{metadescription}
Теперіш көргендер жандардың мәселесі шешіле бермек

Теперіш көргендер жандардың мәселесі шешіле бермек

Бәрекелді! КТК арнасындағы бір ғана  «Дау-дамайсыз» бағдарламасы айналдырған бір жылдың ішінде бақандай 204 (!) адамның түрлі мәселесінің шешілуіне атсалысып, 60-тан астам көрерменнің үй дауын шешіп берді! Сондай-ақ , еңбекақысын ала алмай жертөлені паналаған 20-ға тарта құрылысшының құқығы қорғалды!  

Мінеки, осылайша 2019 жылды қаншама отбасы қуанышпен қарсы алды!

Әр адамның, әр жанұяда, әр мекемеде, тіпті әр мемлекетте қордаланған мәселе болатыны рас. Әр адам күнделікті тіршілігін жасап жүріп, көңілін мазалаған нәрсесіне уақытын, күшін, жігерін арнайды. Ал елімізде қарапайым халықтың дер кезінде шешілмеген мәселесі ушыққан кезде көмекке келетін бағдарламалардың бірі  - «Дау-дамайсыз».

«Дау-дамайсыздың» шешкен әлеуметтік түйіткілдері көп-ақ: балаға талас, жер дауы, жәрдемақыдан қағылған мүгедектер, еңбек пен дәрігер дауынан бастап, экологияға дейін. Арасында тұтастай ауылдың, қаланың, облыстың, тұрғын үйлердің тағдырына араласып, заңсызықты дау-дамайсыз шешкені ақиқат.

 

 

Жақсының жақсылығын айтсақ, «Дау-дамайсыз» 2018-ші жылда мүгедектігі бойынша алуы тиіс әлеуметтік жәрдемақыдан қағылған, медицина қызметкерлерінің салғырттығынан жапа шегіп, шипа іздеген 10 адамның түйіткілін шешуге дәнекер болды.

 

 

 

 

2018 жылдың қаңтарынан бері  30 бағдарлама эфирге шықты. «Дау-дамайсыз» қаншама тағдырға араша түсті?

 

Қос журналист Гүлмира Әбіқай мен Жәзира Бегалының репортаждары ммиллиондаған көрермендерді бей-жай қалдырмады. Миллиондаған көрерменнің жүрегін сыздатқан бала дауы. Екі баласын күйенің туыстары тартып алған келіншектің зар-мұңын бір миллион  250 мың адам қарап, 20 мыңы түрлі пікір білдірді. Бұл бір ғана мысал.

 

 

 

Елу мың тұрғыны бар Шу қаласына ішер су мен жаңа жедел жәрдем жеткіздірді. Өгей әкесінен қорлық көріп жапа шеккен қаршадай қыздың араша түсіп, кінәлілер заңды жазасын алды.

Үй, баспана даулары. Ондаған жылдар бойы жер алып, үй салғанымен рәсімдей алмай жүрген жандардың мәселесі де оң шешімін тапты.

 

 

 

 

«Жақсы нәрсемен біткеннің бәрі жақсы. Не айтуға болады, бұдан былай «Дау-дамайсыз» кейіпкерлерінің өмірі дау-дамайсыз болсын, - дейді тілші Гүлмира Әбіқай.

 «Әр мәселе заңды рәсімделіп, дер кезінде сауатты шешілсін. Елімізде балалар жыламасын, ересектер тіл табысып, ата-ана баладан, бала ата-анадан ажырамасын», - дейді Жәзира Бегалы.

 

 

«Дау-дамайсызға» жеміссіз емес. Жыл соңында рсепубликалық  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қорытындылауынша «Ең үздік бағдарлама» атанып, жемқорлықты жан-жақты ашып берген журналист атанды. Айта кетсек, «Дау-дамайсыз» бағдарламасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жаңару» бірлестігі өткізген байқауды  жеңіп алды.

 

 

 

2019 жылда «Дау-дамайсыз» заңсыздыққа жол бермей, теперіш көрген жандарға қол ұшын беріп, әлеуметтік мәселені шешуге сыбана кірісті. Бағдарламаның мақсаты да сол. Зааңсыздық болмасын, болса, бірге әшкерелейді. Дау бар жерде дамайсыз шешім бар.

 

 

 

 

«Дау-дамайсыз» қол ұшын созған кейіпкерлердің бүгінгі өмірі қалай?

Қазір не болды сол балалардың тағдыры? Бұл туралы мына жерден қараңыз.

Әр жексенбі сайын сағат 18-30-да «Дау-дамайсыз» жобасын қараңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.