Көп балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары
Үкімет балалы отбасыларды қолдауға биыл қанша қаражат қарастырды? Көп балалы әйелдерге қандай жеңілдіктер бар? Бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы қандай? Әлеуметтік қорғау қалай жүргізілуде? Жұмыс істейтін балалы әйелдердің құқығы қандай?
Бала туған кезде бір жолғы жәрдемақы:
- 2019 жылы бірінші, екінші, үшінші балаға арналған жәрдемақы 95 950 теңге.
- Төртінші және одан кейінгі балаларға 159 075 теңге.
Бала бір жасқа толғанша әлеуметтік қолдау
Бұл төлем жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналарға беріледі.
Егер баланың анасы жұмыс істемесе, онда бала өмірге келген сәттен бастап бір жасқа толғанға дейін жәрдемақы тағайындалады. Бұл төлем ай сайын беріледі. Жәрдемақы сомасы 14 544-тен 22 473 теңге аралығында. Соңғы үш жылда аталған жәрдемақы көлемі 19 пайызға артты.
Жұмыс істейтін аналар. Әлеуметтік аударым. Әлеуметтік төлем.
Егер де баланың анасы жұмыс істеп, сол үшін әлеуметтік аударымдар жасалса, оған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер бөлінеді.
Жүктілік пен босану бойынша төлемдердің мөлшері соңғы 12 айдағы әйелдің орташа айлық табысына байланысты. Өткен жылы осындай төлемнің орташа көлемі 391 170 теңгені құрады.
Соңғы 2 жылда орташа айлық табыстан 40 пайыз мөлшеріндегі бір жасқа дейін баланы күтіп-бағуға арналған төлем.
Жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен кепілдіктері
Мысалы, экономикалық себептер бойынша штатты қысқарту, жұмыс көлемін төмендету негізінде еңбек шартын бұзуға жол берілмейді. Бұл тұрғыда жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтама ұсынған аяғы ауыр әйелдерге, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баласы барларға және 14 жасқа дейінгі (18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) жеткіншектерді тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға қатысты.
Көп балалы аналар. Жеңілдіктер. Құқықтары
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
- Жәрдемақы өмір бойы беріледі, яғни зейнетақыға шыққаннан кейін де тоқтамайды.
- Жәрдемақы оның табысына қарамай тағайындалады.
- Қазір ол 16 160 теңге (6,4 АЕК) және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстеледі.
- Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланбайды.
- «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған көп балалы аналар көлік және жер салықтарынан босатылады.
- Тұрғылықты жерін тіркеу кезінде нотариалдық әрі заңнамалық маңызды іс-қимылдарды жасау кезінде, төлқұжат пен жеке куәлікті алу шараларында мемлекеттік баж төлемейді.
- Төрт және одан артық кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
- Бес баланы дүниеге әкелген аналар және оларды 8 жасына дейін өзі тәрбиелегендер 53 жаста мерзімінен бұрын зейнетке шығады.
Аз қамтылған отбасыларға атаулық әлеуметтік көмектің жаңа тәртібі:
Көмек көрсетудің өлшемдері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайтылды.
Жаңа форматта беріледі және ақшалай төлеммен қатар, әлеуметтік қызметтер ұсынады.
Жұмысқа тұру, оқыту, шағын несие беру мен өзге де шаралар қамтылған.
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыны қолдау:
Мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерді қолдау шаралары 16 жасқа дейін ай сайын 41 578 теңге сомасында жәрдемақы төлеуді қамтиды.
16-дан 18 жасқа дейін мүгедектік тобына қарай:
- бірінші топқа - 57 021 теңге;
- екінші топқа - 47 220 теңге;
- үшінші топқа - 35 638 теңге;
Кәмелет жасына жеткенше дейін мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға жәрдемақы:
2019 жылы жәрдемақы көлемі 31 183 теңгені құрады.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі үшін жәрдемақы енгізілді.
Балалар техникалық қосалқы құралдармен (протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлоқұрал), арнайы қозғалыс жабдықтарымен, шипажайда емделумен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Асыраушысынан айырылған отбасыны қолдау:
Асыраудағы бір адамға 25 541 теңгеден бастап, алты және одан көп балалар болған кезде 62 663 теңгеге дейін.
Егер де асыраушы адам жұмыс істесе, онда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша төлемдер ескерілген.
Жасы 1-ден асқан балаларға жәрдемақы төленуі мүмкін
Бала бір жасқа толғаннан кейін де көмек көрсету үшін жас шегін ұзартуға, сонымен қатар жәрдемақы көлемін арттыруға қатысты ұсыныс енгізілмек. Яғни, балалары бар отбасыларға берілетін жердемақының қолданыстағы жүйесіне сәйкес, бала 1 жасқа толғанға дейін жөргекпұл алады. Оның көлемі отбасыдағы бала санына байланысты теңгерімді болмақ.
6 ақпан күні Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Үкіметінің жанынан еліміз азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің жанынан құрылған ел азаматтарының табысын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы аясында көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше қарастырылатындығын айтты.
Демография
Соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 10 пайызға өсті.
2008 жылы 356,6 мың бала;
2018 жылы 391 мың бала дүниеге келді.
Оқи отырыңыз: Фрилансер: Міндетті зейнетақы жарнасын төлеу тәртібі
Кредит алғанда банк нені жасырады
Несие төлейтін уақыт келді, бірақ ақшаңыз жоқ. Пайдалы кеңес