05 – 11 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы аптада не күтіп тұр, жоспарыңыз іске аса ма, сіз ойлағандай бола ма? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 05 – 11 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалын ұсынамыз.
Тоқтылар кәсіби бағдарлау мәселесін шешуде өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Іскер серіктестермен қарым-қатынасқа үлкен қызығушылық тудырады. Кейбірі мүддесі үлкен маңызға ие болатынын кейбір мәселелерді басқаларға сендіретінін түсінуі тиіс. Осы аптада жұмыста жаңалықтар, өзгерістер күтілуде, көбінесе жақсартылған еңбек жағдайларымен байланысты. Жалақы мөлшері артуы мүмкін. Қаржылық сәттілік апта бойы сенімен бірге! Сіз бұл аптада шапшаң, сергек, елгезек боласыз. Пайдалы кездесулер күтілуде. Біреудің идесын өз үйіңізге, істеріңізге қолданып үлгересіз. Шығармашылық хобби, ескі мамандық, ескі дағдылар өте маңызды болады. Достардың біреуімен жоспардан тыс кездесу бар. Қонақ қарсы алып, шығарып саласыз. Отбасылық байланыстар өте маңызды болады. Күтпеген дерлік жаңалықтар күтілуде.
Торпақтар өзгелерге деген ықпалын қатты сезінетін болады. Сіздің ішкі күшіңіз түсінікті және бағынышты болмақ. Өзін-өзі бағалауды түсіну өте маңызды болады. Өз үстемдігін өзгелерге қарағанда мақтан тұтады. Қаржы жағы айналасындарға байланысты болады. Осы кезеңде тағдыр бұрын өткендермен байланыстырады. Өткен әрекеттерге қатысты мәселелерді шешуге тура келеді. Балалар тақырыбы өзекті. Әйелдер үшін қолайлы кезең туады. Осы күндері серіктеспен бірге жаңа бизнестің негізі қалануы мүмкін. Оның пайдасы болмақ. Кенеттен сапар туралы мәселе туындайды. Ал жағдай әдеттегіден тыс болмаса да, бұл іс-шара шытырман оқиғаға әкелуі мүмкін. Көптеген торпақтар ерекше эмоцияға беріледі. Ғашықтық сезімін де басынан кешіруі мүмкін.
Егіздер немен айналысса да нәтижеге қол жеткізуге дайын. Бәрінен өз пайдасын көруге бейім, бірақ оны жарнамалаудың қажеті жоқ. Өзгелерді керемет ойлар мен шығармашылық шабытқа демеп, соны қолдануға сендіре алады. Дегенмен өзіңіз алдамшы күй кешесіз. Көптеген идеяларыңыз алдарқатумен шектеледі. Өзгелермен қарым-қатынаста өзгелердің немесе басқа адамдардың мүдделерін қорғауға тырыспаңыз. Сіздің барлық іс-әрекеттеріңіздің түпкі мақсаты - баю! Қаржы жағы бірінші орынға шығады. Жол жүресіз. Осы кезеңде үйден алыс туысқандармен кездесу мүмкін. Алда қиын әңгіме бар. Туысқанның өтінішіне байланысты қандай да бір проблеманың ауыртпалығын шешуге тура келеді. Жұмыста басқа адамдардың міндеттемелерін орындай отырып, ресми ауыстырулармен байланысты уақытша өзгерістер болуы мүмкін. Қаржылық табыс – айқын. Жұмыста ғашықтық сезімі орын алады.
Шаяндар жоспарларын басқалармен бөлісу идеясынан алыс. Тіпті туыстары оның ниетін тек іске асырғанда ғана білетін болады. Сіз үнемі жұмыс істеу керек болатын жаңа бизнеске ие боласыз. Бұл кезеңде барлық жаңа идеяларды бір негізде қалыптастыруға тырысыңыз - бұл сіздің тұрақтылығыңыз. Қандай қиындықтарға қарамастан, бәрібір тәуелсіз боласыз. Материалдық аспект бақылауда болмақ, және шығын шығуы да мүмкін. Кішігірім жөндеу, үйіңіздің немесе кеңсенің интерьерін жаңартуыңыз мүмкін. Осы аптада ескі борышкер кенеттен пайда болады, онымен мәңгіге қоштасасыз. Яғни, қатанысты үзесіз. Күтпеген жерден ескі қарыз қайтарылады. Кез келген құқықтық мәселелер осы күндері табысты шешіледі. Жақын адамдардың ортасында жолға шығу сапарын талқылайсыз. Сіздің жеке өміріңіз басқаларға да қызықты.
