{metadescription}
24 – 30  желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

24 – 30 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамал

Жаңа жылды қалай қарсы аламын? Қарбалас шақ қалай өтеді? Бұл сізге арналған жұлдызнама. Осы аптада болатын нәрселер. Жолыңыз бола ма? Жоспарлаған дүниеңіз іске аса ма? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек, нені  басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 24 – 30  желтоқсанға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.  

Тоқтылар үнемі кәсіби қозғалыста болып, жауапкершіліктермен жүктеледі. Ұзақ уақыт бойына сіздің назардан тыс қалған іс-әрекеттеріңіз қалпына келтіріледі. Осы кезеңде дос-таныстарыңыз белсенді болмақ. Телефон қоңыраулары көп. Көптеген маңызды келіссөздер мен түкке тұрғысыз әңгімелер де көп болады. Өзгелердің игілігі үшін уақытты жұмсамаңыз. Отбасының дәстүріне байланысты үлкен шығындар болуы мүмкін. Туыстармен түсіністік пен қолдауды таба аласыз. Олар күтпеген сыйлықтар күтеді. Кез-келген жағдайды бақылау тұрғысынан жақсылықтар бар. Ол дене салмағын түзетуден бастап, басқалардың мінез-құлқына ықпал етумен аяқталады. Сөйтіп басқаларға үлкен әсер тигізесіз. Осы кезеңде қызықты кездесулер мен тағдырыңызға әсе ететін жоспарланбаған кездесулер болуы мүмкін. Бойдақтар өзгеріс алдында тұр. Жауапты шешім қабылдау қажет.   

Торпақтар өзгелердің тілегі үшін өз мүддесінен таймайды. Өзіңіздің жақын адамдарыңыздың арасында сөздеріңіз бен іс-әрекеттеріңізді мұқият бақылап отырасыз, өйткені қарым-қатынасыңыздың жалпы ережелерін бұзбауыңыз керек. Бұл сіздің жақын досыңыздың ісіне қатысты. Аты-жөні, есімі маңызды істер болады. Осы кезеңде маңызды нәрсені іздеумен айналысатын боласыз. Ол әрдайым орындала бермейді. Бірақ жұлдыздар бұл үлкен қажеттілік болатынын айтып отыр. Құқықтық мәселелерге қатысты бірнеше қысқа сапарлар бар. Мұндай жағдайларды табысты шешуге үміттене алады. Ақша қайтаруға ыңғайлы уақыт. Бірақ біреуге ақша бермеңіз.  Сондай-ақ өзіңіздің қателігіңізге қатысты мәселе, шығын туады. Сіз көбінесе өзіңізге сенімсіз болып, әрекеттеріңізге шешім қабылдай алмай қиналуыңыз мүмкін. Сізді қажет ететін адамнан бас тартпаңыз. Бұл жерде сезім туралы сөз болып отырған жоқ.

Егіздер өз қалауынан бас тартпауы керек. Іс-шараларды жедел өзгерту, бизнестегі жаңартулар және жаңа мүмкіндіктер бар. Сіздің жоспарларыңызды іске асыруда өте маңызды, ықпалды адаммен танысу керек. Алдағы апта - үлкен, тіпті біршама сәтті мақсатқа шағын, сәттілік әрекеттерін ұсыну уақыты. Әлеуметтік үйірме кеңейіп, сан алуан болады. Дегенмен эмоционалдық тұрақсыздық бар. Жанжалдар, туыстары мен әріптестері арасында жүйкеге әсер ететін жанжалдар жоқ емес. Қарым-қатынасты қалпына келтіруге көптеген энергия жұмсалады, бұл ішкі шаршаудың себебі боларү Басқалармен қарым-қатынаста икемділік, дипломатия және сот ісін жүргізуден бас тарту қабілеті сізді қызықтыратын адамдар үшін қолайсыз бәсекелес етеді. Жеке өміріңізде басқалар сені қабылдағандай қарапайым емессіз. Сіз айбынды, есепшіл, және айтан беттен қайтпайтын адамсыз. Сіздің көзқарасыңыз әрқашан басымдық береді. Ақша негізгі рөлге шығатын қысқа да, қызық роман болады.

Шаяндар өзінің шешім қабылдай алмайтын мінезін жеңіп шығады. Бұл күндері  сіз лыпылдап жүгіретін боласыз, өз қабілеттеріңізге сенімдісіз. Егер ұсыныс жасалмаса, батыл шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Бастама көтересіз, тартымды боласыз, өз ұстанымыңызға сенімдісіз. Серіктестермен, пікірлес адамдармен көптеген кездесулер бар.Өз тәжірибеңізді қолдана отырып, қосымша жұмысқа оңай ауысасыз. Басқа адамдардың кеңесінен сыпайы түрде бас тартасыз. Алдында жұмсаған күш-жігеріңізді нәтижелі деп санауға болады. Сіз жасаған нәрселерден қанағаттанасыз. Алыстағы адамнан маңызды хабар келеді. Достарыңызбен дастарқан басында отырасыз. Сыйлық аласыз. Апта сізді жылдам шешілген жағдайлармен қуантады. Соңғы уақытқа дейін іске аспаған нәрсе осы күндері өте нақтыланады. Бұл көбінесе басқа көзқарасты толық жеңуді білдіреді. Қаржылық жағдай сізің ниеттеріңізге байланысты болады. Жас отбасы мүшесі мен үй жануарына қатысты өзгерістер болуы мүмкін. Жеке өмірде бәрі тұрақты, тіпті бойдақ шаяндарда да.  

Арыстандар қамсыз, сабырлы. Ниетіңіз қуып жету әдісін қолданып, басқаларды айналып өту қажеттілігімен байланысты болады. Өзгелерді басқаратын рөл қолыңызға тиеді. Осы кезеңде сіз осы немесе басқа жағдайдың дамуын және салдарын оңай болжай аласыз. Ішкі түйсігіңіз жоғары қабілетті. Әрдайым қазіргі кезде не істеп жатқаныңызға қызығушылық танытасыз. Бірақ сіздердің бастамаларыңыз жақсы деу қиын. Дегенмен сіз әрқашан үлкен жетістікке қол жеткізе аласыз. Құжаттарды реттеп, маңызды қағаздарды рәсімдеуге ыңғайлы кезең. Қазір жасамасаңыз, кейін құжатқа қол қойдыру қиынырақ болмақ. Ақша үшін белгілі бір құжатты (мысалы, билет) сатып алу қажет болса, оны кейінге қалдырмаңыз. Тап қазір істеу керек! Тұрмыста өзгерістер бар. Тұрмыстық техниканы сатып алып, үйіңіздің ішкі бөлігін өзгерте аласыз. Сіздің жеке өміріңіз жаңа түстермен жарқырайды.

Бикештер өз өзгерістер міндетті түрде болатынын түсінеді. Және өмір сүрудің бұрынғы жолы бұдан былай мүмкін болмайтынын түсінеді. Жағдайға бейімделуіміз керек, жаңа жоспарлар туралы ойлауымыз және шағын қадамдарда әрекет етуіміз керек. Бизнесте маңызды өзгеріс жоқ. Рас, жағымсыз сәт - басқа адамдар сіз үшін шешім қабылдайды. Егер беделді адамыңыз болса, ол көмек берсе, онда сіздің проблемаларыңыз өзектілігін жояды. Пайдалы байланыстар өте маңызды болады. Олардың есебінен кейбіреулер табысқа жетеді, ал басқалары алға басады. Егер сіз үшін жақсы сөзді айтуға ешкім болмаса,үлкен қиындыққа тап боласыз. Жақын адамның жанұясында отбасының кіші мүшесі үшін жауапкершілік мәселесі туындауы мүмкін. Сондай-ақ, біреуге біраз үй жануарын бересіз. Туыстарыңызға бейімделуге тура келеді. Олардың қажеттіліктері мен мәселесіне құлақ түресіз. Көптеген тапсырмаларды орындауға уақыт бөле алу үшін көп нәрсені есте сақтау қажет болады. Серіктестер тарапынан жақсы жаңалық күтіледі. Жеке өмірдегі қарым-қатынастар жақсарады. Жүйкеңіз тыныш табады. Жақын адамыңыздан күтпеген қаржылай көмек келіп, соған қатты қуанасыз.

Таразылар тбелгілі серіктестіктегі қарым-қатынастың болашағын жоғалтуы мүмкін. Және бұл әрқашан жеке өміріне әсер етпейді. Керісінше - іскерлік қарым-қатынас, кәсіби байланыстарға. Басқа адамдардың амбициясы мен ақылсыздығының салдарынан   күш-қуатыңыз біткен болуы мүмкін. Неғұрлым қатал шараларға көшу керек. Өзгеге ықпал ете алатын жеткілікті ресурстарыңыз бар. Кәсіби өсу дәрежесін арттыра аласыз. Жетістіктеріңізді бәрі байқайды. Бірақ көреалмаушылар көп. Қызықты танысулар, жасырын ынтымақтастық туралы ұсыныстар болуы мүмкін. Кескін-келбетті өзгертуге қолайлы уақыт туды. Қоғамдық салада адамдармен бірге жұмыс істеуге тура келеді. Мүмкін сот ісін жүргізіп, дауларды құқықтық жолмен шешесіз. Сіз бәрінің назарындасыз. Жұрт алдында айтқандарыңыздың барлығы ерекше мәнге ие болады. Белгілі бір адам сізге тәнті болады. Денсаулыққа мән беріңіз. Ақша табу қиынырақ, бірақ қалтаңыз бос болмайды. Махаббат сізден бір елі қалмайды. 

Сарышаяндар басынан өткерген сезімдерден оңай арылады. Бұл өмірдің жаңа кезеңдерін меңгеру уақыты. Сізге алға жүріп келе жатқаныңызды, жол ашық екендігін және сіздің іс-әрекетіңіз бекер емес екенін түсінесіз. Пікірлес, достарының арасында көп уақыт болады. Тіпті үлгере алмай қалған кездеріңіз болады, өйткені көп шаруаны тындырасыз. Бірқатар сұрақтар туындайды, оны тек өзіңіз ғана шешесіз, бұл шығармашылыққа, жасырын жұмысқа қатысты. Танымал адам бірге жұмыс істеуге шақырады. Өткеннен белгілі бір адам күмәнді ұсыныспен шығады. Сыпайы болуға тырыспаңыз. Кейде қатал сөздер жақсы түсініледі. Қаржылық жағдайды мұқият бақылап отырасыз. Осы кезеңде ақшаның белгілі бір сомасы қайтарылуы мүмкін. Достарыңыздан күтпеген тосынсыйлар болуы мүмкін, сіз күтпеген сыйлықтар болуы мүмкін. Өмірдің тұрмыстық жағына назар аудару қажет. Жихаз жаңартуыңыз мүмкін. Сезіміңізді бақылауда ұстайсыз. Бүгінгі қарым-қатынас өз мағынасын жоғалтады. Жолда шығудың уақыты келді.

Мергендер бұрын өткен істерін үлгі тұтқанынан, идеяларынан көңілі қалуы мүмкін.  Сіздің көзқарасыңызды ешкім де құптамауы мүмкін. Бірақ біреудің сөзінен қамығасыз, оқшауланасыз. Сол себепті жұмбақ күйге түсесіз. Сол себепті өзіңізге назар аударасыз. Сөйтіп біраз келісімді жүзеге асырасыз. Әр сұрақта түсіністік табылады. Басты шарт  - шынайылық, мәселеге ықылас қою. Өтірік қылық бұл жерде жүрмейтін болады. Ол тіпті қатынасты үзіп жіберуі мүмкін.  Әйтпесе үлкен драмаға айналып кетуі де ғажап емес. Береріңіз аларыңыздан әлдеқайда көп. Қаржы тұрғысынан да. Қаражатты бақылап, үнемдеуге трысыңыз. Алыстан келген туысыңыз сізді таң қалдыратын болады. Жақындарыңыздың арасында шешілетін бір жаңалық болады. Кіші жастағы туысыңызға көмек бересіз. Мүлік мәселесіне қатысты сұрақ шешімін табады.  

Тауешкілер ұзақ мерзімді істерге көңіл қояды. Көбісі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қысқа мерзімге сапар күтілуде. Бет-әлпетіңізде, киіміңізде өзгеріс болады. Ол көбінесе өзгенің ықпалымен жүзеге асады. Сізге көп адам қонаққа келеді. Өткенді еске алып дастархан басында отырасыз. Алыстан келген хабар ренжітуі мүмкін. Ол туыстан келуі мүмкін. Біреудің проблемасын шешуге тырысасыз. Қолғабыс көрсетесіз. Кіші жастағы туыстармен араласып, қуанышқа бөленесіз. Содан басқа бақыт жоқ бұл өмірде деген ойда боласыз. Өзіңізге қымбат адамды жолға шығуға дайындайсыз. Қонақ күтесіз. Ер адамнан сыйлық алып, мереке шарасына шақырыласыз. Бірақ сіз қарбаластан аулағырақ болғаныңыз дұрыс. Өзіңізге маңызды дүниеге көңіл бөліңіз. Әйел адамнан ақша түседі.  

Суқұйғыштар бойына жиналған шаршаңқы күйде жүріп жаңа қиындықтардан өтеді. Бұл мерзімде жұлдыздар сізді қорғайды. Сізге сәттілік әкеледі. Мүлікке қатысты, бәлкім бірге тұру мәселесіне қатысты қиын мәселе шешімін табуы мүмкін. Жақын адамдарыңыз көмек беріп, қолдау көрсетсе, өзіңізді жақсы сезінетін боласыз. Сапарға шшыққанда шешімін табатын идея келеді басыңызға. Уақытша серіктес адам жақсы кеңес береді, солның арқасында өзіңізді мазалаған сұрақтың шешімін табасыз. Нүкте қойылған дүниеге мән бере алмайсыз. Дегенмен жақсылыққа сенесіз. Кейде бір адамның бойында небір қасиеттердің болуы таң қалдырады. Бірақ бұл қасиеттер сізді жұрт алдында тартымды көрсетеді. сіз ешкімге ұқсамайсыз, ерекшесіз. Қаржы мәселесі бақылауда тұр. Алайда тап қазір қаражат қажет болады. Сенер адамыңыз аз, сондықтан бәрін өз қолыңызға алуға тура келеді.

Балықтардың көкжиектен көрнген сынаққа дайын. Тағдыр сізді тағы да күту тізіміне қайта қояды. Бақыт пен сүйіспеншілігі сізден әзірге алыста тұр. Ескі сезім мен естеліктермен қанағат ала тұрыңыз. Бұл кезеңде әшкерелеу идеясы үйіңіздің төбесінде қалықтап тұр. Өзгелер білмеуі тиіс нәрсені құпия ұстаңыз. Әйтпесе өсекке қалып, бойыңыздағы күш-қуат азаяды. Жақын адаммен дау-жанжал болуы мүмкін.Егер жомарттық танытсаңыз, онда жанжалдың ізі де қалмайды. Үйіңізге қонақтар келеді. Белгілі бір адам сіздің өміріңізде өзгеріс  жасап, отбасылық дәстүрді бұзуы мүмкін. Әдеттегі өмір салтын, айтылмайтын ережелерін өзгертуі мүмкін. Денсаулыққа көңіл бөліңіз.  Оңалтуға бару қажет. Таза ауада көп уақыт боласыз. Сенімді досыңызбен ескерткіштері бар жерге барасыз. Ол қызықты өтеді. Серуендер күтілуде. Қысқа сапарда қажетті ақпарат аласыз. Басқа адамдардың бақыты сізге тыныштық бермейді ...  

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Түс туралы 14 қызықты дерек 

Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай

Қартайғанда қылық шығарған қарттар 

Ойнап жүріп от басқан қыздарға аборт жасатқан дұрыс па? 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде