{metadescription}
Қазақстандағы ең үздік 50 туристік орын

Қазақстандағы ең үздік 50 туристік орын

Мәдениет министрлігі Қазақстанның әр өңірінен ең үздік 50 туристік орынды атады. Сіздің туған жеріңіз туристік орынға кіре ме? Ендеше қарап көрейік.

  

 Астанадағы нысандарға, сондай-ақ,  Медициналық кластер, Білім беру кластері, Бейбітшілік және келісім сарайы мен басқа да нысандар енгізілді. 

Шілде айында Ақмола облысындағы Шучьедегі шаңғы трамплинін ашуға барған Елбасы Бурабайдың кемшін тұсын айтып өткен. "Бурабай ауылының ішін, жағажайдың бәрін жөндеу керек. Жұрт қыдыратын жерболса, ол әкімшіліктің қарауында болуы керек. Бұған экономикамыздың бір саласы, өндіріс секілді қарауымыз керек" - деген болатын.    

Алматының бірқатар мәдени нысандары да кіреді. Айтпақшы, айта кетсек, АҚШ-та алғаш рет туристік пакетке Қазақстан бағыты қосылды.  Алматы - Қазақстанның басты туристік аймағы болып саналады. Кез келген екі туристің біреуі сапарын Алматыдан бастайды. Алматыға келетін туристердің саны жыл сайын 20% артып келеді. 2015 жылы қала қонақүйлері мен хостелдері 721 мың туристі қабылдаған. 2016 жылы - 793 мың, 2017 жылы - 969 мың туристі жайлаған. Және де әлем туристері «Заманауи Жібек жолы» бағытында сапарлай алады. Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер - Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Түркия «Заманауи Жібек жолы» туристік пакетін әзірлеп жатыр. Бірлескен туристік өнім әлем туристерінің Жібек жолы елдерін тиімді аралауына мүмкіндік бермек. 



Алматы облысына «Happyland» паркі де кіреді.

Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени туризм бағытындағы нысандар да енгізілген. 

 Ал қазақстандықтар қай жерде демалғанды қалайды? Елімізде жылдың төрт мезгілінде де демалатын көрікті жерлер көп. Дегенмен туризм саласының мамандары берген ақпаратқа сенсек, жаз келгелі шетелге асыққан отандастарымыздың саны екі есеге артқан.
«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев Орталық Азия өңірінің жарнамасын көбейтуді ұсынып отыр.  

«Туризм саласында Қазақстан өте маңызды жобаларды ұсына алады. Бір ғана Алтай - барлық түркі халықтарының тарихи отаны болып саналады. Жақында Тарбағатайдан тағы бір Алтын адам табылды. Біздің дәуірімізге дейінгі 8-7 ғасырларға тиесілі бұл қазбадан 10 мыңға жуық алтын әшекейлер табылды. Бұл - әлемдік маңызы бар жаңалық. Екінші қызықты бағыт - Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан аймағы. Барша түркі халқы тәу ететін Түркістан қаласының өңір астанасы атануы да туризмге ерекше қолдау болып отыр. Одан бөлек, Сырдария маңындағы далада түркілердің Алтайдан кейінгі екінші астанасы - Янгикент қалашығы бар», - деді Тимур Дүйсенғалиев.

Айта кетсек, еліміздің ТОП-10 туристік орындарына кіретін Алакөлге келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. Алакөлдің суында адамның буын аурулары, тері аурулары, қан айналымы жүйесіне, тб. пайдасы зор радон көрсеткішінің жоғары екені ғылыми түрде дәлелденді.Бұл жерде Елбасының өзі болып, Алакөл адамдар өзі іздеп келіп, демалатын үлкен туристік орынға айналуы тиіс деген еді. Биыл жазда мұнда «Alakol-2018» фестивалін ұйымдастырылды. Отандық жетекші режиссерлар жиналып, алғашқы халықаралық конкурстың бағдарламасын әзірлеуде. Ал дал-дұлы шыққан Алматыдан Алакөлге апаратын Өскемен тас жолы үш жылда жөнделеді деп сендіріп отыр. 

Негізгі ондыққа кіретін Балқаш көліне туристердің қызықпауына не себеп? Оны мына жерден қараңыз. 

 Биыл, 2018 жылы жазда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздің барлық туристік аймағын дамытуға  тапсырма берді.  Әсіресе, Баянауыл, Шарын шатқалы мен Балхаш және Алакөл шетелдің курорттық аймақтарынан кем түспейді дейді президент. Сондықтан мұнда келетін  шетелдіктердің санын арттыру үшін Үкімет шұғыл түрде  кешенді жоспар құруы тиіс. Әрі Елбасы туризге ауылшаруашылығына бөлінгендей, мол субсидия берілетінін  айтып отыр. Бұл кенже қалған саланың дамуына қарқын береді деген үміт бар.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ТОП-10: ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ ТУРИСТІК ОРЫНДАРЫ

ШЕТЕЛГЕ САПАРЛАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ҚАЖЕТТІ МӘЛІМЕТ 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.