмаған жантүршігерлік жағдайға кім кінәлі?

Жырға айналған жер кодексі Мәжілісте қалай шешілді?

Халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен спортшылардың құрметіне ескі әнұранды ойнату неге әдетке айналды?

Ағайын, әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан тіс қаққан тәжірибелі журналист Серік Жанболаттың «Аптап» сараптау бағдарламасын қарауға асығыңыз.

Қоғамда дүрлікпе тудырған, сұрақ тудырған, ашу тудырған оқиғалардың анық-қанығына егжей-тегжейлі тек «Аптап» бағдарламасында көз жеткізе аласыз!

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Мұзафар Әлімбаев: "ең жақсы өлеңімді мен әлі жазған жоқпын"

Шапағаттың шырағы: бес ай бойы жаны қиналған бес жасар бала

Жаны қысылған адам ұсақ ұрлыққа бара ма? Бір шелек көмір

Үйіңізде ет болсын, ет болғанда көп болсын

Тепсе темір үзетін теңге

Мектептегі былық: "Бастауыш сыныпқа мұғалім болу үшін 2 мың 200 доллар әкелесің"

Ауырғанда не істемеу керек? 

Қыс қаһарына мінгенде көмірді қайдан табамыз? 

Ерсайын Ерқожа: "Өзінің ата-тегін дұрыс жаза алмайтын мектеп директорлары бар"

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде