30 шілде – 5 тамызға арналған жұлдыз-жорамал
Осы апта қандай болмақ? Мені не күтіп тұр? Неден сақтанып, неден аулақ болған жөн? Осы аптада ойлаған істерімді атқара аламын ба? Қандай шаруа тындырамын? Неден сақтанған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы және стролог Александр Ремпельдің жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
30 шілде – 5 тамызға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқтылардың алғанынан бергені көп болады. Осы аптада құтыла алмайтын міндеттер көп. Достарыңыз бен жақындарыңызға қолдау көрсетуге тура келеді. Жүрегіңізге жақын адаммен кездесіп, белгілі бір іс-шараға қатысуыңыз мүмкін. Сонымен қатар іскерлік кездесулер, таихқа сүңгу, маңызды ақпаратпен алмасулар болады. Жақын жердегі таңқалдыратын жерге барып қалуыңыз үмкін. Таныс адамыңыздан тосын сый, жайдарлы сыйлықтар болады. Жұмыста тапжылмай отырып істейтін шаруа көп. Бұл артада мамандығыңызды -згертіп, жаңа қызметке ауыспаңыз. Саяхат - өміріңіздегі ең сәтті кезең болмақ. Тоқтылар үшін бұл аптада әр күн маңызды оқиғаға толы. Жеке өмірде жарқын сәттер болмақ. Жаңа қатынас болса да ғажап емес.
Торпақтарға бұл аптада сенім өте өзекті рөл атқарады. Ұзақ уақыт сеніп жүрген адамыңыздан көңіліңіз қалады. Біреудің әрекетіне қарап өз жоспарларыңызды өзгертуге тура келеді. Барлық салада өзгерістер күтілуде. Кейбір торпаққа жұмысын ауыстыру маңызды болады. Бәлкім жоспарламаған саяхатқа шығып кеткеніңіз дұрыс болар. Сіз ылпалды достарыңыз бен әріптестеріңіздің көмегіне жүгінуіңіз мүмкін. Сөйтіп материалдық жағдайыңызды түзетіп алуыңыз ғажап емес. Баяғыдан жоспарлаған дүниені сатып алу күтілуде. Туыстарыңыздан қолдау күтесіз. Жаныңызға жайлы кездесулер күтіп тұр. Осы апта жаман әдеттерден құтылуға ыңғайлы уақыт. Жеке өмірде қолпаштуға зәру боласыз. Болмаса, іздейсіз. Ал жасы үлкен торпақтар үшін ажырасу мен уақытша жалғыздық күтіп тұр.
Егіздер абыройын жоғалтқан адаммен бірге болмағаны дұрыс. Мазаңызды алатын адамдардан аулақ болыңыз. Осы аптада жалғыз қалып, ойға шомыңыз, біліміңізді жетілдіріп, дәстүр мен тарихқа ден қойыңыз. Бұл аптада жақсы дүниеге ұмтылыңыз. Көңіліңізге жақын дүниеге. Қызметіңізде біршама сәттілік күтіліп тұр. Әріптестеріңіздің алдында беделіңіз өседі. Бір адаммен қатынасыңыз үзіледі, суынып кетесіз . Жанжал да жоқ емес. Тақырыбы ақша жайлы жағымсыз әңгімелер болады. Туысыңыздың біреуіне ақшалай көмек көрсетесіз. Оны жасыруға тырысасыз. Жеке өмірде түсініксіз жәйттер орын алады. Бірақ ешбір маңызды шешім қабылдамаңыз. Жоспарламаған ұзақ жол күтілуде.
Шаяндар ұзақ ойдың нәтижесін енді шығарады. Сөйтіп, сізді ұзақ уақыт мазалаған ойдың шешімін табасыз. Қазір сіздің қолыңызда билік тұр. Жоспарыңызды жүзеге асырасыз, бірақ ешкімнің мүддесін бұзбайсыз. Осы аптада қуанышты кездесулер күтілуде. Дастархан басында отырасыз. сізге сөз беріп, құлақ қойып тыңдайтын болады. Көптеген шаяндар осы аптада сыртқы келбетін өзгертеді. Маңызды құжат туралы ақпарат аласыз. Ол сіздің қоғамдағы орныңызды өзгертуі мүмкін. Жағымды дүние көп. Көбісінің қызметінде мәртебесі өседі. Ұзақ жол жоспарда болса, ол сәтті өтеді. Барлық шығынға бақылау жасайсыз. Жеке өмірде бірінші орынға тұрақтылық шығады.
Арыстандар мүддесіне нұқсан келтірген адамға өз тәуелсіздігін көрсететін болады. Абыройыңыз мықты жерден пайда іздейсіз. Әріптестер арасында шайқас болады. Бәсекелестік көп. Жеңіске деген ынтаның арқасында материалдық жағдайыңыздың мәселесін, заңгерлік сауалдарды шешесіз. Сонымен бірге ресми құжаттарды толтырасыз. Осы аптада сіз қол қоятын маңызды құжаттар көп. Серіктестер табылады. Сіздің өмір салтыңызға үлкен әсері бар үлкен адаммен танысасыз. Сіздің жеке мүддеңіз ақшамен байланысты. Ақшаның соңына түсіп, абыройыңызға нұқсан келуі де мүмкін. Туыстық қатынаста тағдырыңызға ықпалы бар жәйттер бар. Дүниеге бала әкеуіңіз де мүмкін. Сізді, осы аптада ұстау қиын.
Бикештер тап осы сәтте романтикалқ көңілге бой алдырады. Өмірлік тұрмысыңызды жақсартуға ұмтыласыз. Соған деген ұмтылыс басым. Пікірлес адам іздейсіз. Өз пікіріңізбен келісетін адамды іздейтін боласыз. Жоспарыңыз мың құбылады. Творчестволық идея көп болады. Жарқын идеялар көп осы аптада. Сіздің болашаққа деген сенімізге көп адам қызығып, қызғанатын болады. Мақсатыңызға бір қадам жақындайсыз. Тек шығынды азайту керек. Қаржылық мәселе туыстарыңыздың көмегінсіз шешіліп қалуы мүмкін. Соған қарамастан сыйлықтар аласыз. Көптеген бикештер күтпеген жерден ұзақ жолға шығып қалуы мүмкін. Жолда кездескен адамдардан абай болыңыз. Жеке өміріңіздегі адам бақытсыздықтан сақтайды. Бірақ оның шынайы сезімін тану мүмкін емес...
Таразы өзгелердің дұрыс түсінуіне көмектесетін сабырлы қатынас орнатады. Еңбегіңіздің жемісін көретін шақ туды. Бұрынғы тыраштанған жұмыстарыңыз оң нәтиже береді. Айналаңызда жаңа серіктестер, жаңа достар пайда болады. Сіздің қолдауыңызға зәру адамдар бар. Дегенмен жұмысыңызда объективті түрдегі қиындықтар тууы мүмкін. Іскерлік қабілетіңізді төмендетіп жіберетін қиын мерзім туып қалуы да мүмкін. Сол себепті серіктестерден жаңа ақпарат алуға ұмтыласыз. Туыстық қатынас брінші орынға шығады. Алыс туысыңыздың біреуі сізден көмек сұрайды. Отбасыңыз толығады. Үйлену тойына барасыз. Үйде жөндеу жұмыстары күтілуде. Күн тәртібіне көшу мәселесі қойылады. Жеке өмір сол баяғыдай өзгеріссіз.
Сарышаяндар миын өзгенің ойынан тазартады. Өздігімен өмір сүру үшін бір уақ жалғыз отырып пайымдауға уақыт туады. Жұмыста ден қойып, назар аударып, ықылас қойып тыңдап, әрекет ететін шақ туды. Түсіп жатқан ақпаратты бар зейінімен тыңдап, еркін қабылдауға ұмтылады. Тез сену сіз үшін емес. Сіз, жалпы, күдігі мол адамсыз. Сіздің қасиетіңіз сол, қиын сәтте салмақты шешім қабылдауға бейімсіз. Айналаңыздағы адамдар сіздің талабыңыз көп деп ойлауы мүмкін. Жолға шығып, шығынға батасыз. Өзіңізге қымбат адамға сыйлық жасайсыз. Алыстан досыңыз келеді. Келбетіңізді жақсартып, өзіңізді қоғам алдында қалай көрінемін деген сұраққа жауап іздейсіз. Шаш қиып, жаңа киім алып, небір дүние сатып аласыз. Маңызды өзгерістер болуы мүмкін.
Мергендер көкжиекте қылаң берген мүмкіндікті уысынан шығарып алмауға тырысатын болады. Әріптестеріңізден бір қадам алға жылдам шығып, басты нәрсені олардан бұрын істеп көзге түсесіз. Сіз әрдайым мақсатқа жетесіз. Көздеген мақсатқа. Біліміңізді жетілдіресіз. Айналаңыздағы адамдар сізді жұлдызы оңынан туған адам деп ойлайды. Ал шындығында сіз сол үшін едәуір еңбектенесіз. Тер төгесіз. Ескі мұрағаттағы дүниелерді тазартасыз. Реттейсіз. Сол кезде өзіңізге маңызды құжатты тауып аласыз. Оны сіз жоғалттым деп ойлағансыз. Күтпеген жерден ақша түседі. Бұрынғы досыңыздан сыйлық аласыз. Маңызды мәселені шешу күтілуде. Туысыңыз сізден көмек күтетін болады. Жеке өмірде серігіңіздің пікірін қолдауға тура келеді. Оның көзқарасымен келісесіз. Дегенмен араларыңыз қашық болады.
Тауешкілерді алдап сан соғу қаупі бар. Жұрт алдына шығуға асықпаңыз. Ықпалы бар досыңызды қорғаймын деп қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Ол басты ісіңізге кедергі келтіреді. Жанжал орын алады. Соған қарамастан, басқа адамдарға қаржылық жағынан ықпал ете аласыз. Келісім-шарттарға отыруда сәттіліктер күтіліп тұр. Жылжымайтын мүлік мәселесі шешіледі. Бұл мәселеде ер адам көмекке келеді. Алыстағы адамға көмек бересіз. Жақын адаммен бірақ уақытқа ажырасуға тура келеді. Сезіміңіз бақылауда бомақ. Тіпті оны тоқтату керек пе деген ой да мазалайды. Сіз осы аптада өзгерістерге дайынсыз.
Суқұйғыштар осы аптада білегін сыбанып ашық әрекетке көшеді. Бір бұрышта жеке мүдде болса, екінші жақта - мақсаттар. Сіздің өміріңізге ықпалы бар адамға дұрыс ұстаным қабылдауға тырысасыз. Кейде сезіміңіз айтқан сөздеріңізге сай келмейді. Бұл дұрыс түсінбеді деуге жеткізеді. Қабырғамен ақылдасқан дұрыс. бой. Жұмысқа құлшыныспен кірісіңіз. Қазір бар күш-жігеріңізді дұрыс бағытқа арнаңыз. Ол ұстанымыңызды бекіттіріп, материалдық жағдайыңызды түзеп береді. Нәтижесінде сенім пайда болады. Оның тигізері мол. Бірақ күшіңізді алдағы мақсатты орындауға ұмтылыңыз! Жақсы көретін досыңызбен жолға шығып кетіңіз мүмкін. Қысқа демалыс күтілуде. Тоцға шақырады. Дастархан басындағы жаймашуақ әңгімелер болады. Жеке өмір мәселесі күрделірек.
Балықтар өзін әлсіз сезінеді. Бірақ ұрсысуға бармаңыз. Көп жұмыс істеуге тура келеді. Көбісі қыдырыстан абдырап кетеді. Қасыңыздағы адам көшу керек деп ұсыныс жасайды. Соған қарамастан сізді үлкен сыйлықтар күтіп тұр. Тағдырыңызға әсер ететін кездесу күтілуде. Өзіңізге қымбат адамыңыздан шабыт келеді. Ол сізді қоштап-қолпаштайды. Творчестволық қабілетіңіз осы жолы оянады. Жеке өмірде парасаттан көрі сезімге бой алдырасыз.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы