Қазақстандағы террористің әлеуметтік-психологиялық портреті
Дінді жамылып, ел ішінде бүлік шығарып жүргендерді, тіпті, біз түгіл ата-бабамыздың аяғы тимеген Сирияның жерін қорғаймыз деген желеумен адасып қыр асып жатқан қандастырымызды қалай түзеуге болады? Өзінің Отанына пайдасын тигізбегендер, өзге елді қарық қыла ма? Жалпы, адасқандармен елімізде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Бұл мәселені Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірасылқызы айтып берді.
Біздің қоғамның өз қазақ азаматтарымыз сонау Сирияны қорғауға кетіп жатыр. Сирияны өз ішіндегі жауынан бірін-бірі қорғамақ. Осының алдын алып, тоқтату мүмкін бе?
Мүмкін. Бірақ бұл өте күрделі, ұзақ үрделіс. Мемлекет үшін әр азаматының саулығы, адами қабілет- қасиетінің қалпына келуі деген мәселелер тұрғанда, ол уақыт, қаржылық, адами ресурс шығындарына көнуге тура келеді.
Ал Сирияға кетердің алдында осы топтар зерттелді ме?
Егер осы топтар зерттелмеген болса, осыншама жұмыс жасалмаған болар еді. Мысалы қазір Қазақстанда ,шамамен 20 мыңнан астам дәртүрлі емес ағым өкілдері бар деген болар еді. Өткен жылдары саны айтылып жүрді ғой. Сол адамдардың барлығы Сириядан шыққан болар еді. Сол топтар зерттелмесе, сол топтардың іс-әрекетіне тосқауыл қоюдың жолдары қаралмаса, өкінішті жолдарға тап болар едік. Мысалы, Сирияға кетіп жатқан, кетуді мақсат етіп отырған қаншама адамдар шекарадан ұсталып, қайтарылды. Ол – алдын ала зерттеу жұмыстарының нәтижесі. Қаншама адам өзінің үйінен, отбасынан шықпай жатып-ақ райынан қайтарылды. Белгілі шаралар қолданылды. Бірақ ол нәрселердің бәрі айтыла бермейді. «Ұсталмаған – ұры емес» дейді. Қылмыс әлі жасаған жоқ па, ендеше ол факті жарияланбайды. Мысалы, мемлекеттің құрығынан сытылып Сирияға өтіп кеткендердің басым бөлігі туристік сапармен, белгілі бір бөлігі оқу түсу мақсатында кетіп қалды. Нақты Сирияға емес, басқа мемлекет, мысалы, Түркия арқылы немесе басқа мемлекеттер арқылы кетеді. Бұндай жағдайда олардың белгілі бір дәрежеде мемлекеттік бақылаудан сытылып шығып кету мүмкіндігі бар. Өйткені адамның құқығы деген нәрсе бар. Мемлекет оған жөн-жосықсыз тосқауыл қоя алмайды.
Жалпы, Сирияға кетіп жатқан азаматтар тек идеологиялық үгіт-насихаттың, белгілі бір деңгейдегі адамдардың психологиялық әсер ету салдарынан кетіп жатыр деп ойлайсыз ба? Әлде бұның астарында қаржылық мүмкіндіктері болу мүмкін бе? Белгілі бір адамдардың, белгілі бір топтардың әлгі азаматтарымызды әлеуметтік осал жерінен соғып алу кетуі де мүмкін ғой?
Бұл шаралардың барлығының соңында, жалпы радикалды идеологияның арғы жағында үлкен саяси мүдде тұрғандықтан, оның арғы жағында үлкен қаржы тұр. Бұндай жұмыстар үлкен қаржыға ғана сүйеніп жасалады. Бұл Қазақстан үшін арнайы жасалып отырған жоба емес, бүкіл әлемде жүзеге асырылып жатқан жоба. Бұл жерде ең көп құрбандыққа шалынатындар – ең төменгі топтағылар, яғни жауынгерлер. Сол идеяға қызмет етіп, сеніп жүрген, шынымен-ақ діннің тазасы осы екен деп алданып, арбалып жүрген тұлғалар. Негізі құрбандықтар да солар.
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы біз айтып отырған радикалдық топртардың астыртын жүріп жатқан әр түрлі ағымдардың жұмысына қаншалықты тосқауыл қоя алып жатыр? Қаншалықты тиімділігі бар?
Оңалту жұмысы біздің орталықтың функциясына жатпайды, ол біздің мақсатымыз емес. Дегенмен біз ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп, бізді шақырған тұлғалардың өтініші бойынша немесе үлкен жобалар аясында және өз орталығымыздың таза бастамасы негізінде ішінара осы тектес оңалту жұмыстармен айналысамыз. Өйткені оның теориясын жасап отырған – біздің орталық. Теориясын жасау үшін нақты тәжірибесі болуға тиісті.
Бір ғана жобаны айтайын: 2016 жылы Ақтөбеде өткен Ақтөбе облысындағы радикализм мен терроризмнің алдын алу жобасының аясында біз 342 радикалды идеологияға еліктеген әйелмен, 900-ден астам ер-азаматпен жұмыс жүргіздік. Бір ай бойы жасалған, жұмыс барысында олардың толық психологиялық-теологиялық портреттері жасалды.
Сол ағымда кеткен әйелдер мен ер-азаматтардың бетін қайтару мүмкін бе?
Дін саласындағы жұмыстардың ішіндегі ең қиыны, күрделісі және нәтижесі азырақ болатыны – ол радикалды ағым өкіліне айналған тұлғаны райынан қайтару үдерісі. 100 пайыздық нәтижені күту мүмкін емес.
Жалпы қай істе болсын жүз пайыздық нәтиже бола бермейді. Біздің осыған дейінгі жасаған іс-әрекеттеріміз соңғы 5 жылдықта атқарған жұмыстарымыз радикалды идеологияға еліктеген тұлғалардың шамамен 25 пайызын толық дәрежеде райынан қайтару мүмкіндігі бар екенін байқатты. 342 әйелдің 24,6 пайызы біз жүргізген аз ғана алғашқы жұмыстың өзінде райынан қайтты.
Екіншіден, олардың арасында белгілі бір дәрежеде радикалды ағым өкілінен ер-азаматқа тұрмысқа шыққан, отбасында зәбір, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, ол ағым өкілдерінің дұрыс жолда жүрмегенін, сөзі мен ісі сәйкес келмейтінін, шынайы ислам діні мұндай емес екендігін түсініп, өздері де опық жеп жүрген тұлғалар бар. Олардың да, әрине, райынан қайту тезірек. Біз жұмыс істеген топтың 16 пайызы былай айтты:
«Мен бұл ағымның дұрыс емес екендігін білемін, сеземін. Бірақ біз күйеуімізге толық бағынуымыз керек, солай сіңірілген, жолдасымны айтқанынан шығып кете алмаймын, ол асыраушымыз, осы үйдегі шешім қабылдаушы жалғыз адам. Егер жолдасым райынан қайтар болса, мен қуана-қуана қайтар едім».
Ал 59 пайызы осы жолдың дұрыстығына сенген, жолдастары арқылы осы ағымға келгендер. Бұл адамдардың көп жағдайда не діни, не құқықтық сауаттылығы жоқ.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің психолог мамандары Қазақстанда терактілерді жасаған адамдардың психологиялық портретін жасап шықты.
Бірінші кезекте теракті ұйымдастыруға билікқұмарлар барады екен.
Екінші кезекте - пайдакүнемдер. Яғни, діннің емес, дүниенің қамын ойлағандар.
Үшінші кезекте – әсіредіншілдер.
Елімізде теракті жасаумен айналысқан тұлғалардың ішінде:
61 пайызы – бұрын маскүнемдікке салынғандар;
Оның ішінде:
27 пайызы - есірткіге таңылғандар;
43 пайызы – құмар ойынға тәуелділер;
32 пайызы – бұрын сотталғандар.
Бұл жүз пайыз көрсеткішке емес, яғни бір тұлға бір мезгілде есірткіге де салынғаны, сотталған болуы да мүмкін.
52 пайызының жай-күйі төмен, баспанасы жоқ;
84 пайызының мүлдем діни білімі жоқ.
16 пайызының ғана үзіп-жұлым алған діни білімі бар, бірақ оның ішінде де аяқталған жоғары діни білімге ие бірде-бір тұлға жоқ.
Бұл біздің Қазақстандағы террористің әлеуметтік-психологиялық портреті.
Соқыр сенімге еріп тура жолдан тайғандарды тәрбиелеу мүмкін бе? Сирияға барып үш рет күйеуге тиген атыраулық келіншекті туыстары лаңкестерден 36 мың долларға сатып алғаны туралы эксклюзив сюжет. Ақпараттың таразысы «Аптап» сараптау бағдарламасын әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан қараңыз.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЛАДА ӨСКЕН МИНИСТРЛІКТЕГІ ШЕНЕУНІК АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕЙДІ
СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