{metadescription}
01-07 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

01-07 қазанға арналған жұлдыз-жорамал

Осы аптада мені не күтіп тұр? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 01-07 қазанға арналған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. 

01-07 қазанға арналған жұлдыз-жорамал.

Тоқтылар осы аптада болатын жағдайларға аса тәуелді болмайды. Өзіңізге деген сенімділік, жарқын елешек – осы кезеңдегі әрекеттеріңіздің негізі. Ұзақ күткен доспен, туыспен кездесу секілді маңыцзды оқиғалар күтілуде. Жақын адамдарыңыз басты назарда болмақ. Сұхбаттар, диалогтар, жаңа ақпараттар куә боласыз. Ойларыңыз бен тілектеріңіз көбінесе үймен байланысты. Туыстық қарым-қатынас басымырақ. Бір әйелден жақсы сыйлық күтілуде. Жұмысыңызда әріптестеріңізбен сабырлылық танытыңыз. Мұнда қайшылықтар туындауы, даулы мәселелер болуы мүмкін. Эмоцияларды шектеуіңіз керек, себебі өзіңіз айтқан сөзден зардап шегуіңіз мүмкін.  Ештемеге араласпай, кіріспеген оңтайлы болмақ. Жеке өмірінде жаңа хобби пайда болуы мүмкін. Әсіресе ол ерлерге қатысты. Қаржы мәселесі алаңдатады.

Торпақтар қиын жағдайға тап болады, өйткені таңдау алдында тұрады. Бұл көбінесе жеке қарым-қатынастарға немесе жұмыс кезінде қатынастарға қатысты. Серіктес немесе қызметкерлердің біреуінің қысымына кезігуі мүмкін. Жасы келген туысқандарыңызбен қарама-қайшылық тууы мүмкін. Бұл аптада көз майыңызды тауыспаңыз. Осы аптада дене қиымылы, белсенділік көп. Көп қимылдап, серуенге шығасыз. Достармен қарым-қатынаста қысқа кідіріс бар. Бәрі сені әдейі ұмытып кеткендей сезімде боласыз. Қоңыраулар аз, ешкім қонаққа да келмейді. Бұл мұды ойларға себеп болады. Қолайлы саяхат, қалааралық сапар күтілуде. Кәсіби жұмыспен қамту туралы жаңа идеяны қамтисыз. Кішігірім нәрселерге назар аударып, не болып жатқанын сұрастырумен боласыз. Сол мәліметтерді салыстыра отырып, күдік туады. Ақшаға қатысты мәселеде бейтаныс адамдар көмектеседі. 

Егіздерде жақындарына қатысты аздап ұмытшақтық бар. Жеке өмірде бәлендей өзгеріс болмаса да, айналаңыздағы адамдарға себептен-себепсіз көзқарасыңызды өзгертесіз. Жақында біреуге ант етіп берген уәдеңізді естен шығармаңыз. Берген уәдеңізден айнып қалуыңыз мүмкін. Алайда жалқаулығын жеңген егіздерді сәттілік күтіп тұр. Демеуші тарапынан көмек көрсетіледі. Сіз оған алдын ала дайындаласыз. Үйден алыс жерде өзіңізге сенімділік артады. Жақын адамыңызбен қатынаста жақсы көңіл күйге бөленесіз. Көп нәрсені жаңа қабылдайсыз. Бос уақтыңызды берекелі өткізіп, айналаңыздағы адамдарды қуантасыз. Дегенмен эмоцияңызға ие болып, әр қадамыңызды аңдып басыңыз. Бойыңызды кернеген жаңалылдық сезіп жақындарыңызбен қатынасты бұзып жібермесін. Жеке өмірде буырқанған сезімді бастан өткересіз.   

Шаяндар қажетсіз заттарды сатып алудан бас тартыңыз. Сатып алған нәрсеңіз артынан жарамсыз болып қалуы ықтимал. Бір жасы келген әйел сіздің көмегіңізге мұқтаж болады. Осы аптада танысқан адамдарыңыздан көк тиын пайда болмайды. Және ештемеге міндеттемейді. Жұмыста ешбір өзгеріс жоқ, дегенмен оқиғалар міндетіңізді үлкен қызығушлықпен орындауға мүмкіндік береді. Басыңызда небір идеялар болады, сіз оны ертеңгі күнге дейін қолдануға дайынсыз, тіпті сол үшін түнімен жұмыс істеуге дайынсыз. Жұлдыздар сізге еш нәрсені өзгертпеуге кеңес береді. Табысқа жетудің ең жақсы жолы – ұйымдастырушылықпен айналысу, бұрын өзіңіз істеген шаруаны өзгеге тапсырыңыз. Материалдық тұрғыдан серпін бар. Үйіңізде жағымды өзгерістер болады. Туысқаннан сыйлық күтіңіз. Жақсы адамдармен кездесіп, мерекеле күтілуде. Бұл күндері көптеген жаңалық естисіз. Басқа адамдардан ақпарат келеді. Теледидардан көргендер басқалардың әңгімелерінен әлдеқайда әсерлі болмақ. Жеке өмірде барлығы керемет. Бірақ кейбір шаян мұңды болады. Әсіресе әйелдер – бәрі де бұрынғыдай жақсы  әсер етпейді, бәлендей күшті емес пе, сондай бірдеңе. 

Арыстандар әрдайым қозғалыста. Бойын кернеген күш-қуат жылдам әрекет жасауға итермелейді. Өзі сенім артақан адамынан қолдау күтеді. Пайдалы кеңес пен дұрыс қабылданған шешім жақсы нәтижеге жеткізеді. Бірақ бұл аптада жеке өмірге қатыс нәрсені ешкіммен бөліспеуу керек. Сіздің ниетіңіз алып-қашпа әңгіме тудыруы мүмкін. Өз абыройыңызды сақтап қалу үшін ешкімге жақ ашпау керек. Ал жұмыста үлкен белсенділік танытып, көп неәрсені істеп тастауға құлшыныс пайда болады. Жеке өмірде бір нәрсені өзгерті керек екенін жиі ойлана бастайсыз. Өткенмен қоштасуға тура келеді. Одан қорықпаңыз. Не істеу керектігін өзіңіз де білесіз. Өз шешіміңіздің дұрыс екенін түсініп, батыл қимылдайтын боласыз. Сізді жолдан тоқтату қиын. Жақын досыңызды ренжітіп аласыз. Дегенмен сізді елдің өкпесі қызықтырмайды, оған алаңдамайсыз. Қатігез мінезіңіз маңызды істерге жетелейді, ол – ақша, жұмыс, сапар.

Бикештер өзінің көңіл күйіне алаңдамағаны дұрыс. Біреугне деген күдігіңізді басты мәселеге айналдырмаңыз. Бұл аптада өз мүмкіндігіңізді жүзеге асыруға болады. Жаңа істе және жаңа серікатеспен бірге жұмыс істеп, ол жемісін берукі мүмкін. Бір ер адамнан көмек күтілуде. Келіссөздер, кездесулер күтілуде. Заңгерлік мәселеде аздап қиыншылықтар туындайды. Осы аптада кез келген істі тындыра аласыз. Өйткені сізге қолғабыс көрсететін адамдар табыла кетеді. Қызметке қатысты сапарлар күтілуде. Өзгеге қарыз ақша бермеңіз. Өйткені оны қайтармайды, болмаса ұзақ уақыт төзіміңізді тауысып күттіреді. Дегенмен өзіңізге тән қулықтың арқасында қомақты ақша аласыз. Жеке өмірде көңіл күйіңізді көтеретін дүниелер орын алмақ. Бұл әсіресе әйелдерге қатысты. 

Таразылар бұл аптада жұмысы бұрынғыдай қызықты емес екенін түсінеді. Басыңызда небір ұсақ-түйек мәселе жүреді, соны күні бойы ойлап мазаңыз кетеді. Өткенді сағынасыз. Бұрындары өзіңіз бас тартқан дүниені қайта қалайтын боласыз. Жақын адаммен ажырасу мазаңызды алады. Маңайыңызда ажұрт толып жүрсе де, адамдармен араласу керектігін ойлап, сол дүние жетіспейтін күй кешесіз. Көңіліңіз тұнжырап, соның салдарынан өзгеге сеніміңізді жоғалтасыз. Жоспалғана нәрселер одақтастарыңыздың кесірінен жүзеге аспай қалуы мүмкін. Іскерлік серіктесіңізбен қатынас нашарлайды. Бастығыңызға әріптесіңіз туралы айтып, шағымданасыз.  Дәрігерге барасыз. Бұл аптада денсаулыққа көңіл бөліп, емделіп алған жөн. Жеке өмірде күрделі кезең. Үйдегілер жүйкеңізге әсер етеді. Ең дұрыс шешім – оларға еркіндік беру. 

Сарышаяндарға беделді адамнан жақсы ұсыныс түседі. Таңсық, жаңа идеяларға толы жобаларға тартыласыз. Бұрын айналыспаған істе өз күшіңізді сынағыңыз келеді. Өз одақтасыңызсыздың арқасында іс жүзінде білім тәжірибесін толықтырасыз. Бұл күндері бір орында отыра алмай жүгіріп жүресіз. Қозғалыс әдеттегі өмірге айналды. Ұзақ қашықтыққа мпарға шығуыңыз мүмкін. Көптеген ашық кездесулер, қызықты әңгімелер күтіп тұр. Ақпараттың ағыны сізді оятады! Ескі дос туралы жаңа нәрсе білесіз. Бірақ бір нәрседен көңіліңіз қалады. Бетпе-бет сөйлесіп, сезігіңіз дәлелденеді, яғни ол рас болып шығады. Сөйтіп бұрынғы сыйластық пен сезім жоғалады. Сөйтіп махаббат сөнеді. Үйіңізде отбасылық демалыс болады. Сыйлықтар жасайсыз. Өзіңіз де жақсы сыйлық аласыз. Тосын сый күтіп тұр. Көптеген сарышаяндар  бұрынғы мамандығына қайтып оралады, біраз уақыт жұмыс істеуге кетеді. Әріптестермен қарым-қатынаста ашықтық орнайды. Бірақ сіздің ұстанымыңыз өзгермейді: тыңдаңыз және есте сақтаңыз. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, айналаңыздарға қарап қана қорынытынды жасаңыз. 

Мергендер әбден жүйкеңізді тоздырған істі ақыры аяқтайсыз. Өзіңізді ақпарат пен оқиғаларға толы аралда тұрып жатқандай сезінесіз. Кейді бәрі маған қарсы деген ой болады. Алайда жағдай сіз ойлағандай нашар емес. Біраз уақыттан соң сәттілік уысыңызға түскенін сезесіз. Әріптестеріңіз бен тіпті дұшпандарыңыздан пайда түсіресіз. Әрине, тікшілдік пен шынайылық – мінезіңіздің ерекшелігі болғанымен, бәрінің бетіне шындықты айтқан жаға бермейді. Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Шыдамдылық танытыңыз. Әсіресе туыстарыңызға сабырлы болыңыз. Бір әріптесіңіздің көңілін қалдырасыз. Сосын опық жейсіз. Жобаларыңыздан түсетін қаржынеы әлі де күтуге тура келеді. Дегенмен дұрыс бағыттасыз. Дұрыс тамақтаныңыз. Бұл апта келбетіңізді жөндеуге тиімді. Жақын досыңызбен кездесіп, одан рахат аласыз. Сыйлықтар да күтілуде. 

Тауешкілер демалу туралы ойлайды. Қиялдай білмейсіз, ол қолыңыздан келмейді. Тек нақты жоспарлардың арқасында ниетіңіз орындалады. Алыс жолға шықпаңыз. Одан гөрі қала сыртына немесе ауылға барып тыныққаныңыз жөн. Шулы компаниядан гөрі, жақын досыңызбен тыныш жерде әңгіме-дүкен құрып тынықсаңыз, одан мың есе пайда көресіз. Кейбір жобаны болашаққа қалдырасыз. Жұмыста бастама көтермейсіз. Өзгені тыңдап, сөзге құлақ салып, содан өзіңізге пайдалы ақпарат аласыз. Алыстан жақсы хабар келеді. Осы аптиада істеген істеріңіз көзге түседі. Бұл аптада ешкіммен жанжалдаспаңыз. Өйткені артынан өкініп қаласыз. Досыңыздың әрекеті туралы ақпарат аласыз. Елге берген қарызыңыз қайтарылады.  

Суқұйғыштар романтиалық көңіл күйде болады. Айналадағы адамдарға тартымды көренісз. Оны көбісі байқайды. Оған себеп: сіздің шынайылығыңыз. Сізді ұнатқандардың біреуі көңілін білдіреді. Ол бұрынғы танысыңыз. Дегенмен сіз тағдыр өзгерісіне дайын емессіз. Қалыптасқан жағдайдан шығып, тік мінезіңізді тыю керек. Қызметте бірқалыпты болыңыз. Жұмыстағы күнделікті міндеттер жалықтырады. Дегенмен жұмысыңызды ауыстырмайсыз. Мазасыз сапар күтілуде. Қолмен жұмыс істеуге тура келеді. Үйіңізде жағымды жаңалықтар болады. Үйде зат ақтарып жүріп, жоғалтып алған құнды затыңызды тауып аласыз. 

 

Балықтар тағы да іс-әрекетке кіріседі. Күте тұруды қойып, шабуылға көшесіз.   Белсенділік пен зия қойып тыңдауды бастадыңыз. Бұл аптаны маңызды кезең деп санауға болады. Ең алдымен бұл жеке өмірге қатысты, онда өзгерістер күтілуде. Әсіресе,  әйелдер үшін, романтикалық кездесу күтілуде. Сізге бір көргеннен ғашық болады. Осы аптада болатын оқиғаларды есте сақтай отырып, кейін ұзақ уақыт есіңізге алып жүресіз. Айналаңыздағы бір адамды жұбатып, уатасыз. Елге ақыл айтып, кеңес берумен боласыз. Тіпті көмек көрсететіндерің де жанашырлықтан қайран қалады. Жұлдыздар кеңес береді: егер мейірімділігіңізді тыймасаңыз, одан запа шегіп қалуыңыз ықтимал. Жұмыста жағымсыз материалдық шығындар болуы мүмкін. Бұл әсіресе құнды қағаздармен, заттармен және зергерлік бұйымдармен байланысты адамдарға қатысты. Алда келе жатқан ұзақ сапар күтілуде.   

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Рақмет, көрермен! Алғысқа бөлеген адам қандай болады

Намысы кеш оянған қыздардың «назарына» налимыз ба...

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде