{metadescription}
Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай

Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай

Кейде  ішім сезіп тұр деп шатасамыз. Кейде өзімізді жақсылыққа сендіріп алдаймыз. Миымызда қалыптасып қалған жалған пікірлер бар. Соны білеміз бе? Оқып көріңіз. Келіспеуге амал жоқ.    

 «Менде бәрі жақсы»

«Сәтсіздікке ұшырадым, бірақ бұл қиындықты жеңуге тырысам» деп айтсаң, онда жөн. Ал «Тәйірі, бәрі жақсы болады» десең – ол қиял. Сөйтіп миымызға «менде бәрі жақсы» деп демалыс береміз.  Өйтіп айтқан адам сәтсіздіктің салдарын жеңуге талпынбайды, басқа жолын іздестірмейді. Бұрынғы проблемаларды кейінге қалдырып, сөйтіп түк бітірмей уақытын өткізе береді.  Сондықтан өзіңді-өзің алдап, уатудың қажеті жоқ.

Жақсылық ойлауды насихаттауды қазір көбісі қолдамайды. Мысалы, америкалық қоғам белсендісі және публицист Барбара Эренрейх өзінің «Улыбайся или умри» кітабында жалған оптимизмді бүге-шігесіне дейін зерттеп жазған. Ол өзінің басынан кешірген мысалдарды келтіріп, реалист болудың пайдасы мен оның дұрыс екенін айқындап берген.  

«Жетістік — ол тек сәттілік пен сәйкестілік» 

Кәсіби салада жетістікке жетіп, өзіңді мойындатқаннан көрі тағдырым ауыр, жолым болмай жүр деп айтқан әлдеқайда оңай, солай ма? Көп адамдар былай ойлайды: айтарлықтай биіктікке жеткен адам – маңдайына бақ жазылған, әке-шешесі бай, мықты байланысы бар, беделді тамыр-таныстарының арқасында жолы болып жүр. Қысқасы,  жолы болғандар –жұлдызы оңынан туғандар, бірақ қолынан түк келмейді деген түсінік қалыптасып қалған. Сөйтіп осындай ойдан өзін жұбатып, көздеген мақсатына жетуге талпынбайды. 

Бұндай адамның өмірі уланады, өзіне жаны ашып, түк бітірмей отыра береді. Ондай ойдан аулақ бол. Есіңде болсын, жетістік  — маңдай тер еңбектің, дамылсыз жұмыс істеудің, қиындықты жеңудің жемісі.

«Бұл оп-оңай!» 

Бұл да бізді шатастыратын зиянды нұсқаулық. Кез келген жұмысты жоспарлағанда жіберетін қателігіміз — істелетін жұмыстың қиындығын ескермеу. Кейбір міндеттерді жіті бақылап қарасаң, ол бірнеше құрылымнан тұратынына көз жеткізіп, әр бөлігіне уақыт пен күш жұмсау керектігін түсінесің.

Кез келген міндетті орындау үшін әрқайсысын жеке зерттеп, оның оңай емес екенін түсініп, бағалай біл. Кез келген іске үлкен жауапкершілікпен қарап, артығымен уақыт мөлшерін белгіле.

«Бай адам – рухани жұтаң» 

Ойлап қарасақ, көптеген кино, ертегі, кітаптарда бай адамды, неге екені белгісіз, жағымсыз кейіпкер етіп бейнелейді. Ал жағымды кейіпкер сондай мейірімді, кедей, жаны жайсаң, рухани бай. Сөйтіп адамда бай болған жаман, ақша – лас, ақшасы көп адам қу, айлакер, ақылы да, адамгершілігі де аз деген қате пікір қалыптасады. Оған қоса мынадай қорытынды жасайды: бай болса — ұрлықшы. Әр адам өзін жұрттың алдында жақсы етіп көрсеткісі келеді, сол себепті байығысы келмей, осы ойдың кесірінен кедей болған өзіне ыңғайлы деп санайды. «Барымызбен базар, қарапайым адамбыз, есесіне нанымызды адал тауып отырмыз».

Негізінде, мәселе мүлдем олай емес. Егер рухани дамуды ойласақ, ақша тап осы бағытқа ағылады. Ақша — ол еркіндік, демек, уақыт бостандығы. Ақша тапшылығы адамды  тығырыққа тірейді, пейілін бұзады, тұрмыста қиыншылық әкеледі, сөйтіп рухани даму көзін бітеп тастайды. Сондықтан  «ақшасыз адалдар» адасқанын тоқтатып, өзінің материалдық игілігін көбейтуге ұмтылғаны жөн.

«Өмір-бақи осылай, мен бұны өзгерте алмаймын» 

Бұл жалқау адамдарға лайық ұстаным. Өзін де, айналасындағыларды да бұл өмірді өзгерте алмайсың деп сендіреді. Айналамызда өзгермейтін дүние бар ма? Мысалы, технология? Ал әр күнімізді жаңаша етуге кім кедергі?

Психологтар бұны үйретілген дәрменсіздік синдромы деп атайды. Мәселе мында, көп адамдар бұл науқасын байқамайды да. Осы жаман әдеттен құтылудың бірнеше амал бар. Былай бастаңыз: өзіңіз ықпал ете алатын саланы таңдап алып, қолыңыздан келетін істі анықтап барып, істі жүзеге асырыңыз. Сонда кез келген проблема, тіпті ол жеке өміріңізге қатысты болса да, шешімін табады.

«Адамдар ешқашан өзгермейді» 

Өмірден көптеген мысал келтіруге болады. Адамдар өзгереді және өзгеріп жатыр. Мәселен, көп жыл бойыденесі  өте семіз Коннер Ренш (Conner Rensch) ерік-жігерін уысына алып, адам танымастай арып, тіпті сұлулық байқауына қатысты. Немесе зейнетке шыққанда бос отырғысы келмей 60 (!) жасында модель және актриса болған Аннабель Дэвис.

Әлемде мұндай  мысалдарды мыңдап келтіруге болады.  Кел келген жаста, кел келген әлеуметтік ортада, кез келген ахуалда адамның өзгеруіне мүмкіндік бар. 

«Қазір қалым онша емес, бірақ ертең жөнделем» 

Әр адамның түр-келбеті өз еңбегінің нәтижесі. Басқаша айтсақ,  адам өзін қолға алмайынша, әлгі «ертең» ешқашан тумайды. Түр-келбетіне кейпі де, беделі де, денсаулығы да кіреді. Кейбіреуінің проблемасы мында: олар өз өмірін жоспарлағанды ұнатқанымен, тұрмыс болмысын кейінге қалдырады. Ондай адамдар қаптап жазған тізімінен бір сәт басын көтеріп, тәуекелге бел буып, мақсатына жетуі тиіс.  

Болмаса, импровизация қажет. Стэнфордта актерлік шеберлігінен дәріс беруші  Патрисия Мэдсон импровизация  – адамның өз өмірін дұрыс сүруіне көмектеседі дейді. Дұрыс сүріп қана қоймай, проблемаларды шешуге – жұмыстағы дау-жанжал мен бала тәрбиесіне де себін тигізеді. Аталмыш жүйенің мәні неде? Күнделікті күйбің тірлікті тірілту. Жандандыру. Жаңа нәрседен сескенбеу. Қателік жасаудан қорықпау. Көп қимылдау. Аз жоспарлау. Бей-берекет әрекет жасаудан жасқанбау.

«Барлығы мені сондай деп ойлайды...» 

Бізді кішкентай кезімізден өзіңді дұрыс ұста, әйтпесе жұрт сені жаман деп ойлап қалады деп миымызға құйып өсірді. Осындай намыммен өмір сүріп келеміз, бірақ айналамыздағы адамдардың пікіріне қарайлай берудің түк пайдасы жоқ. Сіз туралы біреу жаман ойласа, оның пікіріне не себеп болды деп басыңды қатырма. Өйткені одан мағына таппайсың. Егер өзіңнің  адалдығыңа сенімді болсаң, ең бастысы, өзіңе сенімді болсаң, онда ел не десе, о десін, соған бола қиналып жүрегіңді ауыртпа.  

Әбден қалыптасып қалған әдеттен арылған өте қиын екені рас. Бірақ өз игілігіңе бола еңбектенуге тура келеді. Мысалы, бұлтартпай сендіріп үйреніңіз. Өз ісіңе сенсең, айналаңдағы адамдардың пікіріне пысқырғаның бар. Керісінше, олар сенің пікіріңе құлақ түреді.

Оқи отырыңыз: Білесіз бе? Өкпелеп, ренжігеннің де пайдасы бар 

Гүлмира Әбіқай: Қазақтың саны көбеюіне қарсы емеспін, бірақ...

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық

Жазира Бегалы: Қуаныштан жылап жіберген сәттерім көп 

Мақсат Мәлік: Өзімді кінәлі сезінемін... 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде