{metadescription}
Түрік әйелі неге сонша мұңайды?

Түрік әйелі неге сонша мұңайды?

Кейбір жасы келген адамнан өмірі жайлы сұрасаң, «ее, не айтам, қызық ештемесі жоқ, оқыдық, үйлендік, ешкімнен кем болмасын деп бала-шағамызды асырадық, жеткіздік, ел қатарлы - біреуден ілгері, біреуден кейін тұрып жатырмыз...» деуден аса алмайды.

Бәлкім өмір соқпағындағы ірілі-ұсақты оқиғаларға мән бермеген болар. Бәлкім жағымсыз дүниесін қайта есіне алғысы келмей, бағыма көз тимесін деп ойлайтын шығар. Тәубасына келген пенде тәңір разылығын ескеріп басынан өткерген қиындығын да, қуанышын да ішіне бүгіп ұстайтын болар.

 «Өмір» атты соқпақ жолдың бойымен бірқалыпты жүрген адам бар ма? Сол соқпақта шаңға көміліп, аударылып-төңкеріліп, тағдырдың тәлкегіне ұшырағанды кім және не жебеп-желейді? Адамның тумысынан бойына дарыған қандай қасиеті қиындыққа шыдас бере алады?

Мына бір оқиға естен кетпейді. Түрік әйелінің басынан өткен. Төрт баласымен жесір қалған. Өз баспаналары жоқ.  Жоқшылықтан көзін ашпады. Тиген күйеуі қатыгез болды. Қылмыстық іспен айналысып жүріп қаза тапты. Артынан бір ұл мен үш қызы қалды. Үзілген үмітін талшық ететін қанатсыз құстардай.

Тұрақты жұмысы болмай, әркімнің суымен кіріп, күлімен шығып нәпақасын тауып жүрген әйелдің бір күні түн жамыла...

Сұмдық оқиғаның куәсі болды. Әйел өзіне тән құдай берген қасиетінің арқасында ойланбастан әрекет жасады.

Қандай әрекет? Әрекетінің түп-тамырында мейірімділік, жанашырлық, адами қасиет жатты. Адам баласы қауіп-қатер төнгенде, қысылтаяң кезеңде, ойлануға мұршасы болмағанда ойланбай жасайтын ісі – туа біткен, жаратылысына тән қасиетінен туындайды дейді.

Сол түнде болған оқиға әйелдің шырағын жақты. Бірақ басына қонатын бағын кім алдын ала білсін? Оны алақанына жайып көз алдыңа ешкім елестетпейді, алдыңа жетелеп әкеліп бермейді. Оған жету үшін де талай сүрінесің. Қарапайым әйел талай таңдаудың алдында тұрды: жақсы қызмет – балаларынан бас тарту, хан сарайындай үй – қаңғыған балалары, даңқ – ұлының қарсылығы.

Әйелге сенімсіздік пен өзгерістен қорқыныш туды. Бұны жеңу үшін өзімді қалай сезінемін, қандай мүмкіндіктерге жол ашылады, соған басы қатты.  

Көбіне бір жақсыны қабылдау үшін басқа бірдеңеден бас тартуға мәжбүр боламыз. Шешімі бақытты етсе де, оның есесіне басқа төлеу болатыны да бар.  

Түрік әйелінің бақытты өмірге қол жеткізу жолындағы ерік-жігерін кино қып түсіруге болады. Түсірді де. «Мұңайма, Нефисе» деп атады. Бірақ оқиға драма жанрында өрілген.  Адалдықтан гөрі, сатқындықпен жиі беттескен жағдайы жүрегіңді сыздатады.

Бұл киноны қазақшаға дубляждаған актер Дархан Сүлеймен былай дейді:

"Нефисе өмірден көп теперіш көрген жан. Өмірінің басым бөлігі мұңмен өткен. Мұңаю — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз оқиғалары мен жүзеге аспаған сәтсіз істері жайындағы дәрменсіз ойы емес пе. Мұндай жағдай адамның тынышын алады, ойын бөліп, қиялын сан-саққа жүгіртуі мүмкін. «Мұңайма, Нефиседе» бізге, қазаққа ұқсас тұстары көп-ақ. Мұсылман болғандықтан, түркітілдес халқының киносы бізге, әрине жақын. Көршілерінің адамның сыртынан айтқан пыш-пыш әңгімелері, «анау деген бүйтіпті, сүйтіпті» деген сәттері, сосын түрік еркектерінің намысшылдығы бізге жақын. Актерлердің шынайы ойыны, шеберлігіне тәнті болам. Өзім актер болғандықтан, біз ондай деңгейге жеттік пе, білмеймін. Олардың қабілеттілігі қатты ұнайды. Біз монолог қып түсіндіретін нәрсені олар көз қарасымен бере салады. Түрік киносын дубляждаған маған жеңілірек, өйткені түрік сериалдары жаныма жақын".   

Үзілген үмітін талшық еткен қанатсыз құстар... Құс қанатынан айырылса да, өмірге бейімделе алады. Көкке самғай алмай алмаса да, қиындықты еңсеріп жерде шарықтайды.

Енді мына сауалдарға жауап іздеп көріңіз:

Жақының айтқан ақылға ішкі түйсігіңіз келіспесе, қандай шешім қабылдайсыз?

Балаларыңның келешегіне бола жақын адамыңнан бас тарта аласыз ба?

Өміріңде айналыспаған, бірақ бақытың үшін келіскен істе сені күлкі етіп, мазақ қылса, сол істен бас тартасыз ба?

Бала-шағаңның қамына бола шалқып өмір сүр, бірақ туған балаң өзгеге тәуелді болсын десе, қандай шешім қабылдайсыз?

Осы сұрақтың жауабын әр дүйсенбі мен жұма аралығында КТК арнасынан «Мұңайма, Нефисе» сериалынан табасыз.

Қанатсыз құстар да өмір сүре алады. Көкке  самғамаса да, жердегі өмірге бейімделеді. «Мұңайма, Нефисе» - үміт сыйлайтын, сеніміңізді нығайтатын сериал.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде