{metadescription}
12 – 18 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

12 – 18 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал

Жұлдыздарға құлақ түрсек. Осы аптада не күтіп тұр, жоспарыңыз іске аса ма, сіз ойлағандай бола ма? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің  05 –  11 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалын ұсынамыз. 

Тоқтылар бұл аптада жақындарының көңіл-күйіне аса сезімтал болмақ. Солардың мәселесін шешуге ұмтылады. Сіз қиындықтан қорықпайсыз, күш-қуатыңыз мол, іс-әрекет жасауға дайынсыз. Сонымен бірге өзіңізге тән емес іспен де айналысатын боласыз. Творчестволық қырынан танылып, белсенділік танытасыз. Осы салада қызықты адамдармен бірге жұмыс жасап қалуыңыз да ықтимал. Нәтижесі керемет болмақ! Бұл аптада мықты жаңалықтар мен тың дүниені жасауға қабілетіңіз бар. Нәтижесінде сіздің танымалдығыңыз өсіп, іскер серіктестеріңіз бен әріптестеріңіздің алдында беделге ие боласыз. Бұрынғы достарыңыздан сыйлық аласыз. Өзгенің алғысына бөленесіз. Қызметңізде жоғарылап, ұстанымыңызды бекітесіз. Дегенмен басым күш-қайратыңыз бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген құжатты қолға түсіруге жұмсалады. Көп нәрсені күтіп, үмітіңізді жоғалтпайсыз. Эмоция басым. Өмірге жаңаша көзқараспен қарататын адаммен таныстық күтіп тұр.

Торпақтар күнделікті күйбің тірлікте өзіне қуаныш табады. Рухани және творчестволық байланысы бар бұрынғы досыңызбен кездесуіңіз мүмкін. Бойыңызда күш-жігер тасып, іскерлік, творчестволық жоба құрғыңыз келеді. Әңгіме барысында шындықтың беті ашылады. Сіз қиын сұрақтың жауабын табасыз. Жолға шығуға қамданасыз. Бұл аптада көптеген торпақтардың жұмыс шарттарында өзгерістер күтіліп тұр. Жұмыс орныңызда өзгерістер болуы мүмкін, техникалық құрал-жабдықтар жаңаланады. Кад саясатында жағдай өзгереді. Жаңа жұмыс орны н ұсынуы мүмкін. Егер ұжымда жұмыс істесеңіз, жаңа әріптес қосылады. Сөзіңіз бен айтылған әңгімеге абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп, содан жапа шегуіңіз мүмкін. Сонымен бірге сөзге қатысы бар – мұғалім, саясаткерлердің ерекше кезеңі. Бұл аптада өзіңізге қолайлы байланысты нығайтасыз. Адамдар сізге ұмтылады. Беделіңіз өсіп, айналаңыздағы адамдарға ықпалыңыз артады. Отбасында мерекелік дастарқан жайылады.

Егіздер  өзгерістерге жол бере отырып, өз ұстанымын нығайтады. Жүгіріс көп болады. Белсенділігіңіз де адам қызығарлық. Көп адамдармен кездесіп, ұсыныс жасайсыз. Тапқырлық танытасыз. Сізбен бір сенімді жолмен жүру қинырақ. Сіз қалт еткен нәрсені назардан шығармайсыз. Егер өз ойлағаныңыздан өзге дүние шықса, сіз оның да жолын табасыз. Қызметте біраз өзгерістер болады. Кадрлық саясатқа араласып қалуыңыз да мүмкін. Қаржы мәселесінде абай болыңыз, әсіресе қарым-қатынаста қауіп туындауы ықтимал. Ақшаны қайтаруда жалпылама жағдайларға қатысты тартыстар, шығындар болуы мүмкін. Кез келген жағдайға икемделіп, өз пайдаңызды ойлаңыз. Бұл осы аптадағы басты міндет. Жеке өмірде де солай. Қасыңыздағы адамның қылығына шыдауға тура келеді. Махаббат қанша дегенмен, эмоциядан басымырақ.   

Шаяндар бұл аптада өзі сөйлегеннен гөрі, өзгені тыңдауға мәжбүр. Ішкі  жоспарыңызды ешкімге айтпаңыз, айналаңыздағы адамдармен бөліспеңіз. Бұл аптада өз дегеніңізді істеуге тырысыңыз, яғни көппен бірге болмайсыз. Көрегендік пен ұстамдылық – осы қасиет қажетсіз қарбаластан құтқарады. Кәсіптік қызметте жаңа белестер көрінеді. Айналаңызда көп өзгерістер, құбылыстар болып тұрады. Әр күніңіз ақпаратқа толы болмақ. Таныс адамыңыздан қызықты ұсыныс түседі. Шешім қабылдау үшін асықпай, мұқият ойлану қажет. Жағдайдың өзгеруіне қатысты қаржы мәселесі мазаңызды алады. Көптеген шаяндарға тұрмыс жағдайын түзетуге мүмкіндік туады. Келешегі зор деген жобаны тезірек  іске асыруға көндіру, иландыру, сендірулер болады. Бұрыннан танитын адамыңыз сізбен кездесуге асығады. Қонаққа шақырып, бірге демалуға шақырады. Ал жеке өмір тұрақтылығымен бағалы.

Арыстандар күнделікті жұмысына, ісіне оптимизммен қарайды. Күйбің тірліктің де пайдалы тұсын көресіз. Оған әріптестеріңіз бен пікірлестеріңіз көмектеседі. Өз бетіңізбен әрекет жасауға уақытыңыз көп болады. Тіпті таныс емес адамдар сізбен жақындасуға, танысуға, араласуға асығады. Кездейсоқ жерден ұнататын адамдар болады. Бұл айда жеке өміріңізде өзгерістер болуы мүмкін. Жеке таңдауда шешім қабылдауға тура келеді. Шын ниетіңізді жасыруға да мәжбүр боласыз. Айналаңыздағы адамдардың ішінде бүкпесіз сырласатын адам таба алмайсыз. Бұл аптада күш, білім жинап, тынығасыз. Ересектер сапарға шығады. Жас арыстандар көп қимылдап, еңбектенеді. 

 

Бикештер өміріне қатысты өзгерістерді қабылдай алмай қиналуы мүмкін. Әрекеттерді бақылауда жақындарыңыз кедергі келтіріп, жат қлық танытады. Сіз бұл аптада жағдайға көңіліңіз толмай, көп наз айтасыз. Отбасыңызда бір адаммен қатынасыңыз бұзылуы мүмкін. Ажырасу мәжбүрлігі, достықтың тоқтатылуы күтіліп тұр. Сонымен қатар араласатын адамдардың ішінде жаңа тұлғалар пайда болады. Олар кәсіптік қызметпен байланысты. Бұрынғы жоспар аясында сапарға шығуыңыз мүмкін. Денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Дене шынықтыруға көңіл бөліңіз. Қаржы мәселесі күрделірек. Үнемдеп, шығын шығармауға тырысыңыз. Ал жеке өмірде сізге назар аударады, тартымды боласыз. Жылы сөз естіп, жағымды лебізге ие боласыз.

Таразылар жасаған істерін қорытады. Өз ісіңіз бен әрекеттеріңізді мақтан тұтуға себеп табасыз. Вйналаңызға мықты серіктестер жинайсыз. Алға қойған мақсат әлі де алыс болғанымен, көп нәрсе өзгереді. Бұл біраз дүниеге деген көзқарасыңызды ауыстыруға медеу болмақ. Қызметте бәсекелестер көп. Әріптестеріңіз сіздің тарапыңыздан қаталдыққа тап болуы мүмкін. Өзіңізге тәуелді адамдарға қатыгездік танытасыз. Қаржылық мәселе ойдағыдай. Ақша қайтару, алу жағынан шеберлік танытасыз. Елдің жетістігі сізге алға жылжуға жігер береді. Заңгерлік жағынан нәтижеге қол жеткізесіз. Махаббат бесігінде де тербелесіз. Қызметке қатысты сапарлар күтілуде.

 

Сарышаяндар іскерлік жұмыстарын достық шеңберіне ауыстырады. Өткенде жолыңызда тұрған адаммен жақындасуыңыз мүмкін. Ортақ дүниелер пайда болады – сыр, жоспарлар. Қызметтік бағытта біраз мәселені шешуде ілгері идеялар мен ерекше жолдар қызықтырады. Келіссөздер көп-ақ. Талқылаулар да аз емес. Ақпарат өте маңызды болмақ. Айналаңыздағы адамдарға жылылық танытып, олардық мүмкіндігін ашуға жол бересіз. Сіз өз бастамаңыздың аясында әрекет жасап, жақсы көңіл күй тудыруға себепкер боласыз. Күш-жігеріңіз басым, мейірімділік танытасыз. Айналаңызда жұмыс қайнап жататын болады. Достарыңыз бен әріптестеріңізге ашықсыз, өзгенің еркелігін көтеруге шамаңыз жетіп тұр. Дүние-мүлік сатып, содан қаржы түсуі мүмкін. Жақсы адаммен сапарлас боласыз. Былтыр сізге маңызды болған іс туралы жаңа, маңызды ақпарат аласыз осы аптада. Көптеген сарышаяндар бұл аптада өзгеше тұсынан ашылады. Жеке өмірде көптен күткен жарқын кездесу болмақ. Ал басы бос сарышаяндар жаңа сезімге беріледі.    

Мергендер пікірлес немесе іскер серіктестерінің алдында өзінің ең ұтымды тұстарын ашады. Көп алдында майын тамызып айтқаны сәтті шығады. Жақындарыңыздың алдында шын ниетіңізді жасыруға тура келеді. Туыстарыңыздан жоспарыңызды да тығып ұстайсыз. Сапарға шығуыңыз мүмкін. Соңғы айда көрсеткен нәтижеге қарап, жұмысыңызды ауыстырғыңыз келеді. Одақтастарға тиімді тәсіл ұсынудың жолын қарастырасыз. Сізге өз жобаңызды іске асыру үшін жаңа адамдар, байланыстар қажет. Заңгерлік мәселені шешу керек болады, маңызды құжаттарға қол қоясыз. Бірақ барлық мәселеде қаржы мәселесі бірінші орында тұрады. Қолыңыздан қыруар қаржы өтіп жатса да, өзіңізге тиесілі ақша түспейді. Үйіңізде бірқатар өзгерістер күтілуде. Жөндеу жұмыстары. Көршілермен ұрсыспаңыз. Туыстарыңызбен де. Ол үлкен жанжалға ұласуы мүмкін. Жеке өмірде қасыңыздағы адамды ренжітіп алмау үшін сөздеріңіз бен істеріңізді бақылаңыз.

Тауешкілер өз мүддесін көздеп, іскерлік қарым-қатынасты пайдасына асыруға тырысады. Бірінші орында жеке бастың мәселесі тұр. Жеке өмірге қатысты. Сосын қызметтік міндеттер.  Алайда айналаңыздағы адамдарды көп еңбектеніп жүрмін деп сендіресіз. Бұл аптада қиын келіссөздерге қатысып, ықпалды адамдардың қарсылығына тап болуыңыз мүмкін. Бірақ оған төтеп бере аласыз. Сіздің мүмкіндігіңіз белгілі бір аядағы міндеттемелерге қатысты болады. Сонымен қатар еңбегіңіздің бірқатар жемісін көрсесіз. Көбісі жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Ұзакқ күткен сапарға шығып қалуыңыз ықтимал. Іскерлік пен жеке өмір араласып тұр. Үйіңізге қонақтар келеді. Сыйлық аласыз. Ескі досыңызбен қош айтысасыз. Қаржы мәселесі күрделірек.

Суқұйғыштар қызметінде өзі туралы қалыптасқан пікірді бұзып алуы мүмкін. Біреуді сынаудан аулақ болыңыз. Достарыңыз бен әріптестеріңізді өзіңізге қарсы қойып алуыңыз мүмкін. Бұл аптада бұрын шарттасқан мәселеге қатысты кездесулер болады. Өз құқығыңызды дәлелдеуге тырысыңыз. Көп кабинеттерге кіріп, құжат толтырасыз, рәсімдейсіз, маңызды құжатқа қол қоясыз. Беделді, сенімді адам көмек береді. Сапарға шығу туралы ұсыныс түседі. Кейбіреуі іс-сапарға аттанады.  Денсаулыққа көңіл бөліңіз. Жоспарланбаған шығындар күтілуде. Ол мазасыздық тудырады. Жеке өмірде кез келген өзгеріс көңіліңізді қалдырады. Ал бұрынғы қатынас тұрақты және сенімді болады.  

 

Балықтар бұрынғы жоспарынан бас тартады. Осыдан бұрын ұсынып жүрген идеялар сізді енді ғана қызықтырады.  Жақында ғана түк шықпайды деген ұсыныстар енді назарыңызға ілігеді. Бірқатар салалы келешегі бар серіктестік, одақтастық, яғни бірге жұмыс істеу күтілуде. Қаржылық келісімшартқа қатысы бар келіссөздер өте маңызды болмақ. Сату немесе жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы шешім қабылдайсыз. Қызметте аздаған тұрақсыздық бар. Егер басшы болсаңыз, шығыны көп қосымша жұмыстан бас тартыңыз. Егер қатардағы қызметкер болсаңыз, ақшаға қатысты әріптес немесе бастығыңызбен жағымсыз қиындық туып қалуы мүмкін. Алыстан, шетелден келген адаммен әңгіме өте маңызды болмақ Алыс жолға шығу  сауалы көлденең тұрады. Сізге жақын досыңыздың тарапынан қолдау қажет. Ал жеке өмірге сіз ойлағандай бәрі дұрыс емес, көңілсіз жәйттер орын алады.  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

 

Оқи отырыңыз: 2018 жылға жұлдыз жорамал – Қиыр Шығыс астрологтарының академиясы

Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол

«Кел, келінім» бағдарламасы қоғамға қаншалықты қажет?

Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?

Намысы кеш оянған қыздардың «назарына» налимыз ба...

Діни экстремизм: Дін жолына бысын байлаған басшылар бар ма?

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.