{metadescription}
Үйде картоп чипсілерін дайындаудың қарапайым әдісі

Үйде картоп чипсілерін дайындаудың қарапайым әдісі

Осыдан 165 жыл бұрын, яғни 1853 жылы  24 тамызда  америкалық  Джордж Грам (George Crum) алғаш рет картоп чипсиін дайындапты. Мейрамхана келушілерінің бірі қуырылған картоп қабығының аздау күйдірілгеніне өкініш білдіргенін көрген соң, Грам картопты өте жіңішке қылып кесіп қуыруды ойлап шығарған екен.

Егер сіз чипсіні кемінде бір рет жеп көрген болсаңыз:  «Өте дәмді, бірақ зиянды!» дейсіз. Бұл таңқаларлық емес. Дүкенде сатып алынған чипсілерден  іс жүзінде ешқандай пайда жоқ, бірақ зияны жеткілікті. Өйткені картопта крахмалдың көп мөлшері қамтылған. Ол глюкозаға айналып, тез тойдырып жібереді. Өндірісте дайындалған чипсілер өте зиянды. Олар көп мөлшерде маймен қуырылып қана қоймайды, содан кейін натрий глютоматты аямай қосады. Бұл компонент - дәмді күшейткіш, яғни дәмсіз, бірақ кейде біздің гастрономиялық сезімдерімізді күшейтеді. Сол  себептен балалар чипсіні үнемі жегісі кеп тұрады.

Үйде картоп чипсілерін қалай дайындау керек?  

• 500 г картоп;

• 2-2,5 ас қасық.  өсімдік майы;

• тұз және бұрыш (дәміне қарай).

Картопты аршып, салқын сумен жуып, кептіру үшін құрғақ сүлгінің үстіне 30 минутқа қояды.

Табаға май құйып, ысытады. Картопты  дөңгелек пішінде жіңішке (қалыңдығы 2-3 ммм)  етіп турайды.

Картопты табадағы ысытылған майға ғана саламыз. Картоптың әр дөңгелек кесегі бір-бірімен жабыспауы керек. Әйтпесе ол чипсы емес, кәдімгі қуырылған картоп болып шығады.

Қуырылып жатқан картоп алтын түске айналғанда табадан сүзіп алып, қағаз сүлгінің үстіне салады. Үстіне ұсақ тұз, дәмдеуіш себіледі. Чипсі дайын!

Чипсы дәмді тағам. Бірақ дүкенде сатылатын чипсіні пайдалы деу қиын. Егер сипсіге құмар болсаңыз, оны үйде дайындағаныңыз жөн. Картоптың орнына кәді, алма, асқабақ, ірімшік қолдануыңызға болады. Бұнда негізгі қағида - аз дәмдеуіштер мен майлар. 

Ал үйде қуырылған картоп тағамынан бас тартатын адамдар арамызда аз болар. Еліміздің, әсіресе солтүстік өңірінде картоп  басты тағамның бірі екені рас. Алтындай дәмді қуырылған картоп әркімнің тәбетін ашады. Үйде картопты дәмді етіп қуыруды білесіз бе? 

Картопты әртүрлі етіп турауға болады: тілшелеп, бармақтай қып, дөңгелек етіп т.б. Картопты қуыру үшін оның крахмалын азайту керек. Ол үшін картоптың құрамындағы крахмалдың жарты мөлшерін шығару үшін жарты сағаттай салқын суға салып қоямыз. Алып кептіреміз. Сонда қызған майға салғанда  суы шашырамай жылдам қуырылады. Картопты кез келген маймен қуыруға болады: тоң май, іш май, өсімдік майы, т.б. Майдың мөлшері картоптың мөлшеріне байланысты құйылады. Майды табаға қыздырып аламыз. Май қатты қызып кетсе де денсаулыққа зиянды және тағам дәміне де әсер етеді. Май аз болып қалған күннің өзінде картопты қуырып жатқанда үстіне май құймаңыз. Картопты алтын түсті болғанша, яғни сарғайғанша екі жағын қуырып, отын ақырындатып, беті жабық күйде пісіріп аласыз.Тағамның пісу уақыты картоптың санына байланысты. Егер сіз көп картоп қуырсаңыз, ол піскенше біраз уақыт кетеді. Тұз бен дәмдеуіштер салғанда да ескеретін бірнеше қағида бар. Тұзды картоп пісуге жақындағанда салушы болмаңыз. Оны орта тұсында салу керек. Ал дәмдеуіштерді де сөйтуге болады. Егер картопқа пияз, сәбіз, бұрыш секілді көкөністер қосып қуырып жатсаңыз, арнайы дәмдеуіш салмаған жөн.

Асыңыз дәмді болсын! 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗКҮЗГІ НАУҚАН: ЛЕЧО ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ

ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

ҮЙІҢІЗДЕ ЕТ БОЛСЫН, ЕТ БОЛҒАНДА КӨП БОЛСЫН

НЕСИЕ АЛЫП, ҚҰДАЙЫ АС БЕРСЕМ БОЛА МА?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде