{metadescription}
Күйдірді! Смартфонның қызып кету себептері

Күйдірді! Смартфонның қызып кету себептері

Еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін смартфонға үңіліп отыратын заман туды. Байқасаңыз, түрлі гаджет иелеріне ортақ нәрсе –  смартфонның тұтастай қызуы. Құрылғының ыстық үтіктей болғаны көңілге секем тудырады. Смартфон қызыса, онда жақын арада оның батареясы құртылып, түптің түбінде жаңасын сатып алуға тура келеді. Ал жаңа құрылғы сатып алуға дайын болмасаңыз, онда қолдағы бар дүниеге көңіл бөліп, төменде жазылған 5 нәрсеге құлақ түріңіз.  

Сыйымдылығы тым аз

Өтірігі жоқ, иә, смартфонға ең жаңа және ең қызықты қосымшаларды жүктегеннен жалықпаймыз. Графикалық редактор, ай фазасының күнтізбесі, ойындар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер  және тағы басқа. Сұранысымыз күннен-күнге өсіп барады. Нәтижесінде көптеген қосымшалар процессорға үлкен салмақ салады. Ақыры оның «діңкесі» құрып, «ашудан» күйіп-піседі! Барлық күш-жігерін жұмылдырып, шахтадағы домна пешіндей қызады. Сондықтан, ең алдымен, құрылғыңыздың мүмкіндігін елеп-ескерген жөн. Көп энергия жұмсайтын тапсырма беруді тыйыңыз. Ауыр тапсырмаларды орындауға смартфон емес – ноутбук жарамды.

Қолданбайтын қосымшалар

Қосымшаны пайдаланып болған соң не істейсіз? Соңғы рет смартфонның браузерін қашан жаптыңыз? Иә, оны барлығы істеуі тиіс. Ал ашық қалған қосымша білдірмей жұмыс істеп тұрады! Алдында айтып өткендей, ол телефонның «жүрегіне» салмақ салып, смартты қыздырады. Сондықтан есіңізге сақтап алыңыз: қосымшамен жұмыс істеп болған соң, тым құрығанда оны «емдеу» мақсатымен толық жабуды дағдыға айналдырыңыз.  

Сыртындағы қабы тым қалың

Смартфонның сыртындағы қабының кейде пайдасынан көрі зияны көп. Біле білсеңіз, ол тіпті смртфонның емін-еркін «тыныстап демалуына» жол бермейді. Әсіресе пластиктен жасалған «бамперлер». Ендеше қабын шешіп, тәжірибе жасайық. Тез суыды ма? Сөйтіп көз жеткізуге болады.  

Күні бойы қалтаңызда немесе ұйықтағанда жастықтың астында жатады

Тағы қайталап айтамыз: смартфонның ылғи жылы жерде сақталғаны оның салқындауына кедергі келтіреді. Жарайды, қыста қалың киімнің қалтасында сақтадыңыз. Барлық қосымшасын жаптыңыз. Ал ұйықтаған кезде жастықтың астына салып жатуды доғарыңыз. Телефон да адам сияқты тұншығады, ол да ашық жерде «терең тыныстап» демалғысы келеді.  

Зарядтауда тұрғанда қызып кетсе

Бұл жағдайда мәселе – батареяда немесе зарядтайтын құрылғыда. Кабельді ауыстырып, оның температураға әсерін тексеріп көріңіз. Сондай-ақ телефонды зарядтауға қоймастан бұрын барлық қосымшларды жауып, сонымен қоса Wi-Fi  мен Bluetooth-ды өшіріңіз. Тоққа қосылып тұрғанда телефонды қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол батареясына салмақ түсіреді. Сондай-ақ, зарядтауға түні бойы қоймауға тырысыңыз.

Оқи отырыңыз: Басың ауырса... 

Өлтірі деген не? 

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер 

Елеусіз қалдырма: Естен кетпейтін үрейлі түстер 

Ішім сезіп тұр: Түйсігімізді алдайтын 8 жағдай 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.