{metadescription}
Егемендік: Қазақы қағидасын қалт кетпеген кейіпкерлер

Егемендік: Қазақы қағидасын қалт кетпеген кейіпкерлер

Халқымызда көп тілегінен киелі еш нәрсе жоқ деген қасиетті де, қастерлі бір ұғым бар.

Қара қазаққа Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, тек білектің күшімен қорғап қалған қилы заманда арман болған Тәуелсіздік таңы зарықтырып барып атты-ау әйтеуір.

Бодандықтың қалың құрсауынан босай салысымен, халық ең алдымен ақ киізге көтеріп ел президентін сайлады. Ақорданың төріне отырғызды.

Тәуелсіз Қазақстанның тағдырын айқындап берген 1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанын алаш жұрты басындағы бөркін аспанға лақтырып қарсы алған.

Тарих бетіне ұлы оқиға болып тіркелген сол күннен бастап елінің ақжолтай сенімін, халқының абыройлы аманатын арқалаған азаматтың атымен Тәуелсіз, жас Қазақ мемлекетінің дамуының жаңа кезеңі басталған.

Бір кездері қазақтың қара нарындай болған атан тұлғалар Тәуелсіздіктің тұғырын бекіту үшін қашан да президенттің жанынан табылды.

Бүгінгі буын үшін бабалар арманына айналған тәуелсіздіктен артық дүние бар ма? Бәріміз бірге өтпелі кезеңнен өттік. Бәрін басынан бастадық. Тәуекел етіп тас жұттық.

Тәй-тәй басқан Тәуелсіздігімізді аяғынан тік тұрғызып, талай тағдырлы шешім қабылдадық.

Фәни дүниеден бақи дүниеге аттанған ағалардың «қазақ» дегенде шығарға жандары бөлек. Көкірегімізге мөр болып басылған ағалар айтқан әрбір әңгімені енді тек таспадан ғана таба аламыз.

Дулат Исабеков, жазушы, драматург:

«Менің өмірімнің ащысы да, тұщысы да еліміздің егемендігін алғанымен байланысты».

Жақсылық Үшкемпіров, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы:

«Туған жерімнен артық жер жоқ, қазақтан артық ел жоқ. Сүттей ұйыған қазақ халқым аман болсын».

Талғат Бигельдинов, ввиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры:

«Құдай бұйырса, бәріміз жақсы тұрамыз. Бірлік болса, сабырлық болса, бәрі болады».

Ермахан Ыбырайымов, боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы:

«Мен өзімнің нақты сөзімді айттым. Уәде берген сөздерім артымнан қамшы болып сабалап, мені алға жетеледі».

Бекболат Тілеухан «Елім менің» әні туралы:

«Жарнамасын келістіріп кеп жіберіп еді, елдің көкейіндегі ән болып шыға келді».

Сазында қазақы бояуы басым «Үш қоңыр» әнінің жазылу тарихын білесіз бе?  

Сәкен Майғазиев, әнші, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: 

«Көрінгенге кінә арта бермей, отырып алып сынай бергеннен көрі, тек жақсы жағына бір-бірімізді тәрбиелейікші. Жақсымызды асырып, жаманымызды жасырып, алға қарай ілгерілеуіміз керек».

Қазақтың мақтанышына айналған перзенттері бұл күнде де аз емес. Кезінде қазаққа қырын қарағысы келгендерге ұлтының ұлылығын мойындату үшін аянбай тер төккен кейіпкерлерді «Жүрекжарды» бағдарламасынан қараңыз.

Қазақ деген халықтың сұстылығы мен күштілігін, айбаты мен қайратын еңбегімен танытқан жігіттеріміз кім?

Алпыс екі тамырын қуалай аққан қан қазақтікі болған соң, сол халыққа ет жүрегі езіліп, бір бүйректің бұрып тұруын заңдылық деп қабылдайтын кейіпкерлеріміз Тәуелсіздік туралы не дейді?

Назарларыңызға КТК арнасы «Жүрекжарды» бағдарламасының қазақ елінің егемендігіне арнаған шығарылымын ұсынамыз.

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗҚазақ тіліне өзге ұлттың сүйсінісін тудыра білген қазақ әншісі

Зейнетақы - 2018: Жаңа жылда бізді не күтіп тұр?

Әкімдіктер шыршаны безендіруге қанша қаржы жұмсап жатыр?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде