2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы
Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 2019 жылға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз. Нені, қалай жоспарлайық? Отбасылық қарым-қатынаста алдын ала нені білген дұрыс және биыл мақсатымызға жете аламыз ба? Сонымен, 2019 жылы бізді не күтіп тұр?
Тоқтылар биыл өмірдің тұрмыстық жағына үлкен көңіл бөледі. Мұнда өзіңізге шабыт, қанағат пен өз талантыңызды көрсетуге мүмкіндік ласыз. Көбісі қайта жөндеу, қалпына келтіру, құрылыс жұмыстарымен айналысады. Батыл шешім, тың идеялар болуы мүмкін. Араласатын дамдардың қатары толып, жаңарады. Жаңа таныстар назарыңызда болмақ. Және әрдайым шығармашылық, өзара кәсіби қызығушылық байланыс жасауға себеп болады. Жыл қарқынды, қозғалысқа толы болмақ. Сапарлар, тұрған жерден көшу немесе ауыстырулар болуы мүмкін. Көптеген торпақтардың өміріндегі өзгерістер тап осы көшумен өзгеруі мүмкін. Тым болмағанда өмір салты өзгерп, таныстары да жаңарады. Бір жақын танысымен сенімді қарым-қатынас орнайды. Мамандығы бойынша немесе жұмысында өзгерістер болуы мүмкін. Бұл білім алу, жаңа тәжірибе алу, жинауға жемісті жыл. Қаржылық жағдай кейде қинайды. Жыл бойы шығындар күтілуде. Ақша жақын адамдардан келіп отырады. Қаржы және жеке өмір өзара тығыз байланыста болмақ.
Торпақтар артық нәрседен айырылмай, алға жыли алмайды. Дамуға кедергі келтіретін дүниелер: қызғаныш, күндестік, жұрттың жетістігіне деген тым артық қызығушылық. Жұлдыздар елдің жетістігіне мән бермеуге шақырады. Өйткені ол өз жолыңызды бөгеп, алға ұмтылуға шектеу қояды. Өзіңіздің мақсатыңызға ғана мүдделі болыңыз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз. Мақсат қойып, соған жетуге барынша талпыныңыз. Сонда жолыңыз ашылады. Бұл жылы біліміңізді жетілдіріп, жан-жақты дамығаныңыз дұрыс. Биылғы жыл мұғалімдерге, тәрбиешілер мен тәлімгерлерге арналған. Биыл одақтас пен жебеуші табасыз. Немен айналыссаңыз да, әрдайым сізді жақтайтын пікірлес табасыз. Серіктестеріңізбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Жаңа махаббат пайда болады. Неке қиюыңыз да мүмкін. Мықты одақ құрасыз. Творчестволық одақ та құрылады. Достастықты нығайтатын мезгіл туып тұр. Қайтарылмай жүрген сома қайтарлады. Қаржы мәселесін мықтылап бақылайтын боласыз. Шығындар көбінесе жақындарыңызға шашылады. Үлкен жастағы туысыңызбен қош айтысасыз.
Егіздер ұзақ күтіп, қатты уайымдаған дүниелерін бағалайтын болады. Дегенмен биыл жақында ғана күнделікті өмірде маңызды рөл атқарған адаммен қиналмай қош айтысасыз. Жылдар бойы айналысқан істен де ажыратылуыңыз мүмкін. Сонымен бірге жаңа кәсіпке қызығасыз, бұрын айналыспаған жаңа іске құлшынысыңыз оянады. Белгілі бір себептермен жұмыста жұмыста кедергілер болады. Жаңа ереже, жаңа міндеттер мен жағдайлар орнайды, оған үйрену де бастапқыда қиынға соғады. Адамдармен байланыста бұрынғыдай ашық болмайсыз, сенімсіздік пен күдік те орын алады. Өмір салтыңыз оқшаулау болуы мүмкін. Сонымен бірге аралас-құраласқа зәрулік болады. Дегенмен жалғыз күйде өзіңізді жайлы сезінесіз. Тұрғылықты жер, тұрмыстық жағдайларды жаарту немесе көшу мәселесі мазаңызды алады. Сезіміңізде тұрақтлық болмайды. Ер адамдарда өзімшілдік басым. Ад әйелдер жеңілтек болмақ.
Шаяндар бұрынғы мүддесіне берік. Мақсаттары өзгермейді, бұлтармайды, соған қарай жүре бермек. Ешкім, ешқандай адам сіздің көзқарасыңызды, жоспарларыңызды өзгерте алмайды. Бүгінгі идеяңыз – жалғыз дұрыс идея. Және туыстарыңыз – әлемдегі ең жақын адамдарыңыз. Биыл сыйлыққа қарқ боласыз, сый-тарту көп болмақ. Әріптестердің назарында боласыз, пікірлестер көбейеді. Аралас-құраластар саны артады. Көптеген Шаяндардың басты назарында - тұрмыстық жағдайды жақсарту, тұрып жатқан жерін жаңалау, жалпы тәртіпке келтіріп жөндеу жүргізу. Мүлікке қатысты пайдалы мәміле жасайсыз. Кәсіби салада сәтті серіктестік күтілуде және қызығатын дүниеңіз жаңарады. Тәлімгерлік, ұстаздық, таптырмас тәжірибені біреуге үйрету биыл өзекті болмақ. Биыл жаңа білім алуға, жеке ұстанымды бекітуге қолайлы жыл. Егер сіз басшы болсаңыз, ықпал ететін саланы кеңейтесіз. Жеке мүддеңіз үшін алыс сапарлар күтілуде. Өзіңіз құрметтейтін адамдармен бірқатар маңызды кездесулер күтілуде. Алыстан қонақтар келеді. Ал жеке өмірде жарқын сәттер көп-ақ.
Арыстандар жақын адамдар арасында өзінің тәртібін қайта қарастырады. Шешімдерін түбегейлі өзгертеді. Қажеттіліктен мәжбүр болып, өзіне маңызды бір дүниеден бас тартады. Өмір сүру салтына өзгерістер енеді. Аралас-құралас адамдар саны азаяды, бірақ оны өзі шешеді, кіммен раласып-араласпауды. Кәсіби деңгейді өсіру туралы ой пайда болады. Соған қажетті ақпарат жинайды. Биыл ақшаға деген ынта былтырғыдан да күшті болмақ. Ақша табудың көзі мен қанша қаражат табу туралы мәселе әрдайым кесе-көлденең тұрмақ. Өкінішті жағдайлар да бар. Қолыңызда үлкен қаражат тұрақтап тұрмайтын кездер де болады. Материалдық тұрғыда жанжалдар да болуы мүмкін. Сонымен қатар ірі нәрсе сатып аласыз. Жеке өмірде өзіңізді бұрынғыдай қожайын сезінесіз. Бірақ қасыңыздағы адамға күдік туады. Ересек арыстандар сатқындыққа тап болады. Міндетті сапарлар бар.
Бикештер өз жоспарынан, арманынан бас тартпағаны жөн. Керемет өзгерістер болуы мүмкін. Көбісі бұрын болмаған жерге тамаша саяхатқа шығады. Аумағын тастап кетуі тағдырына әсер етеді. Бұл әрдайым өзіне қатысы жоқ жағдайлармен тікелей байланысты. Биыл бойын бір қызғаныш жайлап, өткізіп алған мүмкіндіктері жайлы көп ойланады. Дегенмен тырысады. Биылғы жыл кәсіби деңгейді өсіруге, тәжірибені толықтыруға, іскерлік салада мәміле жасауға арналған. Бизнесті кеңейтуге болады, егер сіз басшы болсаңыз. Не болса да, тұрмыстық жағдай белсенді болмақ. Бірдемені ауыстырып, жаңартумен боласыз. Маңызды құжаттарға қол қойылады. Ересек бикештер мұраға ие болады. Жеке өмірде қасындағы адамына талап қойылады. Әр нәрсеге ашуланатын сәттер көп-ақ. Ата-насымен арасындағы қатынас нығаяды.
Таразылар іскерлік салада өз әрекетін нақтылайды. Өзгелер оның тез шешім қабылдау өнерін бағалайды. Кез келген жағдайда жетекші рөл атқарады. Өзінен жоғары, алда тұрған бәсекелестеріне қызығушықы артып, сондай деңгейге жетуге ұмтылады. Құмарлық пен батылдық молынан болады, ол тек мамандыққа қатысты. Сонымен қатар биыл жаңа қызмет, жұмыс түрі ашылады. Оқып, білі жетілдіріп, тәжірибе жинауыңыз мүмкін. Біреуге де үйретіп, тәлім беруі мүмкін. Бұл жыл жаңартылуға, серіктестермен қатынасты нығайтуға арналған. Әсіресе рухани, творчестволық одақтар жемісін береді. Білікті, беделді мамандардың құрметіне ие болады. Көптеген таразылар марапатқа ие болмақ. Танымалдылығы артады. Айналасында жиі-жиі өсек, алып-қашпа даурықпа сөздер жүреді. Жеке өмірі құпия. Бірақ белсенді. Қаржы жағы өзінің тәртіппен реттеуіне байланысты. Жолға шығу жиірек болмақ.
Сарышаяндар қарым-қатынастағы дағдарыстан ақыры шығады. Дей тұра, кейде бірдемені құртып, жаңа дүние жасауға мол мүмкіндік бар. Өткендегі тәжірибе жаңа белеске шығуға баспалдақ болмақ. Бірге қызмет істеуге ұсыныстар түседі. Қызметте алыс қашықтық назар аударарлық маңызға ие болады. Үйден тым алыс жерде жұмыс істейтін болады. Көбісіне бұл іс-сапар немесе жай сапар болуы мүмкін. Ал басқасы әріптесіне немесе серіктестгіне бола тұрғылықты жерін ауыстырады, көшеді. Өмірінің көптеген саласында өзгешеліктер күтілуде. Айналасындағылар, тұрмысы, қатынас өзгереді. Адамдар өміріңізде маңызды рөлге ие болады. Бірқатар табысты шарттар жасайсыз, қомақты қаржы құйылады. Жұмысыңызда жаңа бағыт-бағдар пайда болады, ол егжей-тегжейлі қарастырылады. Қызықты кездесулер, сапарлар күтілуде. Танымал адаммен танысып, соның аумағында араласасыз. Биыл көптеген сарышаяндар жаңа әлеуметтік мәртебеге ие болмақ. Өміріңізде махаббат әрдайым бар, оған тіпті қиналмайсыз.
Мергендер өз дегеніне жету үшін барын салады. Мүддесі кәсіптік қызметіне көзделген. Погон тағып жүргендер немесе медицина саласындағы мергендер мансабын өсіруге тырысады. Бәлкім, жаңа қызмет ұсынылады, жұмысында өзгерістер болуы мүмкін. Жаңа әріптестер пайда болады. Білім деңгейі ақырындап көтеріле бермек. Биыл материалдық ахуалды жақсартасыз. Жол сапарына көп шығасыз. Бастамаңыз өмір салтын өзгерту мен мүлік мәселесіне қатыст болмақ. Қаржы проблемасын түбегейлі шешу үшін туысыңызбен араңызда дау туады, қарым-қатынасыңыз қалпына келіп жылиды деп айта алмаймыз. Түсіністік те азаяды. Жақын туыстар ортасында үлкен өзгерістер болмақ. Салтанатты шараға қатысасыз. Дүниеге бала келеді немесе үйлену тойы болуы мүмкін. Үйде тұрып жатқандар санында өзгеріс бар. Жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Үйге үлкен зат сатып аласыз. Жеке өмірді реттеу үшін күш-қайрат керек болады. Көп нәрсе сіздің қалауыңызға тәуелді, қасыңыздағы адамның алданышы да сіз боласыз.
Тауешкілер өзіне пайдасы жоқ жіктеу, ажырасуды тоқтатады. Бәлкім өзге отбасының құпиясының кездейсоқ куәгері боласыз. Сізбен араласқан ыңғайлы, жеңіл, пайдалы болмақ. Достығыңызға енген адам сізді құрметтейтін болады. Өйткені сіздің жанында өзін жақсы сезінеді. Сіз кез келген сұрақтың жауабын білесіз. Ал кәсіби қатынаста биыл ешқандай тосын сый жоқ. Тіпті қазір жаңа жұмыс іздеп жүрсеіз де, тоқетерін білесіз және неліктен жұмысты аустыру қажеттігін де нақты білесіз. Тұрмыста қосымша көркем дүниелер пайда болады. Үйге көп көңіл бөліп, жақындарыңыздың көңілін аулайсыз. Көптеген тауешкілердің басты міндетіне жаңа қызмет, мәртебе немесе қоғамдық жұмыс кіреді. Сіңірген еңбегіңіздің арқасында танымал боласыз, оны байқау қиын болмайды. Көп нәрсені жаңалық қылып ашып, ізденіп, қажетті ақпарат аласыз. Ортақ мақсат, қызығушылықтың арқасында тағдырыңыз ерекше кездесу ұсынуы мүмкін. Өміріңізге жаңа адамдар кіреді. Қуанышқа бөленесіз. Мереке көбейеді. Ал қаржы мәселесі тұрақсыз. Бірақ қаражат әр түрлі жерден түсіп отырады. Сапарлар, жақын досыңызбен бірге саяхат күтілуде. Махаббат жоқ емес. Егер құпияны сақтай білсеңіз, бақытқа бөленесіз.
Суқұйғыштар үйінен алыс жерде өзіне сенімді болып, жеңілденіп қалады. Жалпы, алыс жол сіздің өмірлік бағдарламаңызға жағымды ықпал етеді. Ақылыңыз толып, икемделіп, ал ойыңыз, жолға шықсаңыз, созылмалы болмақ. Келбетіңіз жақсарады. Қаншалықты жас және көрікті болып көріну сізге де маңызды. Өткенге қатысты байланыстар да маңызды болмақ. Бұрынғы раласқан адамдардың біреуі сізді ерекше жаңалықпен таң қалдырады. Сізге үлгі боларлықтай көптеген ақпарат аласыз. Үйлену той салтанатына қатысасыз. Бұрын өтіп кеткен оқиғаны тағы да қайталап бастан кешіресіз. Егер осы жолы бастама көтермесеңіз, онда мүмкіндікті жіберіп аласыз. Кәсіби қызмет өз ісіңізге сенімдігіңізбен тікелей байланыста болмақ, мен дұрыс жолдамын деген сенімнен айырылмаңыз. Өмірімнің мәні деп жүрген дүниеге өзге біреулер пікір айтып, тіпті сынауы мүмкін. Жұлдыздар сеніміңізге шүбә келтірмеуге кеңес береді, өзгенің ықпалына түсіп кетпеңіз. Сіз әрдайым пікірлес, ұстанымыңыз ортақ, сезіміңіз де ортақ адамдармен бірге уақыт өткізуіңіз керек. Барлық жағдайда да солай болуы қажет. Қаржы қатынасында да, махаббатта да. Сондай-ақ, биыл сусындар мен тағам сіз үшін маңызды болады, соны естен шығармаңыз.
Балықтар осы уақытқа дейін басшылыққа алынған жалған қағидаларды өз күшімен жеңе алады. Жағдайдың және басқа адамдардың пікірлерінің ықпалына түсіп, сенімділігіңізді секем келуі мүмкін. Дегенмен жалғыз қалғанда дұрыс жолда екеніңізді тексеру үшін барлық мәліметті талдаңыз, сараптаңыз. Биыл өмірдің бірқатар саласында өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар. Өмір салтын, айналаңызды, жеке тәуелділікті өзгертуге мүмкіндік туады. Бұрын немқұрайлы қараған мәселелерде рахат таба аласыз. Сезіміңізде үлкен өзгеріс болады. Барлығы жарқын түске боялады! Істердің қазіргі жағдайын толық өзгерту мүмкіндігі пайда болады. Тек келісім мен сеніміңіз қажет. Өмірдің материалдық жағынан, қаржылық тұрғыдан құнды деп есептеуге болатын барлық нәрселердің сақталуына алаңдап отырсыз. Бұл жолы теңгерімде мүлде басқа нәрсе тұр. Ол сізді тығырыққа тірейді, сөйтіп қиналып қалуыңыз мүмкін. Жақсы мәмілеге келесіз. Жылжымайтын мүлік мәселесі сіздің мүддеңізге шешіледі. Биыл айыру, бөлу, жіктеуге қатысты істер жақсы жүреді. Сізге тыныштық бермей жүрген жаңалықтың бірін жариялауға тура келеді. Оқасы жоқ, ешкім де мәңгі жеңімпаз бола бермейді, қапа болмаңыз.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Пайдалы кеңес: Табысты болғың келсе, 7 нәрседен қашық бол
Тест: Өмірде қандай құндылыққа басымдық бересіз?
Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым