13 – 19 тамызға арналған жұлдыз-жорамал
Бұл аптада қандай оқиға күтіп тұр? Жоспарлаған істерімді бітіре аламын ба? Қандай жаңалықтар болады? Ойлаған дүнием орындала ма? Неден сақтанған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 13- 19 тамызға арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
13 – 19 тамызға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқтылар досым деп атағысы келетін адамның ықыласына кенелгісі келеді. Бұл аптада бағалы құндылықтарды реттеудің сәті түседі. Соны ұйымдастыруға ұмтыласыз. Айналаңызда болып жатқан ұсақ-түйек сізге осы жолы маңызды болып көренеді. Осы аптада тоқтылардың көбісі жаңа қадам жасап, жаңа деңгейге шығады. Бұл мерзім мәнсабыңызды өсіруге қолайлы. Бойдақ тоқтылар мықты қарым-қатынасқа сай адамын табады. Бірақ оны шынайы махаббат деу қиын. Қуанышқа толы дастахан күтілуде. Туыстарыңыздың арасында той болады. Сыйлық да көп болмақ. Тұрмыстық мәселе де шешімін табады. Жихаз ауыстырып, болмаса басқа жерге көшуіңіз мүмкін. Қысқа сапар күтілуде.
Торпақтар делдал ретінде, адамдар арасындағы ынтымақтастықты орнатуға күш салады. Қасыңызда әрдайым түсінік пен қолдау қажет туыс, достар болады. Кейде басқа адамдардың қиындықтары сізге өзіңіздің бизнесіңізді жасауға мүмкіндік бермей, мазаңызды алады. Жұмыс істегеннің арқасында басқа проблемалардан алыстап, мазаңызды алғандардан жұмысбастылығыңыз құтқарып қалады. Бірақ көбінесе жабырқаңқы көңіл-күйде болып, небір ұсақ-түйек мазасыздықтар кедергі болады. Өзгенің міндеттері сізге жауапкершілік жүктейді. Осының салдарынан өмірдегі мақсаттарыңызға жету жолында бөгет пайда болады. бірақ тап осы аптада материалдық жағдайыңыз тұрақталады. Ақша бірнеше жерден келеді. Әлеуметтік қиын мәселені ресми тұрға шешуге көмектеседі. Бәрі ойдағыдай шешімін табады. Жеке өмірде серігіңізге сенімсіздік туады. Тыс жерден сізге деген ықылас көңіліңізді аулайды.
Егіздер осы аптада ешкіммен араласпай, жақын қарым-қатынастан аулақ болады. Осы аптада біреудің жанжалына, ұрысына себепші болып қалуыңыз мүмкін. Тек жақындарыңызбен емес, тіпті әріптестеріңіздің арасында да түсінбеушілікке әкеп соқтыратын оқиға болуы мүмкін. Қоғамдық орындарда сабырлық сақтаңыз. Әсересе көлікте (ұшақта, пойызда) тырғанда. Жұмыста сіздің сыртқы келбетіңізді, мінез-құлқыңызды сынауы мүмкін. Айналаңыздағы адамдардың көзқарасына қарсы шығу қиынға соғады. Ешкіммен дауласып бас қатырмаңыз. Ондай жағдайда істейтін жалғыз амал: қысылтаяң шақта сізге көмек көрсеткен адамдарыңыз болса, солардан қолдау іздеңіз. Жаңа таныстардан көңіліңіз қалады. Жақында ғана шаттандырған махаббат енді жалған боп шығады. Ал қаржы жағынан осы аптада жетістіктер бар. Пайдалы табыс та бар. Үйіңізге қонақтар келеді. Осы аптадағы жол сапары қатты шаршатқанымен, пайдасы болады.
Шаяндар өзі құрған жоспарымен жүруге тырысады. Сізге барлық салада тұрақтылық қажет. Күтпеген тосын жағдайлар ашуландырып, жүйкеңізге ісер етуі мүмкін. Осы аптада күтпеген кездесулер күтіліп тұр. Сізбен араласқысы келетін адамдармен кездесулер болады. Ол сіздің жоспарыңызда болмаған. Басқаға қарағанда сіздің қолыңыздан келетін көмекті достарыңыз тек сізден күтетін болады. Аянбай жәрдем бересіз. Бұрынғы әдетіңізге басасыз. Осы аптада шығармашылыққа шабыт келіп, келешекке жарқын көзқарас пайда болады. Танымал адамдармен бірге жұмыс жасап қалуыңыз да мүмкін. Өзекті мәселе: көп қимыл қажет ететін жұмыстар, спорттық шаралар, таза ауада жұмыс істеу. Көптеген шаяндар осы аптада бірдеме ұтып алады, сыйлық, марапатқа ие болады, материалдық тұрғыда ұтысқа ие болады. Жақын досыңызбен сапарға шығып қалуыңыз да мүмкін. Отбасы ортасында дастархан күтілуде.
