{metadescription}
Жемқорлыққа белшесінен батқан қай сала?

Жемқорлыққа белшесінен батқан қай сала?

Жемқорлықтан ел экономикасына келетін залал миллиондап емес,  миллиардтап та емес, триллиондап есептеледі екен. «Биені бүгімен, түйені түгімен жұтып» жатқандар жымысқы пиғылын қандай жолмен жүзеге асырады? Жемқорлықпен ұстап, қамап жатқанымен парақорлық тыйылған жоқ. Шетелге кетіп жатқан ақшалардың белгілі бір схемасы бар ма? Қазақстанда жемқорлыққа белшесінен батқан қай сала?

Осы сауалдарды КТК тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шаттық Өтеевке қойып көрді.

Осыдан біраз бұрын Қазақстаннның экономикасына сыбайлас жемқорлықтан келген шығынның көлемі 1 триллион теңгеден асады деген ақпарат таратылды...

1 триллион залал келуі мүмкін ретінде мысал келтірілген шығар. Болжам ретінде. Ол халықаралық деңгейде есептеледі. Көлеңкелі экономика қалай жүргізілетінін көрсетеді. Көзге көрінбейтін экономикалық қылмыстар болады. 

Көзге көрінбейтін экономикалық қылмыс деген ол қалай?

  Мысалы, есірткінің экономикаға қанша кедергі келтіріп отырғанын есептеу қиын. Контрабандалық өнімдер, заңсыз айналымға түсетін нәрселер болады. Кейіннен таралған ойын автоматтары бар.

Айтып отырған үлкен сомалардың шығып кетуіне бұдан басқа жолдары бар ма? Қай салада көбірек жемқорлыққа жол беріліп жатыр?

Бүгінгі таңда ұлттық бюромен  2361 қылмыстық іс тіркелген. Оның 1726-сы жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер. Яғни, олардың іс-әрекетімен мемлекетке келген залал 14 миллиард 400 миллион, ал оның 12 миллиард 800 миллионы бүгінгі таңда өндіріліп отыр. Осы жасалған 1726 сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 57 пайызы тек парақорлыққа тең. Яғни, 979 фактісі. Ал, оның 3/1 жымқыру фактілеріне тең. Мемлекеттік қызметкерге сеніп тапсырылған мемлекеттік қаражатты жымқырып, өз пайдасына шешкен фактілер. Пара алушы да, пара беруші де қылмысқа тартылады.

Қылмыстық істің көбісі жергілікті атқару органдарында тіркеледі. 29 пайызы құқық қорғау органдары.

Қазақстан бойынша 14 мемлекеттік білім және ғылым, Нұрлы жер, Нұрлы жол, жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламары бар. Оларға миллиардтаған қаржы бөлінеді.  Осы салада 324 қылмыс  тіркеліп отыр. 1 миллиард 900 миллион теңгеге залал келіп, оның 1 миллиард 700 миллион теңгесі өңдірілді, яғни бюджетке өңделіп, қайтарылып отыр.

Қалың халық арасында, әріптестеріміздің арасында пікір бар: тек шабақтарды ұстап, шортандары ешқашан қармаққа ілінбейді.  Бірақ соңғы жылдары шортанның көкесін көріп отырмыз. Қанша ұстап, қамап жатқандарыңызбен жемқорлық, парақорлық тыйылған жоқ.

Дүниежүзінде сыбайлас жемқорлықты жеңген бірде-бір ел жоқ. Қаржы полициясы кезінде экономикалық қылмыстармен де, жемқорлық қылмыстармен де бір орган айналысатын болған. 2014 жылдан бастап екіге бөліп, жемқорлықпен күресу ұлттық бюросына жүктелді. Мамандандырылып, соның арқасында нәтижеге жетіп отыр. Қазір республика көлемінде жемқорлық қылмыстары өткен жылы 15 пайызға, осы жылы 7 пайызға төмендеді.

Оффшорға, шетелге миллиардтап ақшалар кетіп жатыр. Ресми органдар жариялап отырған соң, ақпарат құралдарында жариялап жүр. Оның алдын алу мүмкін бе? Шетелге шығып кетіп жатқан ақшалар қандай схемалармен жүреді? Белгілі бір-екі схемасы бар ма?

Бәріне аян, әр адам шетелге ұшатын кезде декларация толтырады, 10 мың доллардан асатын болса. Сол себептен әр электронды форматта өткен ақшалар қадағалауда тұрады. Мынандай жолдары болуы мүмкін, 200 мың миллион теңгеге оффшор зонасында мекеме құрылады. Ол жақтың заңы бөлек. Қазақстандық компаниямен келісімшартқа отырады.

Сұхбаттың толық нұсқасын "Аптап" бағдарламасынан қараңыз. 

Әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан ең өзекті мәселені таразылайтын «Аптап» бағдарламасын қалт жібермеңіз!

Оқи отырыңыз: Қауіпті дертпен ауыратындарға қалай қарайсыз? 

Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым 

Омархан Өксікбаев: Халықтың есебінен кім байып отыр? 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде