{metadescription}
Юлдуз Усманова: Қазақстанда өзімді қазақ сезінемін

Юлдуз Усманова: Қазақстанда өзімді қазақ сезінемін

Сегіз балалы жұмысшы отбасында дүниеге келген өзбек әншісі. Сазгер. Продюсер. Қазақстанның, Тәжікстанның, Түркменстанның еңбек сіңірген әртісі. Репертуарында қазақ, өзбек, түрік, ұйғыр, татар, орыс, тәжік, парсы және т.б. әндері бар. Германия, АҚШ, Англия, Түркия және Голландияда альбомдарын шығарған – Юлдуз Усманова!

«Алматыда қонақта болғаныммен, бүгін сіздер менде қонақтасыздар. Бүгін мен шаттық сыйлағым келеді, қысылмай шаттаныңыздар, бұл менің көңілімді жадыратады», – деді Юлдуз Усманова.    

Жастардан көрі жасы келгендердің сүйікті әншісі Юлдуз Усманованың концерті Алматыдағы Республика сарайын лық толтырды. Өзбек әншісі шығармашылық кешін «Дедімай-ау» – қазақтың халық әнімен бастады.

«Қазақстанға келгенде өзімді өзбек сезінбеймін. Қараңызшы, түрім қазаққа ұқсайды. Мен қазақтай ойлай білемін. Сіздердің жан-дүниелеріңізді сезіне білемін. Бақытты болсақ та, бақытсыз болсақ та, көрші екенімізді ұмытпайық. Біз әрдайым бірге боламыз. Мінез-құлқымыз, діліміз бір. Ешкім қорланбасын, ешкімнің намысы тапталмасын. Сол үшін ән шырқаймын. Адами қасиетімізді жоғалтпайық, адамгершілік адамның қасиеті, оны алла бағалайды», – деді Юлдуз.

Усманованың қарияларға деген құрметі ерекше екен. Екі-үш әнін сахнада орындап, содан кейін залда отырғандарды аралап кеткен әнші бешпет киіп отырған әжейлерге еңкейіп, бар ықыласымен құшақтады.

«Әнімді жазған кезде халқымды ойлап отырамын. Көз алдымда қара халық тұрады. Құдайым-ай, бір алла бізді жаратты, бүкіл періштені алдымызға келтірді, бірақ адамдар неге әр түрлі? Өркөкіректік қайдан келді? Бір-бірімізге неге қатігезбіз? Бірақ ешқашан кеш емес, түзелейік! Жүрегімізге иман ұялатайық».

«Ең бастысы – адагершілік. Мен дүниеге келген Ферғана алқабында бесіктегі сәбимен Сіз деп сөйлеседі. Әр нәрестені құрметті қонақ деп қабылдайды. Бір-бірімізді құрметтей білейік».

«Кейбір ән авторынан кетіп, халыққа сіңеді. Халық әніне айналады. Бүгін мен сол әндерімді орындаймын. Халық қабылдаған әндерімді ұсынамын. Бұл мен үшін өте маңызды».

«Менің тыңдарманым – есейген тыңдарман. Мен де сіздермен бірге есейдім. Тыңдаушым маған опасыздық жасамайды. Ең құнды дүнием – тыңдарманым».

«Әндерімді көбінесе әйелдер тыңдайды. Аналар. Әлемде әдемі әйелдер қандай көп! Ал барлық әйел бақытты ма? Құрметті ер-азаматтар! Егер сіз табыс тауып, отбасын асырап, әйеліңізге сыйлық жасап тұрсаңыз, ол – керемет. Дегенмен біз үшін бақыт деген бөлек. Үйге шаршап жеткенде алдымыздан жымия қарсы алып, маңдайымыздан сүйіп тұрып: «Қатын, жақсы бол, әрқашан» десеңіз, ол біз үшін – махаббат. Әр әйелге махаббат тілеймін. Әйел махаббатын».

«Әр әртіс тар жолда тайғақ кешеді. Мен алланың әр бергенін алғыспен қабылдаймын. Халқымның жақсы тұрмысы мен үшін маңызды. Бастысы, іс-әрекетіміз, пиғылымыз дұрыс болсын. «Халқыңмен бол!» – менің ұраным. Хақ болсаң, халқыңмен болсаң, сен ешқашан жеңілмейсің. Менің ең жақсы тілегім сіздермен бірге», – деп аяқтады концертін өзбек әншісі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 ЖЫЛҒА ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ - ҚИЫР ШЫҒЫС АСТРОЛОГТАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КЕҢЕС: СЕМІЗДІКТІ ИТ ЖЫЛЫ ДА КӨТЕРЕ АЛМАЙДЫ

КЕТТІК ТОЙҒА: КТК АРНАСЫНЫҢ ТОСЫН СЫЙЫ ЖҰҒЫСТЫ БОЛСЫН!

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК: ӨМІРІҢ ӨКІНІШПЕН ӨТПЕСІН

ҚҰДАЙ МАҢДАЙЫНАН СҮЙГЕН АКТЕР – ҚҰМАН ТАСТАНБЕКОВ

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.