{metadescription}
Көру қабілетіне кері әсер ететін 5 фактор

Көру қабілетіне кері әсер ететін 5 фактор

Алдыңызда келе жатқан адамды тек сұлбасына қарап танисыз ба? Дүкен сөрелеріндегі жазуға көзіңіз жете ме? Жақсы көру үшін көзіңізді сығырайтасыз ба? Ұсақ жазуды үлкейткіш әйнекпен қарайсыз ба? Кез келген адамның кез келген жасында, кез келген уақытта көзі көрмей қалуы мүмкін. Сол үшін көру қабілетімізді қазірден бастап сақтап, өзімізді де, көзімізді де қорғайық. 

Жалпы, көздің көру қабілетіне ең біріншіден генетика жауап береді. Дегенмен алыстан, жақыннан көзі нашар көретін адам бұл кемшілігін арғы атасынан «жұқтырмайды». 90% адамдардың көру қасиеті өмір бойы төмендеп отырады.  Мәселен, оқушылардың көз алмасы өскен сайын нашарлайды, ал ересектерде - көзіне көп салмақ салғаннан және жүйкесіне әсер ететін жұмыстан, ал науқастарда – ілеспелі аурулардан. Соған қарамастан, қайғылы жағдайға жеткізбей, көз жанарын сақтап қалуға болады.

Көру қызметіне кері әсер ететін 5 фактор:

1. Экология.  Адамның тек тыныс жолдары мен терісі ғана емес, нашар экологиядан көз жанары да зардап шегеді. Шаң-тозаң, әсіресе өндірістік, пайдаланылған газ, түтін және т.б. химиялық иіссіз газ, фосфор мен оның құрастырушылары көз жанарымызға орасан зор соққы жасайды. Бұл элементтер көзді ашытып, қызартып, қышытып, көзге құм түскендей "жанын қинайды". Кейде климаттың өзгеруі, ауаның қозғалмай тұрып қалуы да көзге әсер етеді. Әсіресе қалалықтар көзіне ерекше мұқият болса. Лас ауамен қоса, күннің сәулесі мен хлорланған су да көзге зиянын тигізеді. Бастысы, күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік киіп, көзді ылғалдандырып, демалдырып, сәл де болса ыңғайсыздық туғанда көз дәрігеріне қаралған абзал. 

2. Стресс.  Жұмыстағы, отбасындағы ырың-жырыңдар ағзамыздағы әр мүшенің жұмысына кедергі келтіріп, ақыры қызметін тоқтатуы мүмкін.

3. Тамақтану. Не жесек, соған айналамыз. Асқазан жолдарының дұрыс қызмет істеуі, таза қан тамырлары, сау бауыр – көз көру қасиетіне оң әсер тигізеді. Сондықтан тәттілерді, газдалған сусынды, фаст-фуд пен ұннан әзірленген тағамды шектеңіз. Көкөніс пен жеміс-жидекті, әсіресе қызылша, сәбіз, асқабақ, мандарин, апельсин, грейпфрут, киви, ананасты көбірек жеңіз. Ал өрікті кептіріп те, қайнатып та жеуге болады.  Шөп-шалаңның рөлі айырықша. Қаражидек көзге өте пайдалы. Сонымен бірге дәрігерлер ақжелкен мен балдыркөкті күнделікті асқа көбірек қолданып, долана тұнбасын ішуге кеңес береді. Дастарқаныңызда құрамында фосфор мен мырышы бар теңіз балығы болғаны құп.
4. Өмір салты. Егер кітаптан бас алмайтын «оқымысты», күндіз-түні гаджетке шұқшиятын, компьютер ойынының құмарпазы болсаңыз, көз жанарыңыздың нашарлағанына таң қалмаңыз. Әсіресе балаларға қиын-ақ. Бір қашықтықта тапжылмай мониторға шұұқшиып отыру жақсылық әкелмейді. Көзіңізге де демалыс беріңіз. Анда-санда монитордан ажырап, терезе алдына келіп сыртқа көз тастап, алыстағы тау-тасқа, аспанға қарап, айналадағы заттарға назар салып, көзді ашып-жұмып, жыпылықтатып көріңіз. Бұл көзге демалыс береді. Сосын жарықты дұрыс қоя біліңіз. 

5. Жалпы денсаулық. Оның ішінде:

  • Базедов ауруы, қант диабеті, гипофиз аденомасы және т.б. аурулар мен ағзадағы патогендік процестер көру қабілетін нашарлатады;
  • Ішімдік пен темекіден бас тарту. Дұрыстап тамақтану. Ұйқыны қандыру. 
  • Дәрілік шөптердің қайнатпаларына шүберекті малып, соны көзге басу;
  • Көздегі қан айналымын жақсарту үшін  суық және жылы сумен алма-кезек бет жуу;
  • Тыныс алу гимнастикасы;
  • Бүкіреймей, тік жүру;

Есіңізде болсын: көзіңізді жастайынан неғұрлым қамқорлықпен күте білсеңіз, ол да соғұрлым сізге ұзақ та, жақсы  қызмет ететін болады.

Оқи отырыңыз: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАР
ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕРІ...
ҚАЛАДА ӨСКЕН МИНИСТРЛІКТЕГІ ШЕНЕУНІК АУЫЛДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕЙДІ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕРРОРИСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПОРТРЕТІ
СЕНДЕЛІП БОСҚА ЖҮРГЕН ҚҰЛЫҚСЫЗ ЖАСТАР
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР: АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫНА ТЕСТІЛЕУ
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН: МЕНІ БІРЕУЛЕР НЕ ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ, НЕ ЖЕК КӨРЕДІ 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.