{metadescription}
Мембағдарламалардың іске аспауына кім кінәлі?

Мембағдарламалардың іске аспауына кім кінәлі?

Ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік арнайы бағдарламаларға қыруар қаржы бөлінді, қазір бірдеме өзгерді ме? Экономика, ауыл шаруашылығы ұтты ма? Неліктен жер иеленушілер қомақты жерлерді алып, не өздері істемей, не елге бермей, не мемлекетке өткізбейді отыр? Жер мәселесіне байланысты ұлттық комиссия не тындырды? Депутаттар құжаттың бәрін мақұлдап, қол қоя бере ме?

Жер мен ауыл шаруашылық түйткілдерін КТК тілшісі Дәулетхан Қыдырбайұлы Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаевпен бірге тұздықтады.

 Биылғы Елбасының Жолдауында ауыл шаруашылығына қатысты үлкен сын-ескертпелер жасалды. Соның ішінде жер иеленушілер, әсіресе байлар үлкен-үлкен жерлерді алып, не өздері істемей, не елге бермей, не мемлекетке өткізбейді. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда,  «шөп қорыған иттей».  Екі-үш жыл бұрын арнайы жер мәселесіне байланысты ұлттық комиссия құрылған. Сол кезде қоғам белсенділері жерді қайтару, алуға шектеу қою керек дегенді алға тартқан. Енді мемлекет басшысы аталмыш мәселені қайта қозғап отырса, онда ұлттық комиссиядан пайда болмағаны ма?

Бұған тереңірек үңілу керек. Ол жер көтерілісі биыл жазғытұрым дүниеге келді. Ол қазір қолданыста. Бұл мәселе, ең бірінші қабылданған жер көтерілісінен басталып, біраз қарама-қайшылықтар туындады. Шектеу болмады, қандай да бір мониторинг, талдау жүргізілмеді, бақылау нақты болмады. Осындай жағдайға душар болды. Қазір бұл мәселе түзетілді. Бәрі бұрынғы жер кодексінен алынған дүниелер. Биыл шыққан жер кодексі ендігі бөлінетін жерге барлық мәселені қарастырады. Қазіргі жағдайда қалай? Ең бірінші күллі жерлерді, егіс беретін жерлерге инвентаризация жасап, иелерін анықтап, қай жер, қайсысысы қандай технологиямен игеріп жатыр, сондай жұмыс жасау керек.

Осыдан екі-үш жыл бұрын құрылған ұлттық комиссия жерге инвентаризация жасаған жоқ па?

Оның бәрі айтылды. Қолданысқа енген жер кодексін енді соңына дейін жеткізу қажет.

Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде арнайы бағдарлама қабылданып, қыруар ақша бөлінді. Сөйтіп жүзеге асырыла басталды. Кейін іле-шала министр ауысты, саясат өзгерді. Кооперациядан гөрі ірі шаруа қоржалықтарына көбірек мән берілді. Қазір бірдеме өзгерді ме? Саясатты басқа жаққа өзгерткеннен экономика, ауыл шаруашылығы ұтты ма?

Тек ірі шаруашылықтар деп айтуға болмайды. Әр түрлі деңгейдегі шаруашылықтарды дамыту керек. Қазір біздегі қосалқы шарушылықтан бастап, шаруа қожалықтары, орта шаруашылықтар, холдинг және егістік компаниялар бар. Барлығы бірдей даму керек. Бұл  жағдайда бөлінген субсидиялар, ақшалар көбінесе ірі компанияларға түсіп жатады. Ал ұсақ, орта шаруашылықтар сыртта қалып қояды. Екінші деңгейдегі банктер де солай. Егер де екінші деңгейдегі банктердің портфельдерін санасаңыз, төрт пайыздан аспайды. Екінші деңгейлі банктерден ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы. Ал  4 пайызды қарасақ, оның 99 пайызы тек қана ірі шаруашылықтарға кеткен.

Сіз айтып отырған барлық шаруашылықты ірілендіруге, бордақылау алаңдарын салуға, сүттің танкерін сатып алуға да қыруар ақша жұмсалды ғой. Бүгінгі таңда соны пайдаланып жатыр деп айта аламыз ба?

Өңдеу орындарының 60 пайызы ғана шикізатпен қамтылған. Қалған 40 пайызы өзіміздің өнімдермен қамтылмаған. Мәселе осында! 2014 жылы сырттан мал әкеле бастадық. 2016-2017 жылдары 60 мың тонна етті экспортқа шығарамыз дедік. Өкінішке қарай, сол күйі қағаз бетінде қалды.

Экспортты қоя тұрып, тым болмаса, импорттан қанша келіп жатыр? Ішкі нарығымызды өзіміз өтеуге жарамдымыз ба?

Ауыл шаруашылығындағы сүт, ет және тағы басқа өнімдер көбінесе өңдеусіз, шикізат ретінде кетеді.

2017 жылы Мырзахметов, одан кейін Шүкеев кезіндегі бағдарлама, күні кеше қабылданған «Жер туралы» заң айналып келе, бәрі депутаттардың алдынан өтеді. Сіздер сонда құжаттың бәрін мақұлдап, қол қоя бересіздер ме? Яғни, процесстің тежеліп қалуына депутаттардың өздері де кінәлі деп ойламайсыз ба?

Бағдарламаларды біз бекітпейміз. Бекітетін – үкімет. Бізден сұрайды, тыңдайды, алатынын алады, алмайтынын – алмайды. Мәселе осында! Біз ықпал ете алмаймыз, бірақ бағдарламаны бізге таныстырады. Мен осы тұрғыда өз пікірімді айттым: неге біз бір бағдарламаны аяғына дейін жеткізбейміз? Дұрыс болсын, бұрыс болсын! Бұның себебі неде? Себебі, тәжірибесі мол, көзқарасы терең мамандардың жоқтығының салдары деп ойлаймын. Содан барып өзгерістен өзгеріске ұшырай береміз.


Әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан ең өзекті мәселені таразылайтын «Аптап» бағдарламасын қалт жібермеңіз!

Оқи отырыңыз: Білім саласындағы олқылықтар
Көру қабілетіне әсер ететін 5 фактор
 Шер ағаны шексіз шері...
Қалада өскен шенеунік ауылдағы жағдайды білмейді
Қазақстандағы террористің әлеуметтік-психологиялық портреті

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.