{metadescription}
Ойнап жүріп от басқан қыздарға аборт жасатқан дұрыс па?

Ойнап жүріп от басқан қыздарға аборт жасатқан дұрыс па?

Елімізде оң босағада отырып жүкті болған қыздар қанша? Жасанды түсік түсік жасатқандар ше? 16 жасқа толмаған жас қыздарға ата-анасының келісімінсіз жасанды түсік жасатуды заңға енгіземіз бе? Жасөспірімдер арасындағы жүктілік көрсеткіші қандай? Ресми статистикаға қараңыз.

Соңғы аптада қоғамда талқыланып жатқан тақырып: 16 жасқа толған бойжеткендердің ата-анасының келісімін алмай-ақ түсік жасатуына рұқсат беру туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы. Министрлік уәж ретінде 18 жасқа толмаған қыздар арасында жүкті болу көрсеткішінің күрт көбеюін алға тартады.

  Қыздардың жартысына жуығы жасанды түсік жасатқан. Оның ішінде ата-анасына айтпай, абортқа жүгінгендер бар.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап  914 әйел зорланып, 204-і жәбір көрген.

Кәмелетке толмаған 84 бала зорлық көріп, 88 жеткіншекке жыныстық сипаттағы әрекет жасалыпты.

Байқамай бала көтеріп қойған қыздар жүктілігін ерте үзу үшін  түрлі дәрі-дәрмекке жүгінеді. Ата-анасына айтпай түсік жасататындары да бар.

Соңғы бес жылда елімізде 18 жасқа толмаған 33051 қыз ауыр аяқ болып, оның 9906-ы іштегі баланы алдырып тастаған. Осының кесірінен әрбір төртінші қыз ана болу бақытынан айырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай 16 жасқа толған бойжеткендерге ата-анасының келісімінсіз-ақ түсік жасауға рұқсат беру керек деген ұсынысты ортаға тастады.

Ләззат Ақтаева, Денсаулық министрінің орынбасары:

Жасөспірімдер 16 жастан бастап өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Былтыр 18-ге толмаған 3500 бойжеткен сәби сүйген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі 15-19 жас аралығындағы жастардың 30% жыныстық қатынасқа түскен.

Олардың алғашқы тәжірибесі 14 жаста.  Министрлік түрлі жұқпалы ауру мен ерте жүктіліктен сақтандыру үшін жаңа кодекс жазып жатыр.

 

 Сарапшылардың айтуынша, дұрыс тәрбие болмаса, қыздар ерте кезден жүкті болып қалуы мүмкін. Кейін биіктіктен құлап өз-өзіне қол салады немесе заңсыз жолмен түсік жасатады. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін балаға ашық айту керек. Бұл психологтың кеңесі. Яғни ерте жүктіліктің неге ұрындырарын үнемі түсіндіріп отырса, зардабы да ауыр болмайды.

Әлия Мәмбеталина, психолог:

Кішкентай қыздарды  түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектептерге барып, оқушы қыз-балалармен  сөйлесу керек, жасөспірім кезінен бастап. Жыныстық сауатын ашу қажетпіз.

Жастар арасындағы жыныстық-қарым қатынастың қауіпті екенін төмендегі деректер де айғақтап тұр. Тексеруден өткен 18 жасқа дейінгі қыздардың 25%-да гинекологиялық аурулар анықталған.

Ал еліміздегі ең жас ана небәрі 13 жаста.

Кәмелеттік жасқа толмай босанған аналар арасында өлім көрсеткіші 20-30 жастағы әйелдерге қарағанда 50%-ға артық.

Дағдарыс орталықтары, «Ана мен бала» үйінен пана іздеп баратын жандардың саны азаймай тұр. Мамандардың айтуынша, олар медициналық емес, психологиялық көмекке зәру. Өйткені оң босағада отырып жүкті болып қалғандар көбіне қолдауға емес, қудалауға душар болып жатады.

   

Зүлфия Омарова, Дағдарыс орталығының маманы:

 16 жастағы жүктіліктің бір себебі: ата-аналар балаларға толық мағлұмат бермейді. Қайта айналып келгенде, қазақтың менталитеті, ұят болады, елден ұят деген шектеу қою. Қазіргі заман талабына сай, балаға шектеу қоюға болмайды. Барлығын ашық түрде түсіндіре білу керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі әзірге ұсыныс ретінде қарастырылуда. Заңға бұл ереженің енгізілу-енгізілмеуі екіталай. Оны алдымен қоғамдық ұйымдар мен тиісті мамандар жан-жақты талқылауы тиіс. Бірақ қоғам денсаулығын жақсартамыз деп ұрандағандар дәл осындай жағдайды өз басынан өткергендердің пікіріне де  құлақ асқаны жөн сияқты.

Аталмыш тақырыптың толық нұсқасын "Аптап" бағдарламасының арнайы репортажынан қараңыз. "Аптап" әр жексенбіде сағат 20:00-де КТК арнасынан ұсынылады.  


Оқи отырыңыз: Қауіпті дертпен ауыратындарға қалай қарайсыз? 

Жедел жәрдем туралы білуге тиіс мәлімет 

Көру қабілетіне кері әсер ететін 5 фактор 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.