{metadescription}
Азат Перуашев: Комсомолдың құрмет  грамотасын мақтан тұтамын

Азат Перуашев: Комсомолдың құрмет грамотасын мақтан тұтамын

Аудандар мерейтой өткізіп, комсомол ғасыр тойын тойлап жатыр. Бұл біздің тәуелсіз ел мұраттарына қайшы емес пе? Ауылдар неге дамымай, депрессивті жағдайда отыр? Бөлінген ақша қайда? Ұлттық валютаның еңсесі биік болу үшін не істеу керек? Теңге бағамының құлдырауына алпауыт компаниялар мен қаржы саудагерлерінің «ашкөздігі мен қомағайлығы» басты себеп пе? Осы тақырыптарды КТК тілшісі Дәулетхан Қыдырбайұлы  Мәжіліс депутаты Азат Перуашевпен бірге тұздықтады.

Өткен демалыс күндері әріптестеріңіз жоқ болып кеткен Комсомол ұйымының 100 жылдығын тойлады. Бардыңыз ба?

Шақырту алдым, бірақ барған жоқпын.

Неге бармадыңыз?

Оны әркім өзі шешу керек. Мүмкін біреулер үшін бұл жас кезіндегі естеліктері, өмірінде ерекше орын алған кезеңі шығар. Мен де комсомол болғанмын. Тіпті әскери қызмет үшін Орталық комсомол комитетінің Құрмет  грамотасымен марапатталғанмын. Оны мен мақтанып айтамын. Ол кезде грамота мемлекеттік мадақтаумен бірдей саналатын.

Оның алдында Алаш ордасының 100 жылдығы болды ғой. Ол кезде сіздің әріптестеріңізді биік мінберден көргеніміз жоқ.

Алаш ордасының 100 жылдығын өз басым, менің әріптестерім, "Ақ жол" партиясы атап өтті. Күні кеше ғана бюджетке Әлихан Бөкейхановтың 15 томдық кітабын енгіздік. Бұл жұмыстарды біз көрсетіп, насихаттауымыз керек. Жастарға көрсетуіміз қажет. Комсомолдың 100 жылдығына барғандарды мен сынамаймын. Бірақ өз басым, бұл күмәнді болғаннан кейін бармай қалдым.

Екі-үш күн бұрын ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі солтүстік аймақтарды аралап қайтып, қырыққа жуық ауылдардың жойылатынын, олардың басқа жаққа аударылатынын айтты. Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғандықтан сондай әрекетке бару керек шығар. Бірақ солтүстік шекара шегімдегі аймақтардың халқын одан әрі азайтып жібермей ме? Әрбір ауданда халық тығыз орналасса, оңтүстіктен елді шоғырландырып жатқан онсыз да «Серпін» бағдарламасы бар. Бағдарламалар бір-біріміне қарама-қайшы болып жатқан жоқ па?

Елбасы биылғы Жолдауында «болашағы жоқ шағын ауылдарды инфрақұрылымы дамыған ауылдарға көшіруіміз керек» деп айтты.  Ресми деректер бойынша қарасақ, жыл сайын ауылдан қалаға көшіп келіп жатқан, әсіресе жастар саны 300 мыңға жетіп отыр. Ал біздің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жыл сайын 100 мың ғана пәтер салып отырмыз. Қалған 200 мың адамы қайда барады?!

Осы мәселенің туындауының бірден-бір себебі, ауылдағы ахуалдың мәз еместігін көрсетеді. Қай облыста болсын осындай депрессивті ауылдар баршылық. Енді осы ауылдар неге дамымай қалды? Өңірлік даму деп аталатын 2015-2020 жылдарға арналған арнайы бағдарламалар бар. Бізде дипломмен ауылға, шағын және орта бизнесті көтеруге арналған арнайы бағдарламалар бар. Сол бағдарламалардың аясында ауылдарға ақша бөлініп жатыр. Қайда ол ақша? Неге ауылдар депрессивті жағдайда отыр?

Қазіргі кезде  шенеуніктер жаппай кәсіпкерлік және микронесиелендіру туралы айтып отыр.  Микронесиелендіру арқылы өзін-өзі жұмысын қамтитын адамдарды көтере аламыз деп үмітттенеді. Менңіше, бұл қате. Екінші жағынан - жемқорлық. Жемқорлық - сұмдық проблема,  ауруымыз деп айтуға болады. Жемқорлықты мүлдем жою керек. Бұл бөлек проблема. Оны шеше алмай, біз басқа проблемаларды жоя алмаймыз.

Өзіңіз білесіз, қыркүйек айында ұлттық теңгеміз күрт құлдырап кетті. Сөтті де, екі-үш күн айналасында шетел валютасы тапшы болып, теңге құнсызданып, квазимемлекеттік компаниялардың сыртқы қарызы 23 мың миллиард долларға жетті дейді. Бұл біздің экономикамызға, халқымызға, бюджетімізге қосымша салық емес пе?

Иә, ол рас. Ұлттық компаниялар валюталық нарықта ең ірі ойыншылар деп айтуға болады. Бірақ себеп оларда ғана емес. Барлық заманауи экономика қарасыз, иесіз дами алмайды. Сондықтан кешке дейін компания, ол жекеменшік немесе квазимемлекеттік болсын, несие алуға мәжбүр.  Алайда, мәселе былай. Бұл ерекше проблема. Біз қайта-қайта ұлттық компаниялар туралы мәселе көтеріп отырмыз. Оларға тіпті үкімет ұсынысы бойынша бюджеттік ақша бөлеміз. Ұлттық компаниялар да мемлекеттік қаражатты игермей, сырттан қарыз алады. Сол ақшаны сарапшылар, экономистер, бұл мемлекеттік қарызымыз деп отыр. Олай десе де, қарызды, шын айтсақ, кез келген еліміздің азаматы өз қалтасынан болашақта жабуға мәжбүр болады. Экономикамыз қазіргі кезде тііпті, басқа елге емес, Ресей экомиикасына байланып тұр. Себебі, қазір тауарларды Ресей не Қытайдан әкеледі. Сондықтан ұлттық валютамызды күшейтеміз десек, оны зорлықпен, заңсыздықпен шеше алмаймыз. Тек қана өз нарығымызды Қазақстанда шығарған отандық өнімдерден толтырсақ, валютаға төтеп бере аламыз. 

Әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан ең өзекті мәселені таразылайтын «Аптап» бағдарламасын қалт жібермеңіз!

Оқи отырыңыз: Мембағдарламалардың іске аспауына кім кінәлі?

Енесі бар адамдар ешқашан шаршамайды 

Білім саласындағы олқылықтар

Көру қабілетіне әсер ететін 5 фактор
 Шер ағаны шексіз шері...
Қалада өскен шенеунік ауылдағы жағдайды білмейді
Қазақстандағы террористің әлеуметтік-психологиялық портреті

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде