{metadescription}
Жаңа оқу жылы: Жұмыс дәптері. Электронды оқулық. Планшет

Жаңа оқу жылы: Жұмыс дәптері. Электронды оқулық. Планшет

Оқушыларға міндетті түрде жұмыс дәптерін сатып алу керек пе? Жаңа оқулықтар электронды нұсқада қолжетімді бола ма? Оқулықтар уақытында жетпесе, планшет ұстауға бола ма?

Оқушыларға міндетті түрде жұмыс дәптерін сатып алу керек пе?

ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы xатында жұмыс дәптерін қолдануға қатысты толық нұсқаулық дайындаған болатын. Бірақ барлық мектептерде оны қолданып жатқан жоқ. Жақында болған тамыз конференциясында осы мәселе тағы көтеріліп, жұмыс дәптерін міндеттемеуді барлық мұғалімдерге жеткізілді.  

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов:

«Жұмыс дәптерін пайдалану міндетті шара емес. Сондықтан ата-аналарды оны сатып алуға міндеттеуге болмайды. Бұл - қосымша материал. Сондықтан оны сатып алу, я сатып алмау - әрбір адамның өз еркі. Сатып аламын десе, қолдануға болады. Бірақ біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Жұмыс дәптері міндетті материал емес. Біреулер оны сатып алуға міндеттесе, біз тиісті шараларды қолданамыз. Себебі жұмыс дәптерін талап ету заңсыз».

Жұмыс дәптерінен бөлек xрестоматия да болады. Кейбір сыныптарда басқа да материалдар бар. Бұның барлығын ата-аналар өз еркімен алады. Мәселен, мектеп оқушыларының сөмкелері ауыр. Себебі,оқулықпен бірге жұмыс дәптері де сатылады. Ондай дәптерлер кей кезде оқулықпен бірдей болады.

Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым вице-министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс дәптерлері бойынша бірыңғай талаптарды әзірлеп жатыр. Әйтпесе, кейбір дәптерлердің салмағы кітаптан да ауыр.

Жаңа оқулықтар электронды нұсқада қолжетімді бола ма?

Әрбір төрт жылда кітаптарда қайта басып шығару не үшін керек деген сауал жиі қойылады. Осы мәселені БҒМ шешкен тәрізді. Қазір мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт елеулі түрде өзгерген кезде ғана кітаптар басылып шығады. Егер ол өзгермесе, онда қайта басылмауы тиіс.

Басылып шығатын  әрбір оқулыққа электронды нұсқасы ұсынылады. 2018 жылы 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары міндетті түрде электронды түрімен толықтырылады.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов:

«Ата-аналар QR-код арқылы планшетке немесе смартфонына оқулықты емін-еркін көшіріп алады. Бұдан бөлек ол оқулықтың авторлары ретінде авторлық ұжымдар ғана шыға алатынын жеткізді. Оның құрамына жоғары мектептің өкілдері, мектеп мұғалімдері және әдіскерлер кіруі тиіс. Осы орайда авторлық ұжымдарды қалыптастырудағы жаңа қадамдар оқулықтарға оңтайлы әсер етеді».

Оқулықтар уақытында жетпесе, планшет ұстауға бола?

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектептерде  3-ші, 6-шы және 8-ші сынып оқушылары жаңартылған мазмұндағы білімге көшеді.  

Жаңартылған мазмұн үшін су жаңа оқулықтар да басылды. Былтырдан бері 1-ші, 2-ші, 5-ші және 7-ші сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша білім ала бастаған.

Негізі, оқулықтарды жеткізу - әкімдіктердің жауапкершілігіне жататын мәселе. Облыстар кітаптарды жеткізу бойынша көлік компанияларымен келісімшарттарды рәсімдеді.

Мектеп оқулықтары уақытында жеткізілмесе, жаңа оқулықтарды QR-код арқылы жүктеп алуға мүмкіндік бар. Ол кітаптардың электронды нұсқасын қазан айында ғаламторға жүктеу жоспарланған. Сол кезде оқулықты алмай-ақ, мектепке планшетті ұстап келуге болады. Дегенмен, мектеп оқушыларының барлығы бірдей планшет ұстай алмайтыны белгілі.

Бүгінде мектепке планшетпен келуге тыйым салынбаған. Дегенмен, оның бәрі мектептің ішкі ережесімен реттеледі.

«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова: 

«Барлығын мектеп әкімшілігі шешеді. Біз планшетті ұстасын, я ұстамасын деп, ешкімді міндеттей не шектей алмаймыз. Сосын оқулықтың электронды нұсқасы баланың денсаулығына да кері әсерін тигізуі мүмкін екенін есте ұстаған абзал. Сондықтан ата-аналардың бәрі бірдей планшетпен жұмыс істеуге келіседі деп айта алмаймын. Бұдан бөлек, әрбір отбасының планшет алуға мүмкіндігі де бола бермейді. Қала, ауыл, шағын мектептер бар ғой. Сол себепті планшетті ұстау, я ұстамау - әрбір баланың өз еркі».

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: ОҚУШЫ СӨМКЕСІ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНА ҚАЛАЙ АҚША АУДАРУ КЕРЕК? ФРИЛАНСЕРГЕ НҰСҚАУЛЫҚ

ХАЛҚЫҢ ЖАСАҒАН МӘДЕНИ МҰРАДАН ҚҰРАЛАҚАН ҚАЛМАЙЫН ДЕСЕҢ...
МЕКТЕПТЕГІ БЫЛЫҚ: «БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА МҰҒАЛІМ БОЛУ ҮШІН 2 МЫҢ 200 ДОЛЛАР ӘКЕЛЕСІҢ»
ЕРСАЙЫН ЕРҚОЖА: «ӨЗІНІҢ АТА-ТЕГІН ДҰРЫС ЖАЗА АЛМАЙТЫН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ БАР»
ӘР КҮННІҢ НЕСІБЕСІ БҰЙЫРСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде