NEET: Сенделіп босқа жүрген құлықсыз жастар туралы
Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев NEET — білім мен еңбекпен шұғылданбай, белсенді өмір салтынан аулақ жүрген жастарға арнап жол картасын ұсынды. Әлеуметтік желіде жастарды ниетсіздер қатарына жатқызды деп сынағандар да болды. Ал министрдің айтуынша, бұл жоба сенделіп, босқа жүрген құлықсыз жастарды жұмысқа тартудың тиімді тәсілі. "NEET жастар деген ниетсіз, құлықсыз жастар ма? Олар бізде көп пе?
NEET мәселесін КТК арнасы «Аптап» бағдарламасының тілшісі Дәулетхан Жиенқұлов Қоғамдық даму министрлігі Отбасы және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының міндетін атқарушы Асхат Ораловпен бірге тұздықтады.
NEET жастар деген кімдер?
Жалпы NEET біз шығарған категория емес, ол халықаралық аббревиатура. NEET — Not in Empoloyment, Education or Training, яғни не сабақ оқымайтын, не жұмыс істемейтін, не тренингке қатыспайтын жастар категориясы.
Статистикаға сүйенетін болсақ, 2018 жылдың екінші тоқсанында елімізде «NEET жастарға» кіретін 300 мыңнан астам жас — ешқайда тіркелмеген. Қазақстанда жастарға арналған бірқатар бағдарлама бар: Жастар тәжірибесі, Жасыл ел жасақтары , Серпін, Дипломмен — ауылға және т.б.
Ұсынып отырған жобаның міндетін қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым және тағы басқа министрліктер және жергілікті әкімдіктер өздері де атқарып жатыр. Бұл, жаңағы сіз айтқан «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен — ауылға» мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Енді оны (NEET – ред.) жеке жоба ретінде ұсынғаннан гөрі, бар бағдарламаларды жетілдіру керек пе еді? NEET қандай қажеттіліктен туды?
Осындай өзекті мәселе бар, жалпы NEET жастар санатына кіретіндердің көбісі бұны мойындамайды. «Өзіміз жұмыс жасаймыз, өз кәсібіміз бар» дейді. Ақша табады, білімдері бар, бірақ олар ешқайда тіркелмеген.
Яғни, біздің мемлекет үшін экономикалық тиімсіз топ, солай ма?
Әрине! Ол бір жағынан. Екінші жағынан мүмкіндігі шектеулі жастар бар. Шаруашылықпен айналысатын ауыл жастары, кейбір адамдардың топтары бар...
Егер ауыл шаруашылығында олар белгілі бір кәсіппен айналысып жатқан болса, мейлі, мал бағып жүрсе де, онда «NEET жастарға» кірмейді ғой? Олардың экономикалық табысы бар, өзі және мемлекетке де кіріс кіргізіп отырған жастар емес пе?
Мысал ретінде шаруашылығы бар бір отбасын алсақ, 10 адам ресми жұмыс істейді, бірақ 20-сы осы шаруамен жүреді де, ешқайда тіркелмеген. Осындай жастарға бір бағдарлама тарапынан дұрыс әсері тисін деп NEET санатына кіргіземіз. Неге? Көптеген бағдарламалар ауылда жүрген жастарымызды қалаға алып келіп, диплом беріп, колледждерде тегін сабақ оқытады. Біліп алып, ауылға келіп..
Арнайы техникалық білім дейсіз ғой?
Иә, қазір гранттарымыз бар, мемлекет басшысының бастамасына сәйкес 20 мың грант бөлініп жатыр. Жастарымызға бөлгізіп, сапалы білім алғызып...
Сіздер осы жобаны жасар кезде үлкен зерттеу жұмысын үргіздіңіздер. Сонда NEET жастар тообы пайда болды дедіңіз. Енді олардың оқуға құлықсыз емес, оқуға қабілеті жоқ шығар? Сіз айтып отырсыз, 20 мың қосымша грант бөлінді деп, сол грантқа қол жеткізу үшін белгілі бір деңдейде білімі болуы керек мес пе? Онда 20 мың гранттың, сіз айтып отырған 300 мыңға ешқандай қатысы жоқ боп қалады ғой.
Жалпы, қолжетімді, сапалы білім алу өзекті мәселе. Кейбір жастардың оқуға, білім алуға ниеті бар болғанымен, жағдайы, мүмкіндігі жоқ. Соларға сапалы білім беру үшін, шынын айтқанда, осы мәселені терең зерттеу керек.
Сіз айтып отырған жұмыссыз жастарды ғана емес, жалпы елдегі жұмыссыздарды тіркеу бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дегенде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі жақында жаңа жоба ұсынды. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу арқылы тәуелсіз жұмысшы деген статус беріп, белгілі бір деңгейде тіркеуге алды. Сіздердің бастап отырғандарыңыз сол жобаның баламасы сияқты болып, бірін-бірі қайталамай ма?
Жоқ. Біздің жол картамыз — бірінші қадам. Ол 30 тармақтан тұрады. Министрліктің бүкіл ақпаратын алдық, қалай жұмысты күшейту керектігін зерттедік. Сондықтан Жол картасын біз ғана ұйымдастырып іске асырмаймыз, оны 11 министр және 17 жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, әкімшіліктер — 28 мемлекеттік мекеме бірлесіп атқарамыз. Жалпы экономиалық жағынан пайызға қарасақ, ол жастардың 7,7 пайызы. Бірақ бізге оның нақты базасы керек. Сөзбен емес, іспен дәлелдеу. Сол балалармен топ ұйымдастырып, сөйлесіп, ниетін, мақсатын анықтап, жұмыспен, біліммен қамтып, кәсіптік көзқарасы болса, үйретіп, мүмкіндік жасау.
Мен қарап шықтым, он тармақтан тұратын нақты алға қойған индикатор, мақсаттары бар екен. Бірнешеуі жастардың арасында кәсіпкерлікті қолдау, білім алу жобасын ары қарай дамыту, техникалық-арнайы кәсіптік білім алуға ықпалдасу. Бұлардың әрқайсысы мемлекеттік және салалық бағдарламаларда белгіленген. Яғни, NEET жастар соның көшірмесі емес пе?
Жоқ, қайталау емес. Неге десеңіз, мысал ретінде айтайын. Жастар тәжірибесі деген бағдарлама бар — 20 мың адам бір жылдың ішінде қамтылады. Ал біз 300 мың дамды зерттеп, қсымша осы бағдарламаға мүмкін 5 мың грант бөлу керек шығар? Осы бағдарламаны күшейту керк шығар, мысал ретінде? Егер осындай жоспар жасасақ, зерттеу нәтижесін берсе, келесі жылдан бастап Үкіметке аталмыш бағдарламаны күшейту туралы ұсыныс түсіреміз. Демек 20 мың дамды уақытша жұмыспен қамту мәселесі шешіледі.
Осыны жүзеге асыру үшін мемлекет бюджетінен қанша қаражат қажет болады?
Осы 2018 жылдың аяғына дейін жобаны жасауға бір тиын қарастырылмаған. Ал жүзеге асыру үшін сарапшылармен бірлесіп жұмысты ұйымдастыру керек. Қандай категорияда қанша жастар бар?
Жалпы, жүзеге асыруға қанша қаражат қажет болады?
Ол жылдың аяғына дейін бекітіледі. Нақты белгілі болады. Оны қазір айту деген — рас емес әңгіме.
Сіздер Үкіметке барған кезде, мен мынадай жоба ойлап таптым, оны жүзеге асыру үшін мынша қаржы керек деп баруларыңыз керек қой.
Мәселе ақшада емес. Шынын айтқанда, кейбір адамдардың білімі бар, бірақ ынтасы жоқ. Оның ынтасын ояту үшін ешқандай ақша керек емес.
Ақпараттың таразысы «Аптап» сараптау бағдарламасын әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан қараңыз.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЛАДА ӨСКЕН МИНИСТРЛІКТЕГІ ШЕНЕУНІК АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕЙДІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