{metadescription}
Өлтірі деген не?

Өлтірі деген не?

Үйлену тойының алдында «өлтірісін береді» деген сөзді естімеген қазақ кемде-кем. Оны кімге арнайды? Өлтіріні кім алады?  Өлтіріде қай жақтан сыбаға ас әкелінеді? Қалыңдыққа не нәрсені жегізбейді? Жалпы, өлтірінің мән-мағынасын білесіз бе?

Танымал қаламгер Ахмет Жүнісов халқымыздың бағзы заманнан бергі дәстүрлі өмір салтын, моральдік қағидасын жан-жақты жазып-сызып беріп кеткен. Жастар түгілі егделердің өзі білмейтін, санамызға сәуле түсірерлік танымдық ғибраты мол жәйттер жеткілікті. Соның бірі – өлтірі.    

Ахмет ағамыздың айтуынша, «өлтірі «деген сөз қосылып жазылғанымен, мазмұны – өлі-тірі. Бұл арадағы өлі мен тірінің айтылуы: «Алдағы құдалық баянды болу үшін екі жақ өлі мен тірінің алдында ант етеді!» дегенді ұғындырады. Сондықтан да өлтіріге әкелінген мал осы уәдеге арналып әдейі сойылады. Бұны бөгде біреу алады. Бұнда да мән бар. Өйткені екі жақтың құда болғанына куә керек. Егер екі жақтың бірі опасыздық жасаса, оны осы куә таңда-махшарда да тырп еткізбейді. Және заңды болады. Неке оқылғанда молданың:

«Куә, куә, куә-дүрман. Куәлікке жүрә-дүрман» дейтініндегі көп куәнің бірі – осы өлтіріні алған үй. Өлтірі өтіп болған соң екі жақ бірін-бірі құда-құдағи дей беруіне болады.

1. Өлтіріде күйеу жақтан сыбаға ас әкелінеді. Бұдан қалыңдық ауыз тимейді. Себебі: әлі оң жақтан аттаған жоқ.

2. Келін болып барғанша әлі талай уәде, кәде, уақыт бар. Ол үйге тәуелді болмай жатып дәмін тату – қазақ үшін қарыздарлық және күнә.

Қазақта «дәмге тапсырдым!», «дәм атсын!» деген сөздер бар. Қазақ үшін дәм өте жоғары. Қыздың ауыз тимеуіндегі және бір қауіп: алда-жалда бара алмай қалсам дәм алдымнан шығар дегендік.

Бұдан соң күйеу жақтың ендігі әкелетіні – үкілі құнан, дөнен не ат. Бұл арада мәселе жылқыда емес, оның кекіліндегі үкіде. Сиыр әкелсе үкі тағу қиын ғой. Үкі – бұл жерде төлді меншіктеп ен салғандай, қызды – болашақ келінді өздерінің баласы етіп алдын ала иемденгені. Екінші бір жағы, қазақта үкі – қыз дегенді түсіндіреді. «Ол қыздың басы бос емес, пәленше ұлына үкілеп тастапты» деген сөз, міне осыдан шыққан. 

Аталмыш айдарда алдыңғы уақытта ҚҰДА ТҮСУ, ҚЫЗ ҰЗАТУ, ОТАУ КӨТЕРУ, ЕНШІ БЕРУ, ЖАРЫС ҚАЗАН, ШІЛДЕХАНА, БЕСІК ТОЙЫ және тағы да басқа халқымыздың бағзы заманнан бергі салт-дәстүрі, өмір салты, этнографиясы мен моральдік қағидасы жан-жақты сөз етілетін болады.

Оқи отырыңыз: Қазақ халқының ойын-сауығының мағынасын білесіз бе? 

Астық араласқан қазақ тағамдары 

Қазақ – қызды аса аялаған, күткен халық

Басқа халықты кім білсін, біздің қазақта осылай 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде