Дұрыс тамақтану туралы 10 өтірік
Анау пайдалы, мынау зиян, ананы жеу керек, мынаны жемеу керек. Оны кім тексеріпті? Ішкен-жеген тамағыңыздың құнарлығын, жұғымдылығын ерінбей санайсыз ба? Жалпы, адамның дене салмағының индексі қалыптыға жақын болса, ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі бар дейді. Дұрыс тамақтануда не нәрседен аулақ болу керек және шындыққа жанаспайтын «ақыл-кеңестерге» құлақ түрсек.
Фото: professionali.ru
№1 өтірік: Қоңыр қант ақ қантқа қарағанда пайдалы
Бір шай қасық қоңыр қантта шамамен 17 ккал. Ақ қантта 16 ккал. Қоңыр қант құрамында ағзаға пайдалы кальций, калий, темір және магний бар. Бірақ оның мөлшері өте аз болғаны соншалық, денсаулыққа бәлендей пайда әкелмейді. Осы екі қанттың айырмашылығы әрқайсысының дәмінің ерекшелігі мен тамаққа салғандағы әсерінде ғана!
№2 өтірік: Сұлы жармасының ботқасы - ең пайдалы таңғы ас
Сұлы жармасының ботқасын өзіңіз дайындасаңыз ғана пайдалы болмақ. Қайнаған суға қосылатын дайын ботқаның құрамында көмірсулар көп. Ол жеміс-жидек пен бал қосқан сайын көбейіп отырады. Сондықтан егер шынымен де пайдалы тамақ жегіңіз келсе, ерінбей жеке сұлыны сатып алып, ботқаны өз қолыңызбен пісіріңіз.
№3 өтірік: Кез келген көкөніс пайдалы
Дұрыс тамақтанудың барлық ережелері мен ұсынылатын диеталарда көкөністердің пайдасын айтып, оны мүмкіндігінше көбірек жеуге кеңес береді. Бірақ біз көкөністі қай жерде және оны қалай өсіретінін білмейміз. Шын мәнісінде көкөністердің құрамында пестицидтер немесе нитраттар бар. Ал кейбір көкөніс қандағы қант деңгейін көтеріп жібереді. Бұл ағзамыздың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Кейбіреулер үшін бұл картоп болса, басқалары үшін бұл қызанақ. Сондықтан, олардың артықшылықтарын жоққа шығармасаңыз да, көкөністермен абай болу керек.
№4 өтірік: Кофе күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді
Кофе ішкеннен кейін қаншалықты сергек болатыныңыз ол ішілген қофенің мөлшеріне байланысты. Орташа алғанда, кофеин 15-тен 45 минутқа дейін қан айналымы жүйесі арқылы таралады және денені сергітеді. Келесі 5-6 сағат ішінде оның әсері азаяды. Мысалы, таңертең сағат 8-де бір шыныаяқ американо ішкен болсаңыз, сағат 14-де сергектігіңіз екі есе азаяды. Кофе қандағы қанттың ілезде көтерілуін тудырады, ол уақытша күш-қайрат сезімін тудырады. Ал глюкоза деңгейі қайтадан азая бастағанда «батарея» сөнеді. Сондықтан, күні бойы сергек болуға кофе көмектеспейді.
№5 өтірік: Тамақты зәйтүн майына қуыруға болмайды
Зәйтүн майында тағам толық қуырылмайды деген қате түсінік бар. Өйткені май жанып кетеді деп ойлайды. Зәйтүн майының қыздырылуы 190 ° C. Бұл температурада барлық тағам оңай қуырылады. Зәйтүн майының пайдалы екені рас, дегенмен ол асыра айтылған. Оның құрамында К дәрумені, темір, калий, кальций, натрий бар, бірақ олар өте аз мөлшерде болғандықтан денсаулығыңызға бәлендей әсер етпейді.
№6 өтірік: Теңіз тұзы ас тұзына қарағанда пайдалы
Теңіз тұзы ас тұзынан пайдалы деп жиі естиміз. Шындыққа келіңкіремейді. Ас тұзы да, теңіз тұзы да теңіздегі тұзды шөгінділерден алынған. Ас тұзы ұнтақталып, қоспалардан тазартылса, ал теңіз тұзының құрамында микроэлементтер бөлшектері қалады. Бірақ ас тұзы йодпен (40 ± 15 мг / кг) байытылады! Йодтың жетіспеушілігі денсаулықтың ауыр проблемаларына әкелуі мүмкін. Ал теңіз тұзында пайдалы қоспалармен бірге (йодты қосқанда - 0,7 мг / кг) зиянды, мысалы ауыр металдар болуы мүмкін. Бірақ ондағы пайдалы және зиянды элементтер аз болғандықтан денсаулыққа қандай да бір әсер етуі екіталай.
№7 өтірік: Майлы сүт өнімдері жүреккке қауіпті және семіртіп жіберуі мүмкін
Майлылығы көп сүт өнімдері қаныққан майға бай, яғни онда көп мөлшерде калория бар. Сондықтан салмағын жоғалтуға ұмтылатын әрбір адам майсыздандырылған сүтті таңдайды. Сондай-ақ майлы сүт пен ірімшік жүрек ауруының даму қаупін арттырады дейді. Алайда ғалымдар бұл дұрыс емес деген қорытындыға келді. Толық майлы сүт өнімдерін тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының жоғары болу қаупімен байланысты емес, тіпті семіртпейді. Шөппен қоректенетін сиырлары бар елдерде толық май сүтін пайдаланғанда жүрек ауруларының даму қаупін 69% -ға азайтады.
№8 өтірік: Барлық калория бірдей
Шындығында, шоколадтың калориясы брюссельдік капустаның калориясынан едәуір айырмашлығы бар. Өйткені олар әр түрлі метаболикалық жолдардан өтіп, майдың кетуіне және тамаққа деген тәбетті реттеп тұратын гормондар мен ми орталықтарына тікелей әсер етеді. Мысалы, жоғары ақуыз диетасы метаболизм жылдамдығын күніне 80–100 калорий арттырып, тәбетті азайтады. Бұл адам адамға ұқсамайды дегендей, калорияның калориядан айырмашылығы бар екенін білдірсе керек.
№9 өтірік: Түнде тамақ ішкен зиян
Шындығында бұл дұрыс емес. Тәуліктің қай уағында калория қолданатыныңыз маңызды емес. Тек олардың саны мен жоғарыда айтылғандай, сапасы маңызды. Мұны АҚШ ғалымдары резус маймылдардың мысалында дәлелдеді. Түнде азық-түліктің көп мөлшерін жеген маймылдар түнде сирек тамақтанатын маймылға қарағанда семіре алмаған. Сондықтан денсаулығында проблемасы жоқ адамдар үшін «тұтынудан көрі шығындану молынан болсын» деген қағидат әрдайым өзекті болмақ.
№10 өтірік: Дұрыс емес диеталар бар
Әдетте диета дегеніміз – калорияны азайту. Бұл жерде оған қандай азық-түлікпен қол жеткіземіз ол маңызды емес. Біреуі — майдан, біреуі— ақуыз немесе көмірсудан бас тартады, енді біреуі —калория мөлшерін азайтады. Кез келген жағдайда, егер диетаны қатаң сақтаса, онда көздеген мақсатына жетеді, ариды. Бірақ диетадан кейін өзінің үйреншікті әдетіне басып, дұрыс тамақтанбаса, құтылған салмағына қайта оралады. Сондықтан әлдебір диета жарамсыз, ол дұрыс жұмыс істемейді деп айту – артық. Әрбір диетаның өз артықшылығы, ерекшелігі, тиімділігі бар. Тек адам өзіне өмір бойы шектеу қоя білуі керек.
Оқи отырыңыз: Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын
Сирияда соғыс көріп келгендерді қоғамға бейімдеуге бола ма?