Арыстандар бұл жолы тасада қалып, берекесін кетірмейтіндей жағдай жасайды. Өзіңізге жауапкершілік алмауға бекінесіз. Маңызды шешім қабылдаудан да бас тартасыз. Осы аптада жұмыстағы маңызды істерді айлаңызды асырып өзгенің мойнына іле саласыз. Сөйтіп қиындықтан да, жауапкершіліктен де құтылып кетесіз. Сеніміңізді жоғалтпау үшін сізге үйде де, жұмыста да тыныштық керек. Сіздің мүддеңіз өзгенің мүддесінен үстем болуы үшін іскерлік ынтымақтастықтың қағидаттарын өзгертуге тура келеді. Сөйтіп ойлаған дүниені іске асырып қалуыңыз ықтимал. Техникалық мақсатта сапарға шығуыңыз мүмкін. Ресми тұлғалармен кездесулер күтілуде. Келісім-шарттарға қол қоюыңыз мүмкін. Маңызды құжатқа қол жеткізесіз. Осы аптада өзіңізге назар аударғыңыз келеді, соған ынтық боласыз. Қарым-қатынасыңызды үзген досыңызды сағынасыз, оны қайтарып алғыңыз келеді. Ақша жоғалтуыңыз мүмкін.
Бикештер ақылауда ұстаған жағдайды уысынан шығарады. Жылдам дамып жатқан оқиға сіздің зәреңізді ұшырады. Өмірдің ағынына ілесе алмай, содан қапы боласыз. Беделді досыңыздан қолдау іздейсіз. Осы аптада ашық әңгіме айтып, үміт артатын бағдар беретін адам іздейсіз. Өзгенің кеңестері мақсатыңызға апаратын жолды қысқартады. Алыстан күтпеген жаңалық келеді. Белгісіз біреу сіздің дегбіріңізді қашырады. Сондықтан жоспарларыңыз бен міндеттеріңізді өзгертесіз. Ылғи да бірдемені жоғалтып аламын деп қапа боласыз. Өмір неткен әділетсіз деп күйінесіз. Таныстарыңыздың арасында жаңа адам пайда болады. Сіз соған ұмтыласыз. пана іздейсіз. Бірақ өзіңіз көмекті аз беріп, өзгеден көп күтетін адамсыз. Сол себепті жолыңызда бөгеттер көп-ақ. Үлкен зат сатып аласыз. Жақын досыңыз сыйлық жасайды.
Таразылар өз жоспарынан тыс жұмыстарға ден қояды. Өзгенің пікіріне құлақ асуға тура келеді. Жұмыстағы кадрлық саясатқа араласады. Өзіңізге артылған жауапкершілікті сезесіз. Өзге адамдарды қорғап, ұжымда және пікірлес адамдардың мүддесін қорғауға тура келеді. Әрдайым басты назарда сіздің творчестволық мүддеңіз тұратын болады. Маңызды құжат алу үшін біраз қиындықтардан өтесіз. Сізді салтанатты кешке шақырып қалуы мүмкін. Ол күдік тудырады. Үлкен аудитория алдында сөйлейсіз. Сізге сын айтылыуы да мүмкін. Бұл апта ішкі күйзеніске толы. Ақша сіз үшін бұрынғыдай маңызды болмайды (бұл аптада).
Сарышаяндар осы аптада кәсіпкерлік ортада және біліктілер арасында өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете алады. Досыңыз немесе әріптесіңізге қамқорлық танытып, кеңес бересіз. Сонымен қатар жаңа білім алуға ұмтыласыз. Өзіңізге тәлімгер іздейсіз. жақын араласатын адамдарыңыздың өмірі қандай болса, сізде де сондай болады. айырмашылығы сол, әркім өз өмірін өзінше бағалайды. матриалдық жағдай бірінші орынға шығады. жалпы, ақша мәселесі әрдайым өзекті болады. Жеке басыңызға тән табандылықтың арқасында және бәсекелестікке құмарлығыңыздың арқасында жетістіктер болуы мүмкін. Алыс жақтан немесе шетелден шақыру келуі мүмкін. Алыс сапар да күтілуде. Жеке өмірде бәрі жаңарады. Бұрынғыдай көзқарас болмайды.
Мергендер Мергендер осыдан екі апта бұрынғы мәселеге қайта оралады. Эмоцияға беріліп кетуіңіз ықтимал. бірақ өзіңізді қолыңызға алыңыз. Оған тәжірибеңіз жеткілікті. Ішкі түйсіңізгіңізге сенсеңіз, жеңіп шығасыз. Жақын досыңызбен жанжалдасып қауыңыз мүмкін. Осы аптада келісімдер, сапарлар көп-ақ. Тұрмыстағы өзекті мәселе де мазалайды. Туыстарыңызбен белсенді қатынастар күтілуде. Жақын адамдарыңызбен бір дастарханда отырасыз. Қаржы мәселесі тұрақты емес. Бойдақ мергендер бұл аптада үлкен өзгерістерге тап болады. Күтпеген жерден. Ол - махаббат...
Тауешкілер әріптестері мен достарына ашыла қоймайды бұл аптада. Кейде тіпті еш нәрсеге құлқысы соқпайтындай әсерде болады. Бірақ әр жаңалықты назарыңызда жіті ұстайсыз. Сіздің мінезіңіз аңға шыққандай әсер береді. Жұмыста бәрінен озық боласыз. Ақша жағынан да алға шығасыз. Егер кімде-кімнің жалақысына ақша қосылса, ол тек сіз ғана боласыз. Тауешкі-кәсіпкерлердің осы аптада жұмысы жақсы жүреді. Достарыңыздың жеке өміріне қатысты маңызды ақпарат аласыз. Өзгенің құпиясын естуге мәжбүр боп, тіпті пікір айтасыз. Сіздің көмегіңіздің арқасында өзге біреу жамандығынан құтылады. Ағаларыңызбен (қарындас, әпкеңізбен) жақсы қатынас орнайды. Алыс жақтан келген туысқаныңызбен кездесесіз. Жоспарда болмаған сапар күтілуде. Күн тәртібінде жылжымайтын мүлік мәселесі өзекті болып тұр.
Суқұйғыштар өзіне ойлап тауып алған мәселесіне қатты сенеді. Үмтсіз шайтан демекші, ішкі түйсігіңіздің арқасында сәттілікке қол жеткізесіз. Шынайылығы жоқ дүниені алдын ала болжайсыз. Нақты қадам жасау үшін творчестволық батылдық жетіңкіремейді. Өзіңіз сенім артқан досыңыздан көмек күтесіз. Сол адамның қолодауы сіз үшін маңызды рөл атқарады. Бірақ тап осы аптада өз тәжірибеңізге сүйенуге тура келеді. Өзгеге сенбейтін әдетіңіз қателікке ұрындыруы мүмкін. Жалғыз отырып өз қажеттілігіңізді пайымдайсыз. Қанша дегенмен тек өзіңізге сенген де жақсы. Материалдық жағдай жақсарады. Отбасыңыздағы кіші мүшелермен қатынас жылиды. Мақтау мен мадақтау жеке өміріңіздің орнын басады.
Балықтар арманына бір табан жақындайды. Бүгінгі күнмен салыстырғандағы ең жақсы күніңізге қайта оралғыңыз келеді, оған мүмкіндіктер туады. Өміріңізді жаңа парақтан бастағыңыз келеді. Ол үшін қажетті нәрсенің бәрі бар қазір. Энергетикалық әлеуетіңіз мол. Мақсатыңызға талпыныс та бар. Жұмыста және жеке өмірде үлкен өзгерістер күтілуде. Сізге деген қажеттілік рух береді. Әлемге құшағыңызды ашасыз. Жұмыста пайдалы адамдармен кездесу күтілуде. Жаңа әріптестер пайда болады. Көбісі өзіне ылайықты жұмыс тауып алады. Баяғыдан бері таңдауын жасай алмай жүргендер осы аптада өзіне жұмыс табады. Қандай жағдай болмасын, бұл апта сіз үшін сәтті болмақ. Үлкен қомақты ақша аласыз. Мұрагерлікке ие болуыңыз мүмкін. Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңа үй сатып алу мәселесіне қайта ораласыз.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы