{metadescription}
Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын

Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын

Хайперлер бүгін көбейіп келеді. Олардың көздегені не? Жалаңаштанған Шырын Нарчаева мен өзге де түсініксіз әрекетке барғыштарды қоғам қалай қабылдады? Бүгінгі қазақ қоғамына осындай жандар керек пе? Жалаң денесіне қазақтың ұлттық әшекейлерін тағып инстаграм парақшасына суретін салып аты шыққан қыз. «Астарлы ақиқат» ток-шоуында Шырын Нарчаеваның өзі туралы айтқан әңгімесіне құлақ түріңіз. 

Шырын Нарчаева.  Тараз қаласынан. Жасы 18-де. Видеоблогингпен айналысады. Алматы энергетика және байланыс университеті жанындағы колледж студенті. Болашақта актриса болуды армандайды және видеоблогингпен айналысқысы келеді. Ұлты қазақ. Бестерек руынан.

 

Инстаграм желісіндегі суреттерің өзіңе ұнай ма?

Иә, ұнайды.

 

«Мен қазақпын деп айтпашы» деген ұсыныстың астарын түсінесің бе, оны қабылдайсың ба?

Жоқ, Мен – қазақпын. Қазақша сөйле деп айтардан бұрын, біз біріншіден қазақ тілін дамытуымыз қажет. Қазақша кітаптар, фильмдер,  музыка шығаруымыз керек, сосын ғана жастардан «Неге қазақша сөйлемейсің?» деп сұрауы керек. Қазақша жүз топ кітап бар ма? Неге олар қазақшаға аударылмаған? Жастар қазақ тіліне қызықпайды, өйткені қазақша қызықты фильм, кітап, музыка, сериал жоқ.  Жастарды ескі музыкамен, кітаптармен қызықтыра алмайсың.  Мен қазақша білемін. Тап қазір сізді жақсы түсініп отырмын.  Бірақ мен кішкентай кезімнен орысша балабақшаға, мектепке бардым, әдебиетті орысша оқыдым.  Сондықтан қазір өз ойымды, пікірімді орысша білдіргенім оңай. 

 

Қандай мақсатпен Шырын өзін жалаңаштады?

Егер де мен шын мәнісінде атымды шығарғым келіп хайп жасағым келсе, онда видеомды небір топтарға жіберіп, инстаграмға салмаушы едім. Бұны адамдар істеп отыр. Мені талқылап, үйінде әңгіме қылып, инстаграмда пікір жазып жатыр. Егер олар мән бермегенде, өз шаруасымен айналысып, өз өмірімен айналысқанда ешкімді қызықтырмаушы едім. Бірақ сіздердің өмірлеріңіз қызықсыз. Сол себепті инстаграмда отырып алып сағат бойы маған пікір жазасыздар. Дегенмен мен сіздердің ойларыңыз мен пікірлеріңізге пысқырғаным бар.

 

Негізгі мақсатың ақша табу ма, әлде танымал болу ма?

Мен бала кезімнен видеоблогингпен айналысқанды армандадым. Ерекшеленгім келеді, фотоға түскенді ұнатамын. Бірақ менің фотосуретім сондай шу шығарады, негативті қардай боратады  деп күтпедім. Парақшама жалаңаш фотомды салғанда ешқандай мақсатым болмады. Ол кеңінен тарап, мені бәрі танитын болады деп жоспарлаған жоқпын.

 

Ең алғаш рет ашық-шашық фотоңды қашан жарияладың? Ондай әрекетке сені кім жетеледі?

Өзім. Қалың тобырдан ерекшеленгім келді. Мен өте творчестволық, креативті адаммын. Бұл суреттен ешқандай өрескелдік, жамандық  көріп тұрған жоқпын.  Мен темекі шекпеймін. Ішімдік ішпеймін. Есірткіні насихаттамаймын. Спортпен айналысамын. Дұрыс тамақтанамын. Түнгі клубтарға қаңғып қыдырмаймын.  Ұлдармен сүйіспеймін. Мен қызбын. Жасым 18-де. Тұрмысқа пәк, таза болып шыққым келеді.

 

Видеоларда неге боқауыз сөз қолданасың?

Қазір боқтанбайтын адам жоқ. Өз ортасында бәрі былапыт сөздерді қолданады. Мен боқтансам, сонда жұрт көңілін өзіме аударамын. Бітті, басқа айтарым жоқ.

Бұл суретте нені айтқың келді? 

 

Бұл қазіргі қазақ қыздарының образы. «Қазақ қыздары қасиетті, тәртіпті, олар ешқашан жалаңаштанбайды, егер жалаңаш суретін салса, онда ол қазақ емес» дейді. Менің айтқым келгені, қазір кейбір қыздар ересек адамдардың жанында өте тәртіпті, ал қасында үлкен адам болмаса, аузына келгенін айтады, темекі шегеді, арақ ішеді. Сондықтан хиджап киіп, орамал тартқанның бәрі әулие емес. Бұл суретте мен хиджап киіп тұрғам жоқ, бұнда орамал мен шарф. Мен діншіл адам емеспін. Мен өз елімде басыма шарф тағуға қақым бар ма?  

Ата-анаң кім? Отбасында нешінші баласың?

Үйдің тұңғыш перзентімін. Менен кейін сіңлім 5-ші сыныпта оқиды. Мені тәрбиесіз дейді, мұндай тәрбиені әкесі берген бе дейді. Әкем осыдан бір жарым жыл бұрын қайтыс болған. Ал анам мені қолдайды. Ол маған: «Бастадың ба, онда жалғастыр» деді. Менің әрекетімнен, қылығымнан анам ешқандай жамандық көрмейді.  Анам өмір көрген адам, жақында елуге толады. Анамды қатты сыйлаймын, ол да мені еркелетеді.  Осында Алматыға аттанарда автобусқа отырғызып, бетімнен сүйіп, сәттілік тіледі. Анам да осы студияға келгісі келді, бірақ мен қарсы болдым.

Интаграмдағы суреттерімнің астына жазылған пікірлерден жағамды ұстаймын: «әйел деген ас үйде отырып тамақ істеп, бала тууы керек». Ол дұрыс емес. Бәлкім, бұндайды ұнататын әйелдер бар шығар. Бірақ мен ас үйде отырып алып тек тамақ істеп, бала туып, тек бала тәрбиесімен айналысқым келмейді.  Мен ол үшін жаратылған жоқпын!

 

 

Айгүл Қараман, "Астарлы ақиқат" ток-шоуының психологы:  

Шырын студияға кіргеннен бастап ортаға бейімделе алмай отырды. Емін-еркін емес, қысылып отырды. Қолын аяғының арасына салып отырғаны – қысылғандығы. Көзінің қайта-қайта жыпылықтауы өзіне деген сенімсіздігі. Ортаға еніп кете алмай именіп, қорқып отыр.

Екіншіден, студияда басқа адамдар сөз алғанда қос қолын сілтеп сөйледі, ол агрессиясын білдіреді. Сөйтіп ортаға образға кіріп, агрессия бойын жаулап алды. Ал тыр-жалаңаш шешінуіне түрлі жағдайлар түрткі болуы мүмкін. Әкелік, енркектік махаббаттың жетіспеушілігі. Сәтсіз махаббат болуы да мүмкін. Ол да осындай қадамға апаруы мүмкін. Сондықтан өзіне жігіттердің, ер адамдардың көңілін аударғысы келген.

Хайпер* – бұл бір нәрсемен танымал болып, атын шығарып, содан ақша табатын адам.

 

Аталмыш шығарылымның толық нұсқасын мына жерден қараңыз. Дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 20:00-де "Астарлы ақиқат" ток-шоуын тамашалаңыз. 

Оқи отырыңыз: Дина Төлепберген: Ақиқатты айтқызудың айла-тәсілін таптым 

2019 жыл зейнетақы: төрт маңызды өзгеріс 

Теперіш көргендер жандардың мәселесі шешіле бермек 

Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды? 

2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы

Аптап: 2018 жылдың басты қарама-қайшылығы 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде