{metadescription}
10 сұрақ: Әлем елдерінің жаңажылдық дәстүрін білесіз бе?

10 сұрақ: Әлем елдерінің жаңажылдық дәстүрін білесіз бе?

Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші, оқырмандарымызға мынадай жыңажылдық тест ұсынуды жөн көрдік, біле жүріңіз.

1. Францияда, Германияда және басқа да католик елдерде Жаңа жылды қалай атайды?

  • Адвент  
  • Николас
  • Ревейон
  • Сильвестр

2. Испандықтар сағат 12-ні соққанда нені жейді?

  • Жүзім
  • Мандарин
  • Ірімшік түрлері
  • Жіңішкелеп кесілген сиыр еті

3. Чехияда тұқы (тұщы суда болатын бүрге балық) рождестволық дастарқанның басты мәзірі. Ал Вьетнамда бұл балықпен Жаңа жылда не істейді?

  • Бір-біріне сыйға тартады
  • Жемдеп, өзенге жібереді
  • Аулайды, жаппай балық аулау ұйымдастырады
  • Жейді

4. Бразилия Жаңа жылды жағажайда қарсы алады. Олар сонда қандай түсті киім киеді?

  • Ақ
  • Алтын түстес
  • Қызыл
  • Қара

5. Жаңа жылда соғылған сағаттың соңғы тықылында болгарлықтардың үйіндегі шам сөндіріледі. Қараңғыда адамдар не істейді?

  • Сыйлықтарды ашады
  • Тығылады
  • Ешкім көрмейді деп  күшті ішімдік ішеді
  • Сүйіседі

6. Грецияда дәстүр бар: отағасы аулаға шығып, үйдің қабырғасына жеміс лақтырып жарады. Қандай жеміс?

  • Қарбыз
  • Анар
  • Қауын
  • Алма

7. Үйімізге Жаңа жыл сағат тілі он екіні соққанда кіреді дейміз. Ал Жапонияда жыл өзгеруі нені білдіреді?

  • 108 рет қоңырау соғылғанда
  • Күн Фудзи үстінде атқанда
  • Императордың құттықтауы
  • Мерекелік отшашу

8. Кубада жаңа жыл қарсаңында бір шелек су дайындап, 12-ні соққанда терезеден су шашады. Бұл дәстүр нені ілдіреді?

  • Кубалықтар қаржы түйткілінен су арқылы құтылады, сонда жаңа жылда ақша көп болады деп сенеді.
  • Осылайша ішімдіктен ауырған бас жазылсын дейді.
  • Ескі жылмен қош айтысады, жамандықтың бәрі сумен кетсін дейді.
  • Жаңа жылда құрғақшылық болмасын, астық молынан болсын

9. Ұлыбританияда жаңа жыл түнінде бірінші артқы есікті, сосын алдыңғы есікті ашатын дәстүр бар. Не үшін?

  • Санта-Клаусты күтеді
  • Ауаны желдетіп, тазарту үшін
  • Ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды кіргізу үшін
  • Есігіміз қонақтар үшін айқара ашық дегенді білдіреді

10. Фин халқы Аяз аталарын қалай атайды?

  • Йоулупукки
  • Пэр Ноэль
  • Санта-Клаус
  • Қасиетті Олаф

ДҰРЫС ЖАУАП:

01. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Рим Папасы I Силвестрдің құрметіне мерекелік іс-шара өткізіледі, ол аңызға сәйкес, қорқынышты жылан Левиафанды жеңген.

02. Сағат 12-ні соға бастағанда-ақ бір-бір жүзімнен жеп, тілектерін жеткізеді. 1909 жылы Испанияда жүзімге молшылық болғаны соншалық, артық жүзімді қайда жұмсарын білмей, жаңа жылда бәрі жүзім жеген екен. Сол жылдан бастап аталмыш дәстүр қалыптасқан.

03. Жаңа жыл Вьетнамда Тет деп аталады және көптеген дәстүрге ие. Мәселен, жылдың соңғы айының 23-ші күнінде су қоймаларындағы тірі тұқыларды жемдеп, өзендерге жібереді. Сөйтіп үй берекесін сақтаушы Онг Таоны Нефрит императорына шығарып салады.

04. Бізден айырмашылығы, бразилиялықтар Жаңа жылда 12-нің соққанын елең қылмайды. Олар жағажайда көңіл көтеріп, түрлі-түсті от шашуды тамашалап, толқынмен бірге қалықтайды. Жағажай осындайда ақ теңізге ұқсайды, өйткені жұрттың бәрі бейбіт өмір мен тазалықты білдіретін ақ түсті киім киеді.

05. Жаңа жыл кіргенде болгарлықтар шамды сөндіріп бір-бірін сүйеді. Сондықтан болар, мерекені жақын туыстарының арасында тойлау дәстүрге айналған.

06. Анар. Егер жарылған анардың дәндері неғұрлым алысқа шашыраса, жанұя бұл жылы соғұрлым бақытты өмір сүреді деп сенеді. 

07. Жапондықтар адамның алты негізгі кемістігі бар деп есептейді, олардың әрқайсысында 18 реңк бар. 31 желтоқсаннан бастап 1 қаңтарға қараған түні сағат он екіде ғибадатхана қоңыраулары 108 рет соғылады, солайша аталған кемшіліктер жойылып, жаңа жыл келуін жариялайды.

08. Кубада терезеден су шашқанда жаңа жыл тап-таза, тұп-тұнық судай болсын дейді.

09. Артқы есік сағаттың алғашқы соғысымен ашылып, осылайша ескі жылды шығарып салады. Ал алдыңғы есік сағаттың соңғы тықылымен ашылып, табалдырыққа шақырылады.

10. Қазір Йоулупукки белгілі бір ұлттық сипаттамалары сақталғанымен бәріне таныс Санта-Клаусқа ұқсайды: ақ сақалды, қызыл тон мен малақай. Бірақ тіпті XIX ғасырда оны ешкінің терісімен, тіпті мүйізбен бейнелеген.

Оқи отырыңыз: Түс туралы 14 қызықты дерек 

Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай

Қартайғанда қылық шығарған қарттар 

Ойнап жүріп от басқан қыздарға аборт жасатқан дұрыс па? 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде