{metadescription}
ҰБТ-2018: Биылғы тестілеу қалай өтті?

ҰБТ-2018: Биылғы тестілеу қалай өтті?

Тест жауаптарын жаттап алатын оқушыда білім бола ма? Тест жүйесінде қандай кемшілік бар? ҰБТ арқылы білім сапасын қалай қадағалауға болады? ЖОО-на  қабылдауды бөлек өткізген дұрыс па?

ҰБТ-2018.  

Өткен аптада жүз мыңдай мектеп бітіруші мен ата-ана іріктеудің, сұрыптаудың қазанында қайнап шықты. 

«Аптап» бағдарламасына қонаққа шақырылған тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Білімді бағалау ісінде білімнің сапасы керек пе, әлде тазалық керек пе? Осыдан 15 жыл бұрын тест жүйесін енгізген кезде бізге ең алдымен тазалық керек болды. Ал білімнің сапасын қадағалау қалай болмақ?

Бұл екеуі бірінен-бірі ажырағысыз құндылық деп есептеймін. Осыдан мың жыл бұрын әл-Фарабидің айтып кеткен сөзі бар: «Тәрбиесіз берілген білім – қасірет». Қазіргі тестілеу, ҰБТ - білімнің сапасын тексеруге жыл сайын жетіліп, өңделіп, тәжірибені ескеріп, өзінің пәрменділігін арттырып келеді.

Биылғы тестілеудің нәтижесіне өзіңіз де құлақ түріп отырған боларсыз. Биыл даңғаза, айқай-шу болған жоқ деуге болады.

Иә, әзірге жоқ. 

Жылдағыдай емес? Яғни біз тестілеу тәжірибесін тереңірек меңгеріп келеміз бе?

Иә, ол солай. Тестілеу жүйесінің қыр-сырын, осал тұстарын біліп жатырмыз. Оны анықтап, жойып, орнына халықтың ашуын туғызбайтын, талапкердің миын шатастырмайтын жолмен жүріп келе жатырмыз. 

Осыған дейін тестілеу жүйесі арқылы жоғарғы оқу орнына қабылдау мәселесі бір еді.  Енді оған өзгеріс еніп жатыр. ЖОО қабылдау бөлек өткізілетін болды. Осы қаншалықты дұрыс?

Мектептегі тапсырған - мектептегі білімнің өлшемі, ал мына тестіге тапсырғаныңыз  - оқуға түсемін-түспеймін деген талаптың өлшемі. Бұдан балаға зиян болмайды. Демек, бір шаруаны екі рет атқарып отыр. Білетін балаға оның еш қиындығы жоқ.

Ал бірқатар оқу орындарында бұрынғы емтихан жүйесін де енгізіп жатқан көрінеді.

Ол шығармашылық мамандықтар. Мәселен, журналист, суретші, актер, музыкант  деген сияқты. Оларды  емтихан арқылы қабылдаған дұрыс. Тірі адамға қарау керек қой, дауысы бар ма ән салатын? Журналист болғысы келсе қолының қарымы бар ма? Әрине, оларға шығармашылық емтихан  ауадай қажет. Одан бас тарта алмайсыз.

Тестілеу жүйесінің кемшілігі ретінде тағы бір мәселде айтылып жүр: тестке қатысатын балалар жауаптарды жаттап алады , ал ол білім емес дейді.

Иә, жаттау - догмаға, құр механикалық  қайталауға әкеледі. Ал егер оның логикалық, абстрактілік, әдіснамалық  жағы игеріліп жатса,  оқушының шын мағынасында білімі болады.

Бұл біздің тест жүйесіндегі түзетуге тиіс кемшіліктердің біреуі ғой?

Иә, кемшіліктің бірі. Егер тестілеудің сұрақтары жаттауға құрылатын болса, одан пайда көрсмейміз. Тесттің сұрағы, мен жобалап айтайын, үштен екісі – логикалық, үштен бірі, ширегі – жаттауға құрылсын.

Тестілеу сұрақтарын дайындаудың өзіне біздің мамандануымыз керек болғаны ғой?

Міндетті түрде. Мәселен, сіз ол салада қызмет етпейсіз, сізге, айталық, қазақ әдебиетінің оқулығын берсе, оның маманы болмағандықтан сұрақтарды сауатсыз құра бересіз. «Бақытсыз Жамалдың» авторы кім? «Абайдың қара сөзі нешеу?» деп. Ал нағыз маман сол саланың ішіне кіріп тұрып,  баланың ой-өрісін, түсінігін кеңейтетін сұрақтарды алады. Міндетті түрде сол салада қызмет еткен, сол саламен айналысқан маман ғана тест сұрақтарын дайындауы тиіс. Мына өмірдің бәрі сынақ. Сынақсыз ештеңе жоқ. Сол сынақты «сынақ» деп түсіндірмей, біз оны сын-қатерге айналдырып жіберсек, онда бала ауырып та, асылып та қалуы мүмкін. Жылап-сықтау, жүрегі қысылып құлау – осындай жағымсыз жақтарға барады.

Яғни, айтпағыңыз, біз тестілеу жүйесінен еш уақытта бас тарта алмаймыз, ең бастысы тест жүйесін логикаға – ойлау жүйесіне бейімдеуіміз керек.  Алайда оған технология бейімделе ала ма?

Бейімделеді. Өйткені технологияны адам жасап отыр.

Білім жүйесі біздің талаптарымызды қанағаттандырып отыр ма?

Сапалы білім берсек деген бағытымыз - дұрыс. Ал дұрыс бағыт ол тура, дұрыс нысанаға апаратын жол деген сөз емес. Дегенмен ол білімді бұдан да сапалы қылу үшін біз балаға тым көп пән оқытып жібердік, осы жағын азайту керек.

Биылғы тестілеу бұрынғыдан естілеу болды ма? Биылғы тестілеу қалай өткені туралы репортажды мына жерден қараңыз.  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 7-20-25 ИПОТЕКАСЫ: ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАРДЫ ДАЙЫНДАЙ БЕРІҢІЗ
МЕНИНГИТТЕН ҚОРҒАНУ: НЕСІМЕН ҚАУІПТІ, МИКРОБ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ, АЛДЫН АЛУ, ВАКЦИНАЦИЯ ҚАЖЕТ ПЕ?
ЕҢ ЖОҒАРЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
БАЛАСЫ ЖОҚ ҚАЗАҚ НЕ ІСТЕГЕН?

 

 

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде