21 – 27 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамал
Осы аптада не күтіп тұр? Ойлаған, жоспарлаған шаруамды тындыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден абай болу керек? Нені басты назарда ұстау қажет? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 21 – 27 қаңтарға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
Тоқтылар осы аптада жақын адамдарына жомарттық танытады. Бұл кезеңде сатып алған нәрселер сіз үшін маңызды болмақ. Расында сатып алған дүниеңіз ұзаққа жетеді және мәнді болмақ. Көптеген торпақтардың үйін ретке келтіріп, жиһазын ауыстыруға ниеті болады. Бір сөзбен айтқанда, тұрмыстық жағдайын түзетуге тырысады және ол іске асады. Осы аптада бірқатар маңызды кездесулер күтілуде. Бірнеше келіссөз болашақ жоспарды айқындап береді. Белгілі бір адаммен маңызды мәселе туралы сөйлесіп, бір келісімге келесіз. Аймақтық тәуелділіктен құтылудың мүмкіндігі туады. Көршіңіз немесе әріптесіңіз мазалаған сұрақ шешіледі. Жұмыста өз міндетіңізді нақты түсінесіз, онымен келісуге мәжбүр боласыз. Бұл аптада тындыратын шаруа көп. Ол сіз үшін жаңалық емес. Өйткені соңғы уақытта шешілмеген мәселе көп болатын. Қаржы жағдайы да күткендей. Барлық сапар мен жүріс-тұрыстар серіктесіңіздің бастамасымен іске аспақ.
Торпақтар өзіне қызықты адаммен шектеулі байланысы мазасын алады. Себептерге қарамастан, ренжіп, өкпелеуіңіз мүмкін. Ол аздай, күтпеген жаңалық сіздің ол адаммен қиын қарым-қатынасыңызды одан әрі күрделендіріп жібереді. Көбісі ара-қатынасын мүлдем үзуі мүмкін. Сонымен қатар бұл апта сату, сатып алуға ықпал етеді және қажетсіз байланыстар мен заттардан құтылуға себін тигізеді. Сондай-ақ артық салмақтан, жаман әдеттен де арыласыз. Жүк тасымалымен айналысатындарды жол сапары, құжат рәсімдеу күтіп тұр. Әріптестеріңіздің біреуімен ара-қатынасыңыз қиындайды. Жанжал жалғаз сөз бен өтірік істен туындауы мүмкін. Бірінші орынға материалдық дүние шығады. Кіріс күтілуде. Шығын да жоқ емес. Рөлде, көлікте жол үстінде абай болыңыз. Жеке өмірде жаныңыздағы адамның сізге қойған талаптарынан жалығасыз.
Егіздер бірбеткей, біржақты. Болып жатқан оқиғаны сабырмен қабылдай алмайды. Белгілі бір болжамдарға бола не болса соған күдіктенесіз. Эмоцияға ие бола алмай қалуыңыз да мүмкін. Қасыңыздағы адамға деген сенімдік азаяды. Сізді алдап кеткендей сезімде боласыз. Үшінші адамның бар екенін дәлелдеуге бапрыңызды саласыз. Оның бәрін елеске теңеуге болады. Бірақ сіз бәрібір қиналасыз. Сонымен бірге бұл аптада үзілген байланыстарды қалпына келтіресіз. Өз бастамаңызбен достықты нығайтып, серіктестік орнатасыз. Кәсіби салада жұмыс көп. Тап осы қиын жағдайда ғана өзіңізге қадірлі адамдарға сенім артуға болатынын түсінесіз. Кейді сізді пайдаланып жүр, өз мүддесіне бола, өз мақсатына пайдаланып жүр деген ой да болады. Бірақ ол туралы ой ішіңізде сақталады. Өзгеге бола жанталасасыз бәрібір. Сапарға шықсаңыз, ол сәтті болмақ. Ұжы, топ қалыстастыруда да жетістіктер бар. Пікірлес адамдардың басын қосасыз. Біршама қомақты ақша келеді
Шаяндар өз тартымдылығының беделін арттырады. Сіздің шешендігіңіз, орынды қалжыңыңыз бен белсенділігіңіз көзге түсіп, танымалдығыңыз артады. Бірақ айлаға толы жоспарыңыз бен шиеленіс те мінезіңізге тән, осы аптада.ы Кез келген жағдайда қалағаныңызды аласыз, бұл аптада жұлдызыңыз оңынан туып тұр. Кәсіби салада жаңа бетбұрыстар күтілуде. Мұғалімдер, дипломаттар, журналистер мен мәдени саланың өкілдерін сәттіліктер күтіп тұр. Бұл кезеңде біраз шығындар болмақ, сіздің қолыңыздан қомақты сома өтеді. Белгілі адамнан тиімді ұсыныс жасалады. Сіздің ісіңіз сіздің шартарыңызға қатысты жүргізілмек. Пайдалы кездесулер бар, шетелдік әріптестерден де жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. Туысыңыздан жақсы хабар аласыз. Ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы нығаяды. Тұрмыстық мәселеге назар аударасыз. Үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Көбісі тұрған жерін кеңейтеді. Маңызды құжаттарға қол қойылады. Сапарға шығасыз.
Арыстандар айналасындағы адамдарға мәрттік танытады. Сізге сыни қарайтындардың да ілтипатына ие боласыз. Жарату кезеңі басталды. Келешете жақсы өзгерістер болуы ықтимал. Бірге жұмыс істеу туралы жақсы ұсыныстар түседі. Бұл жағдайда жаңа білім, жаңа ізденіс қажеттігі туады. Бәрінен хабардар болуға тиіссіз. Бұрын бірге жұмыс істеген адамдармен бірге тәжірибе жинақтап, біліктілігіңізді арттырасыз. Осы аптада маңызды мәселені көтересіз. Көптеген арыстандар үлкен өзгерістің алдында тұр. Жаңа жұмыс табуы мүмкін. Материалдық жағынан әлсіздік бар. Соған қарамастан бірақ ақша табасыз. Несие, қарыз алмаңыз бұл аптада. Оның арты қиын болады. Біреуге берген қарызыңызбен қоштаса беріңіз. Ол қайтарылмайды. Жақын досыңыздан жоспарларыңызды қолдауын сұрайтын боласыз. Бірақ түсінбестік туады.
Бикештердің айтқан сөздерінде бәтуа болмайды. Іс-әрекетінде де береке жоқ. Қалыптасқан жағдайды бақылауды уысынан шығарып алады. Сондықтан бірқатар шешім қабылдауға мәжбүр болады. Бәлкім сіздің пікіріңіз, таңдауыңыз жақын адамның идеясына негізделген болар? Сізге тәуелділіктен құтылу керек. Өзгенің ықпалына түспеңіз. Әйтпесе тығырыққа тірелесіз. Жақын адамыңызға қолдау мен көмек қажет болады. Бұл күндері бір таныс адам сізден көмек сұрайды. Оған қолдау көрсетесіз. Жоспарланбаған жол сапары күтілуде. Жақын адамдардың арасында қаржы мәселесін талқылайсыз. Туысқаныңызға қойған талап айыптағандай болып көрінеді. Сонымен қатар шешілмеген мәселені ойлап мазаңыз кетеді, ол сізді әрдайым мазалайтын сұрақ. Жұлдыздар сізге басқа нәрсеге көңіл аударуға кеңес береді, сонда күш-қуатыңызды босқа жұмсамайсыз. Ересек бикештер тұрмыстық жұмыстармен айналысады бұл аптада. Жеке өмір бақытты деу де қиын...
Таразылар кез келген жағдайдан өз пайдасын табады. Өмірін ыңғайлы, өзіне жайлы етуге тырысады. Араласып жүрген адамдарыңыздың арасында онымен есептесу қажет адам пайда болады. Жанжал болуы мүмкін, қиын мәселені шешуге ат салысасыз, міндеттемелерді бөлісесіз. Қаржы мәселесінде тәуекелге бел буасыз. Өз түсігіңізге сеніп, ұзақ мерзімді жобаны дүниеге әкелуіңіз мүмкін. Ол кешекте жақсы табыс әкелетін болады. Кәсіби салаға зер салыңыз. Қыруар жұмыс атқаруға тура келеді. Біреудің де шаруасын тындырасыз. Әріптесіңіздің дұрыс жасамаған ісін қайта қалыпқа келтіресіз. Сіз сенген адам сөзуар, жалқау болып шығады. Тұрақтылығыңызды іспен дәлелдеуге тура келеді. Бұл апта – сезім жағынан үлкен тәжірибе береді. Тұрмыста бәрі ойдағыдай болмақ. Көптеген таразыдар тұрмыста өзін бақытты сезінеді.
Сарышаяндар жаны жай тауып, шабыттанып, жаңа жағдайда өзін өте жақсы сезінеді. Саяхат, сапарлар, іс-сапарлар сәтімен болмақ. Үйіңізден алыс жерде өзіңізді жайлы, тәуелсіз сезінесіз. Еңбекке деген құштарлық пайда болады. Нақты жоспар құрып, одан жарқын келешегіңізді, берекелі өмірді көрсесіз. Сізге шығармашылыққа, жаңа эмоцияға шабыт керек, күмәнді таныстардан аулақ болу қажет. Қызығушылық танытқан адамнан бірге жұмыс істеп, бірге сапарға шығу туралы ұсыныс түседі. Бұл аптада жұмыста өзгерістер күтілуде, ол сіздің жоспарыңызға, ниетіңізге сәйкес келмейді. Жұмысқа алу, кадрлық саясат туралы мәселе қозғалады. Жаңа білім алуға мүмкіндік туады. Оны сіз баяғыдан көксеп жүргенсіз. Салтанатты жиынға қатысасыз, көп адам жиналған жерге барып, қатысушы боласыз. Жаңа адамдармен танысасыз. Жаңа достар табасыз. Жақындарыңыздың ортасында болып, болашаққа сеніміңіз артады. Керемет сыйлық аласыз.
Мергендер ұзаққа созылған үрдісті аяқтайды. Болмаса, кәсіби саладағы проблемаға қатысты іс аяқталады. Таныс әйелге қатысты жағымсыз жағдайдан құдай сақтап қалады. Бұл аптада маңызды құжаттармен жұмыс жасайсыз. Назар қойып, зер салып, ықылас танытып, қателік жібермеуге тырысыңыз. Мүлікке қатысты пайдалы ұсыныс түсуі мүмкін. Жақын туыстарыңыздың арасында мүмкін деген ұсыныстарды қарастырасыз. Өмір салтында бірқатар өзгерістер бар. Ол уақытша шектеулерге байланысты. Ескі досыңыздан күтпеген хабар аласыз. Жақында болған оқиғаның егжей-тегжейіне қанығасыз. Өзіңізге жаңалық ашасыз. Таныс әйелмен қаржы мәселесіне қатысты сұрақты талқылайсыз. Біраз мекемеге барып, заңгерлермен жүздесесіз. Отбасыңыздағы кішкентайларға көңіл бөліп, жақындарыңызға қамқорлық танытасыз. Серіктестеріңізбен қатынасыңыз жылиды.
Тауешкілер ақшаға байланысты даудан аулақ болуы қажет. Кез келген әңгімеде өзіңізді ұстаңыз, сонда ол сіздің пайдаңызға шешіледі. Туыстармен қатынас қиындауы мүмкін, әсіресе сізбен көп уақыт араласпаған адамдармен. Сізге деген өкпе-наз белсенділігін арттырады, сондықтан сіз мазаңызды алған адаммен уағдаласуға мүмкін қолайлы сәтті іздейсіз. Қазір сізді толғандыратын нәрсе ол – денсаулық. Өзіңізге көңіліңіз толмай, ол психикаңызға әсер етеді. Ешкімге сенбей, бәріне күмәнмен қарайтын боласыз. Жақындарыңызға да сенім азаяды. Бұл аптада көп шығын шығарасыз. Үйге ірі зат сатып аласыз. Заңгерлермен кездесіз. Ұзақ күткен маңызды құжатқа қол жеткізесіз. Кәсіпкер танысыңыз белгілі бір мақсатпен сізге бірге сапарға шығуды ұсынады. Достарыңыздың арасынан біреу сізді таң қалдырады. Бұл аптада бір жерде қонақта боласыз, ол туралы ұзақ әңгіме болады. Жеке өмір аздап қоңырқай.
Суқұйғыштар өзіне деген қызығушылықты сезеді. Жасыңыз, жеке тартымдылығыңыз, көркіңіз. Бірақ қазір сізді толғандыратын сезім емес, сізге таныс адамның іс-әрекеті. Өз міндетін орындамаған адамға талап қоюға сізде дәлелдер көп. Сізді материалдық қиындықтар мазалайды. Бірақ өзіңізді бұл қиындықтар тек уақытша деп жұбатасыз. Және бұл туралы мазалы ой есіңізден шықпай тұрады. Сонымен қатар жақсы ұсыныстар түседі. Тіпті жаңа жұмыс ұсынуы мүмкін. Шешімді жылдам қабылдауға тура келеді. Мәлімдеме менесе келісім-шартыдұрыс құру үшін кәсіби маман іздейсіз. Ол жақын мерзімге құрылған сіздің жоспарыңыз болмақ. Туыстарыңызбен бір ғанибет отырыс болады. Сыйлық жасайсыз. Жеке өміріңіз туралы ойыңыз көңілсіз...
Балықтар ұнатып жүрген адамынан көңілі қалады. Оған себеп көп. Сізге көптеген ақпарат келіп түседі. Бұл апта қоштасу, қарым-қатынасты үзу уақыты. Жеке өмірде реніш, наразылықтар орын алады. Бұл жағдайды өз қолыңа ала алмайтын, жағдай сені басқаратын мезгіл. Эмоционалдық сәт көп-ақ. Жақыныңыздың әрекеті таң қалдырып, жағаңды ұстатып, жүйкеңізге әсер етеді. Өзін ұстай алмау жанжалға, дауға әкелуі мүмкін. Сіздің құпияңыз ашылып қалуы мүмкін. Оны жария қылмау үшін өтірікті көп айтуға тура келеді. Бірақ ең бастысы – материалдық жағдай. Біршама ақша табасыз. Пайдалы сапарға шығудың сәті түседі. Бұл апта жаңа өзгеріс әкеледі. Өміріңізде жаңа бетбұрыс жасалуы мүмкін. Шабуылдауға дайын болыңыз. Өз бағаңызды, құныңызды біліңіз. Бекім болсаңыз, нәтижесі де жемісті болмақ.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Шығыс күнтізбесі: Доңыз бізге нені болжайды?
2019 жылға арналған жұлдыз жорамалы
Суық тиіп ауырғанда жіберетін 10 қателік
Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын