{metadescription}
Теледидарда арна жоғалып кетсе, не істеу керек?

Теледидарда арна жоғалып кетсе, не істеу керек?

Түркістан, Жамбыл облыстары және Ақтау қаласының тұрғындары еліміздегі телевизиялық цифрлық таратылымның алғашқы абоненттері болды. Бірақ бәрінің көңілі көншіді десек, қателескеніміз. Өйткені халық көп қарайтын КТК телеарнасы кей жерлерде көрсетілмей қалды. Теледидарда КТК арнасы жоғалып кетсе, оны қалай қалпына келтіру керек? Шағын нұсқаулықпен танысыңыз.

Сандық таратылымға белсенді көшу кезеңі 2018 жылдың қараша және желтоқсан айынан басталды. Телеарналар тізімін баптау кезінде көшілігі KTK арнасын таба алмай қалады.

КТК телеарнасын тарату үшін не істеу керек?

 Егер сіздің теледидарыңыз DVB-T2 форматын қолдаса, онда антеннаңызды теледидарға қосыңыз. Ал DVB-T2 формат болмаса,  онда DVB-T2-ні қолдайтын приставканы кез келген теледидарға қосыңыз, яғни антеннаны приставкаға тақайсыз. Қосылған соң теледидардағы менюға қарап, автоматты түрде арналарды реттейсіз.   

Otau TV дайындаған қысқаша бейнероликті тамашалаңыз:

Эфирде цифрлық таратылым былтыр қарашаның аяғында Шымкент, Ақтау, Тараз және Түркістанда жүзеге асырылды. Тұрғындарға мультиплекстің екі түрі ұсынылды (телеарна пакеттері).  Бірінші мультиплекстің телеарналары облыс орталығынан төмен елді-мекендерде қолжетімді болса, Тараз, Түркістан және Шымкентте екі мультиплекстің телеарналары қолжетімді.

Маңғыстау облысыныңғы цифрлық телеарналар тізімі:

  • Бірінші мультиплекс: «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА»,«QAZSPORT»,«Kazakh TV», «Еуразия бірінші арнасы», «Mańǵystaý», «Хабар HD» және «QAZSPORT HD».
  • Екінші мультиплекс:  «Астана», «КТК», «МИР», «НТК», және басқалары (толық ақпаратты Ақтау қ. Otau TV операторынан сұрау керек).

Жамбыл облысының цифрлық телеарналар тізімі:

  • Бірінші мультиплекс: «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар24», «BALAPAN», «ЕЛ АРНА»,«QAZSPORT»,«Kazakh TV», «Еуразия бірінші арнасы», «Jambyl», «Хабар HD» және «QAZSPORT HD».
  • Екінші мультиплекс: «Астана», «КТК», «МИР», «НТК», «7 канал», «31 арна», «СТВ»,«Almaty», «Muzlife», «АСЫЛ АРНА», «Новое телевидение», «ТВОЕ ТВ», «Atameken Business», «Turan TV», «77 TV».

Түркістан қаласының цифрлық телеарналар тізімі:

  • Бірінші мультиплекс: «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар24», «BALAPAN»,«ЕЛ АРНА»,«QAZSPORT»,«Kazakh TV», «Еуразия бірінші арнасы», «ONTUSTIK», «Хабар HD» және«QAZSPORT HD».
  • Екінші мультиплекс: «Астана», «КТК», «МИР», «НТК», «31 арна»,«Almaty», «АСЫЛ АРНА», «Atameken Business», «Turan TV», «Айғак», «Отырар», «Туран-Туркестан», «Hit TV»«Икра» және «Jastar 1».

Шымкенттегі цифрлық телеарналар тізімі:

  • Бірінші мультиплекс: «QAZAQSTAN», «Хабар», «Хабар24», «BALAPAN»,«ЕЛ АРНА»,«QAZSPORT»,«Kazakh TV», «Еуразия бірінші арна», «ONTUSTIK», «Хабар HD» және «QAZSPORT HD».
  • Екінші мультиплекс: «Астана», «КТК», «МИР», «НТК», «7 канал», «31 арна», «СТВ»,«Almaty», «ОҢ TV», «АСЫЛ АРНА», «Новое телевидение», «ТВОЕ ТВ»,«NAR TV», «Айгак», «Отырар» және «Elnur TV».

Қосымша ақпаратты 193 call-орталығына хабарласып немесе  otautv.kz. сайтынан білуге болады.

Анықтама:

Цифрлық эфирлік телевизия – цифрлық арналарды қолданумен бейнесигналды және дыбыстың сигналын кодтау көмегімен телевизиялық кескін мен дыбысты жіберу технологиясы. Цифрлық кодтау аналогты кодтауға қарағанда минималды жоғалтулармен сигналды жеткізуді қамтамасыз етеді, өйткені цифрлық сигналдың кескіні мен дыбысы сыртқы факторлардың (бөгеуілдердің) әсеріне ұшырамайды. Цифрлық деректерді сығымдау салдарынан үздік сапада және қосымша ақпараттпен (субтитрлер, қосымша дыбыстық жолдар) ТД арналарды үлкен көлемде жіберу үшін мүмкіндік пайда болды. Цифрлық эфирлік телевизия әлеуметтік сауалнамалардан, конкурстарда дауыс берулерден, білім беру бағдарламаларынан және т.б. тұратын интерактивтілікті (көрерменмен кері байланыс) қамтамасыз етеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде