7-20-25 ипотекасы: Қажет құжаттарды дайындай беріңіз
«7-20-25» бағдарламасының талаптары мен ипотекалық тұрғын үй несиесін алуға қандай құжат жинау керек? Бұл бағдарламамен кім несие ала алады?
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бекітілді! Бағдарламаға ҚР еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады.
Азаматтар «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек?
Біріншіден, сатып алынатын баспананы таңдау керек. Осы орайда тұрғын үйдің шекті құны белгіленеді. Бастапқы кезеңде тек жаңа тұрғын үйді сатып алу өтінімдері қарастырылады. Екіншіден, адамдар тиісті өтініммен және құжаттармен банкке келуі тиіс. Үшіншіден, баспана алуға ниетті адамда несиеге қызмет көрсету үшін қажетті табыстылық деңгейі болуы керек. Төртіншіден, тұрғын үй алатын адамның меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Яғни, жаңа бағдарламаға баспанасы жоқ азаматтар ғана қатыса алады. Бірақ әрбір адамның төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады.
7-20-25» бағдарламасын іске асыратын компанияның атауы - «Баспана». Банктер жаңа бағдарламаны іске асыруға дайын. Тәртіп бойынша екінші деңгейлі банктер халыққа ипотекалық заемдарды береді. Ал арнайы ипотекалық компания ол несиелерді сатып алады. Сөйтіп, жылдық үстемеақы 7 процентке түседі. Барлық заемдар теңгемен беріледі. Сосын бастапқыда арзан ипотека тек жаңа үйлерге ғана таралады
Бағдарлама 7 проценттік мөлшерлемеден, 20 проценттен аспайтын бастапқы жарнадан және 25 жылға дейінгі несие мерзімінен құралған. Бұнда негізгі қағида - мөлшерлеменің көбейтілмеуі, яғни қарызды беруде, қызмет көрсетуде ешқандай комиссия алынбайды. Басты талап - ресми кіріс көзінің болуы, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметінің расталуы. Ол үшін салық органдарының немесе БЖЗҚ анықтамасын әкелуге болады. Яғни, бұл бағдарлама мемлекеттік қызметкерлерге де, кәсіпкерлерге де арналған.
Еліміздің кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:
25 млн теңге - Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында; 15 млн теңге - басқа өңірлерде.
Қарыз алушылар тарапынан да, банктер тарапынан да төлем қабілетінің болуы және әділ нарықтық қағидаттарды қатаң сақтау жаңа ипотекалық Бағдарламаның негізі болады. Қарыз алушыда 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаның болуы - Бағдарламадағы негізгі талаптарының бірі. Әлеуетті қарыз алушылардың мұндай жарнаны банкке беруі оларға алынатын қарыздың ең аз мөлшерін қамтамасыз ететінін, демек қарыз бойынша пайыздық шығыстар да аз болатынын түсінгені маңызды.
«7-20-25» бағдарламасының талаптары
Қандай құжаттар талап етіледі?
1) Жұмыс орныңыздан соңғы алты айдағы кіріс туралы немесе сіздің БЗЖҚ зейнетақы шотынан 6 айлық ақпарат. Сондай-ақ соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясы.
2) Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтама.
3) Отбасы мүшелерінің әрқайсысы үшін 15 шаршы метрден аз пайдалы алаңы бар жатақханаларда немесе апатқа ұшырайтын және апатты жағдайда тұрған үйлерден басқа, Қазақстан аумағында жеке тұрғын үйі жоқтығы туралы анықтама.
Артық төлемді қалай есептейміз?
Ипотекадағы пәтер сатып алғысы келетіндер үшін арнайы калькулятор жасалады. Ай сайынғы төлемді есептеу үшін пәтердің құнын, бастапқы төлемді, несие валютасын, несие ставкасын және несие мерзімін көрсету жеткілікті. Бірнеше секундтан кейін төлем кестесін және артық төлем сомасын қамтитын толық есепті аласыз.
Қайта қаржыландыру, яғни «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде бұрын алынған тұрғын үй қарызын толығымен немесе ішінара өтеуге ипотекалық несие алуға жол берілмейді.
Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктер тізімін жасайды
Жатақxанада тұратындарға ипотека беріле ме?
Талап бойынша адамның атында баспана болмауы шарт. Дегенмен, жатақxанада тұратындар өтініш бере алады. Себебі жатақxанада бір отбасының мүшесіне 15 шаршы метрден де келмейді. Ондайда өтініш берген адам баспананың иесі ретінде қарастырылмайды. Жатақxана бөлмесі пәтер емес. Сосын ескі және апаттық жағдайда тұрған үйлердің тұрғындары жаңа бағдарламаға қатыса алады.
Алдағы уақытта аталған жүйе арқылы екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу тетіктері әзірленетін болады
«Баспана» атты ипотекалық компания бірнеше бағытта жұмыс істейтін болады. Бастапқыда жаңа пәтерлер ипотекаға беріледі. Одан кейін екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу бағыты жүзеге асады. ипотекалық нарықтың ішінде екінші деңгейлі пәтерлер де бар. Ұлттық банк қосымша пакеттерді де әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның ішінде екінші деңгейлі пәтерлерге ипотека беру тетігі бар. Ол екі-үш айдан кейін әзірленеді. Екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алудың шарттары өзгеше болмақ. Себебі аталған бағыт әлеуметтік бастамаға жатпайды. Алғашқы жарна 20 проценттен жоғары болуы мүмкін. Несие мөлшерлемесі де 7 процент болмайды. Оның мөлшері нарықтық талаптарға жақын болуы ықтимал. Бірақ банктердің 14-15 процентінен төмен болуы керек. бірқатар жеңілдік болады.
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына пайдалана ала ма?
Азаматтар БЖЗҚ-да жинаған қаржы олардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір сүру қабілеттігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, бұл қаржы адамдардың қазіргі әлеуметтік проблемаларына ескерілмеген.
«7-20-25» бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы бағдарламаға қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
«7-20-25» бағдарламасының шарттары жария етілді
«Нұрлы жер» бойынша несиелерді субсидиялау тоқтатылды
Ең жоғары зейнетақы алу үшін не істеу керек?
Қазақстандықтар болашақтағы зейнетақы мөлшерін есептей алады