Арыстандар белгілі бір қызығушылық танытқан адаммен сөйлесуден бас тартады. Қарым-қатынасын мүлдем үзуі мүмкін. Бұл достарыңыздың ортасында ғана емес, сонымен бірге бизнес саласында, мансаптағы да ұстанымыңыз шайқалатын қиын кезең. Келіспеушіліктер, талқылаулар күтілуде. Ақша жасырды, ұрлады деген айып тағылуы да мүмкін. Бұл өз ұстанымын сақтаудың қиын кезеңі. Іс-әрекеттері мен мақсатын қалпына келтіру жолдарын табу керек. Сапарға шығып басын «маман» алып қалуы мүмкін. Сапар сәттілік сыйлайды. Сезімдер мен оқиғалар үйден тыс жерде орын алады. Пайдалы танысу болуы мүмкін. Қысқа мерзімді бизнес-жобалар қаржылық пайда әкеледі. Қиындықтарға қарамастан, материалдық тұрғыдан сәттілікке қол жеткізеді. Үйге немесе жұмысқа арналған жақсы сатып алулар күтіледі. Біраз мәселеде сенімді лосы көмек көрсетеді. ктеседі. Көпшілігі ғашықтық сезімін басынан өткереді және оны құпия сақтайды.
Бикештер жеке жетістіктерімен мақтануына болады. Сіздің өмір салтыңыз және жарқын болашаққа ұмтылу қабілетіңіз ақыры жемісін берді! Туыстарыңыздың біреуі сіздің кеңесіңізге құлақ түруі мүмкін. Бұл апта байланысты нығайту, туыстармен қарым-қатынастағы сенімділік пен татуласу кезеңі. Басқалардың қиын мәселесін шешесіз. Ол қаржы мәселесі болуы да мүмкін. Жұмыста да, жақын адамдарыңызда да өзіңізді ыңғайлы сезінетін теңгерімнің елесін сақтап қалу үшін қосымша міндетті алға тартасыз. Сонымен бірге осы аптада үйлесімділік, кейбір материалдық тәуекелдер және өмірдің барлық салаларында шектеу болмайды. Тек шыдамдылық пен кішіпейілділік таныта біліңіз. Сапарға барсаңыз, жағымды дүниелер болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы дос болған адаммен қуанышты кездесу күтілуде. Жеке өмірде қасыңыздағы адамға тәуелді боласыз.
Таразылар мүддесі ортақ болмаған соң жақын досымен жанжалға барады. Аздаған түсініспеушіліктер, қарапайым болмашы нәрсеге бола досыңызбен қатынасыңызды үзгіңіз келеді. Көбісі тәрбиенің жетіспеушілігінен, білімсіздігінен, ішкі мәдениетінің төмендігінен қатынастарында шиеленісті жағдайға тап болады. Тек икемді, ақылды, көрегендер ғана табысқа жете алады. Жұмысында өз беделінің жоғары екенін біле тұра әрекет жасайды. Өз тәуелсіздігін жоғары бағалайтыны сонша, ол үшін материалдық игіліктерді құрбан етуге дайынсыз. Бірақ жақындарын әрекетсіз деп айыптап, өзін үлгі етеді. Ескі таныстардан жағымсыз жаңалықтарды естиді. Жалпы алғанда, осы күндері жиі жағымсыз нәрсе естисіз. Ол жаңалықтар сатқындық, опасыздық, көңіл қалдыратын дүниемен байланысты. Егер шығармашылық бастама көтерсеңіз, жамандықтан арыласыз. Сізге талантыңызды мадақтау мен жылы сөз жетіңкіремейді. Ал махаббат өмірдің әділ екенін дәлелдеп береді.
Сарышаяндар әдеттегі өмір салтына жабыспай, өзгешелікке ұмтылады. Таныстары мен достарына тәуелділіктен арылады. Шешілмеген міндеттер көп болса да, бұл аптадағы жағдай оптимизм сыйлайды. Бұл апта рухани баю түсінігі өмірдің нақты жағдайында орын алатын кезең. Сіз әрдайым ұмтылып жүрген дүние енді қызықсыз болып қалады. Бәлкім ішкі жақтан ұсыныс түседі. Бұл аптада күтпеген өзгерістер болады. Оның көбісі бейтаныс серіктестер мен пікірлес адамдардың бастамасына қатысты болмақ. Кәсіби салада ұзақ мерзімді ірі жеңістер күтіп тұр. Жаңа ықзмет орны берекелі болмақ. Кәсіби серіктестікте сіз басты рөлде боласыз. Сіздің өз дүниетанымыңыз, өз көзқарасыңыз бар. Сапарға шығу мүмкіндігі бар. Ол кәсіби жоспарға қатысты болса, сәтті шығады. Ақша аласыз. Ұзақ уақыт көрмеген досыңызбен кездесесіз. Үйіңізге қонақтар келеді.
Мергендер өзгенің түйіндеген пікіріне қарап жоспарын құрады. Жақындарындағы рөлі – дәлелдеме мен фактіні келтіре алмайтын дәлелдеуге мүмкіндік алады. Бірақ, сонымен бірге өзінің әлеуметтік мәртебесін пайдаланып, туыстарына қысым жасайды. Қаржылық жағы тағы да алаңдатады. Бұл күрделі кезең, өйткені көп шығындар бар. Жұлдыздар сізге басқа адамдарға ақша бермеуді ұсынады. Себебі оларды қайтару қиын немесе мүмкін емес. Бұл жеке мүдделеріңізді шешуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде мерекелерге қатысуыңыз мүмкін. Белгілі бір шеңбердегі кездесулер сіздің ұзақ мерзімді жоспарларыңызды жүзеге асырумен байланысты болады. Байланыстарыңызды қолайлы бағытта пайдалануға тырысасыз. Белгілі адаммен қарым-қатынас тоқтатылуы мүмкін. Егер өзіңіздің әл-ауқатыңызға төнген қауіпті сезсеңіз, оны бірден ажыратып, қатынасты үзе аласыз. Жеке өміріңізде қасыңыздағы адамның эмоциясын басқара аласыз.
Тауешкілер болашағым бұлыңғыр деп алаңдауы мүмкін. Ақпарат айдынындағы өзгерістерге қауіппен қарайды. Сіз ішкі еркіндігіңіз бен материалдық жағдайыңызға бола тәуекелге бармайтын адамдардың қатарынансыз. Өзіңіздің тыныш өміріңізді сақтау үшін жұрттың айтқанына ермеңіз. Қажет болса, күдікті байланыстан аулақ болыңыз. Бірақ өзгеріс керек деп шешсеңіз - ашылыңыз. Кейде өткендегі болған нәрселерді ойлап сағынасыз, неліктен мүмкіндікті жіберіп алдым деп өкінуіңіз мүмкін. Сырт көзге білінбейтін өзгерістер бақытты да, дәулетті өмірді елестетуі мүмкін. Бұл аптада материалдық жағынан жұлдызыңыз жанып тұр. Жақындарыңыздан кішігірім сыйлық аласыз. Мерекелік дастархан көңіліңізге медеу болады. Қазір сіздің сезіміңіз қажеттілік жағдайында тұр, оны өзіңіз де түсінесіз. Қаржы жағы өз қолыңызда, оны басқара білсеңіз жақсы болмақ. Жеке өміріңізде қасыңыздағы адам шамыңызға тиеді. Бірақ тап қазір оның қолдауы қажет-ақ.
Суқұйғыштар осы аптада мінезінің қайраттылығын көрсетеді. Бірақ өзімен өзі болып, оңаша қалудың сәтін тағатсыздана күтетін болады. Сіз өзіңізді саналы түрде таңдап алған қиын өмір жағдайында боласыз. Көптеген адамдар өздерін шектеуге тырысады, жаңа өмір жолына үйрену жағдайында болады. Көп жағдайда қиындықтардан бас тартып, жеңіл өмір сүретін ерік-жігер мен шыдамдылықты талап етеді. Қолдау білікті адамдардан, әріптестерден және жақын достардан болады. Жұмыс, тек жұмыс қана басқа түскен күйзелістен құтқарады. Творчестволық жандар өз қолымен керемет дүние жасауға қабілетті. Бұл әсіресе әйелдерге әсер етеді. Таныс адам қысқа мерзімді ынтымақтастыққа ұсыныс жасайды. Әуе жолымен сапарлайтын, жалпы жолға шығатындардың жолы болады. Кезінде жүрегіңізді жаралаған адаммен күтпеген кездесу күтілуде.
Балықтар әдеттегі бағытта әрекет етеді. Бірақ тіпті бұнда да шығармашылыққа арналған орын болады. Өзіңізден күшті, беделді адамдармен қарым-қатынасқа көп уақыт жұмсауға тура келеді. Бұл жағдай тіпті құтыңызды қашыратын болады. Сізге қауіпті көрінуі де мүмкін. Кез-келген белгісіздікті, түсініксіздікті түсіндіру қажеттілігін сезінесіз. Лайықсыз адамдар мені пайдаланып жүр деген ойдан арыла алмай қалуыңыз мүмкін. Ұзақ уақыт мазалап жүрген мәселеге қатысты сәтті ұсыныс түседі, соны әбден пайымдағаныңыз жөн. Аталмыш бағытта материалдық тұрғыда баюға жаңа мүмкіндіктерге назар аударасыз. Біреумен бірлікте әрекет жасасаңыз ғана жұлдызыңыз жанады. Бірақ сонымен бірге өз тәуелсіздігіңізді түсіну өте маңызды болмақ. Жеке өмірде маңызды кезең. Тағдырыңды түбегейлі өзгерту мүмкіндігіне ие боласыз. Сіз елеулі өзгерістердің шегіне жеттіңіз. Оның шешілу-шешілмеуі сіздің өз қолыңызда тұр.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы
Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?ақмет, көрермен! Алғысқа бөлеген адам қандай болады