{metadescription}
Тұздалған қияр: Кешке жасап, таңертең күртілдетіп жейсіз

Тұздалған қияр: Кешке жасап, таңертең күртілдетіп жейсіз

Тұзы аз қияр дайындаудың бұл әдісін ер адамдар да жасай алады. Өйткені бұл ең қарапайым әдіс. Қысқа сақтамай-ақ, кешке дайындап, таңертең күртілдетіп жей беріңіз. 

Сонымен, тұздығы:

1 литр суға бір төбешігімен толтырылған ас қасық иодталмаған тұз. Бұл тұздықты отқа қойып қайнатамыз. Қайнаған соң тұздықты 5-10 тұра тұрсын. Бұл уақытта біз қиярды дайындап үлгереміз.  

Өзіңізге ыңғайлы кішкене шелек тәрізді ыдыстың (пластмасса да жарайды) түбіне жуылған хош иісті аскөк (жүзім, ақжелкек, қарақат болса да) жапырағын саламыз. 

Жуылған қиярлардың (қиярдың ұсақ болғаны жақсы) екі шетін кесіп ыдысқа салып, арасына және үстіне бірнеше түйір сарымсақ пен қара бұрыш бұршағын қосамыз. Бетін жапырақпен жапқан дұрысырақ. Ыдысқа толтырылған қиярдың үстіне әлгіндегі ыстық тұздықты құямыз. Тұздық қайнатылған, бірақ қайнаған емес - ыстық. Өйткені ол қайнап жатқанда оттан алынып, бес минуттай тұрған болатын. Кішкене шелекке толтырылған қиярдың үстіне ыстық тұздық құйылған соң, қияр бетіне қалқып шығып кетпес үшін бетін тарелкамен басып, үстінен қақпақпен мықтап жауып тастаймыз. Жабық ыдыстағы тұздықтағы қияр салқындаған соң оны тоңазытқышқа қоямыз. Ертеңгі күні тұздалған қиярды ашып жей беруіңізге болады.

Ерекше дәмді, күртілдеген тұзы аз қияр дастарқаныңыздың сәнін келтіріп, тәбетіңізді ашатын болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҮЙДЕ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАТЫН КЕТЧУП
КҮЗГІ НАУҚАН: ЛЕЧО ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ

ҮЙДЕ КАРТОП ЧИПСІЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСІ

ЖҮРЕК ЖАЛҒАЙТЫН ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ 7 ТАҒАМЫ

ҚАЗАҚ ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖЕГЕН БЕ?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.