{metadescription}
Инфографика: Ана. Бала. Әлеуметтік қорғау

Инфографика: Ана. Бала. Әлеуметтік қорғау

Елімізде жыл сайын қанша бала дүниеге келеді? Көп балалы аналарға қандай көмек көрсетіледі? Алтын құрсақты аналар саны қанша және олар қандай көмек алып отыр? Көпбалалы аналарға  берілетін әлеуметтік көмектің қанша түрі бар? Еңбекке жарамсыз болап қалғанда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы қанша?  

Жыл сайын елімізде 400 мыңдай бала дүниеге келеді. Былтырғы дерек – 391 мың.

 

Атаулы әлеуметтік көмек қаржылай да, материалдық тұрғыда да болуы мүмкін. Немесе әрқандай қызмет түрлері бойынша жеңілдіктер, тіпті жоғары оқу орнында да жатақханамен қамтылып, оқу ақысы азайтылуы мүмкін. Осы айтылған әлеуметтік төлемдердің бәрі жыл сайын өзгеріп отырады.

Алты  және одан көп бала туған аналар «Алтын алқа» немесе «Күміс алқамен» марапатталады. Алтын құрсақты аналар саны қазір елімізде 237 мың.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, жыл сайын айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейі артып отырады. Сәйкесінше, түрлі әлеуметтік қатерлерге байланысты тағайындалатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшері де артып отырады. Мәселен, 1, 2, 3-баланың туылуына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері былтыр 91 390 теңге болса,  биыл 95 950 теңгені құрап отыр. 

1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда және асыраушысынан айырылғанда берілетін жәрдемақы осы санаттағылардың барлығына 5 пайызға артты.

Бұл  88,3 мың еңбекке жарамсыз болып қалған әлеуметтік жәрдемақы алатын және 50,1 мың асыраушысынан айырылған әлеуметтік жәрдемақы алатындарға қатысты.

  • Еңбекке жарамсыз болап қалған жағдайда  берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы көлемі  15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге дейін;
  • Асыраушысынан айырылғанда берілетін орташа әлеуметтік жәрдемақы  20,6 мыңнан  21,7 мың теңгеге дейін;  

Білім гранты

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға арнайы білім гранты бөлінетінін айтты.

Жалпы табысы 3 күнкөріс минимумынан төмен көпбалалы отбасылардың балаларына Астана қаласының ЖОО-ларда оқу үшін жекелеген гранттар бөлінетін болады. Бұл - қосымша 25 млн теңге. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қажет етілетін жұмысшы мамандығын алу үшін қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Білім алу барысында жатақхана беріліп, жол жүру мен тамақ тегін болады, шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, елорданың жоғары оқу орындарын бітірген түлектер Жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы жұмысқа орналаса алады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, пәтер алуға қаражат іздестірілуде.

"Жылына 700 пәтер салынатын болса, оны екі есе, үш есе көбейту керек. Біздің министрліктен осындай ұсыныстар болады. Сондай-ақ, Үкіметте «Нұрлы жер» бағдарламасында арнайы бір бөліммен тек көпбалалы отбасыларға үй салу жағын қарастырамыз".

Мемлекет басшысының тапсырмасымен көп балалы отбасыларға қолдауды күшейту жөнінде жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық саладағы бүкіл министрліктердің өкілдері бар. Олар президент тапсырмасын орындау бойынша екі айдың ішінде кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

Оқи отырыңыз: Көп балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары

Апаттың алдын алмай, неге тек салдарымен күресеміз? 

Гүлмира Әбіқай: Қазақтың саны көбеюіне қарсы емеспін, бірақ... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде