{metadescription}
Ернар Айдар: КТК эфирінен концертімді тұңғыш рет тағат таппай күтіп жүрмін

Ернар Айдар: КТК эфирінен концертімді тұңғыш рет тағат таппай күтіп жүрмін

Ернар Айдар неге екі ай бойы диета ұстады? Әншінің қаратер болып спорт залында тер төгуіне не себеп? Ернардың сахналық киімін түбегейлі өзгертуіне не түрткі болды? Әнші өз концертінде нені байқап, қандай ұйғарымға келді? Сөз бұйдаға салмай турасын айтсақ, КТК эфирінен 20-шы сәуірде көрсетілетін Ернар Айдардың «Тамаша» атты ән-кеші несімен ерекше?  

Таяуда белгілі әнші Ернар Айдардың Республика сарайында өткізген «Тамаша» ән-кешін көрген де арманда, көрмеген де... Концертті көре алмаған тыңдармандардың арманы 20-шы сәуірде орындалады. Тап осы күні, сенбіде сағат 18:00-де КТК арнасы қалың жұртқа хит әндерімен көпке танылған әнші Ернар Айдардың ән-кешін ұсынады.

Әр баланың өз несібесі бар дейді ғой қазақ. Сол сияқты Ернар Айдардың да әр концертінің өз ерекшелігі бар. «Тамаша» деп атаған соң, атына заты сай болады деп үміттеніп емес, кәміл сенген екен.

Халықтың жүрегінен орын алған әндер «лайф бренд», ВИА стилінде берілді – жанды дауыста, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен. Бұл – Ернар Айдардың аспаптардың сүйемелдеуімен берілген алғашқы концерті. Басты ерекшелігі де осында.

Әр концертті бір-біріне ұқсас қылмауға тырысамыз. Көрермен, тыңдарман қауым жалығып қалмаса екен деп тілейміз. Тыңдарманның басым көпшілігі өзіне ұнайтын, жүрегінен орын тапқан әнін тыңдағысы келеді. Сол үшін әндерді басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Халық менің біраз әндерімді залда отырып қосылып айтады екен. Бұл концерттен тыңдармандарыммен бірге ән шырқап, кәдімгідей жаным жадырап, қатты әсер алдым. 

Бір әншінің кешінде басқа әншіні де көргің келетіні рас. Бұл концертте Әли Оқаповпен, Меруерт Түсіпбаевамен дуэттер болды. Ерекшелігі – аспаппен орындалатын түрлі техникаларды бір арнаға тоғыстыра ойнайды.

Сазгер, музыкант  Ренат Гайсиннің сүйемелдеуімен «Қайран жеңгем» әні орындалды. Ол да бір өзімше тыңдармандарыма деген ерекше ілтипатым. «Қайран жеңгем» әнін аспаптың сүйемелдеуімен жанды дауыста көп жерде естімеген. 

Сахналық киім. Көрермендер тек киімді ғана емес, сонымен қоса киініп тұрған әншінің ешбір кемшілігін байқамай, әртістің  ыңғайлы киініп тұрғанын көргісі келеді. Ал әншіге сахналық киімі бәрінен бұрын ән шырқауына, жүріп-тұруына,  қозғалысына кедергі келтірмеуі тиіс. Ернар Айдар әдетте костюм, пиджак тіктіретін. Ал бұл жолы спорттық және романтиткалық стильге жол берді

.

Сахна киімім өзіме қолайлы, билегенге ыңғайлы болсын дедім. Осы жолы қымталып алмайыншы деп костюм-шалбар, пиджактан бас тарттым. Өзімді сахнада жақсы сезіну үшін киімді кішкене ашық түске ауыстырдым. Байқасаңыздар, киім жағын түгелдей өзгерттім. Ол жағы біреуге ұнады, біреуге ұнамады. Дегенмен киімім жасыма сай болсын деп өзгертілді.   

Жаңа әндер орындалды. Дегенмен халық ұнататын хит әндерге басымдық берілді.

Халқымның жүрегінен орын алған, жұртымның ұнататын әндерін орындадым.   

«Концертке дайындық бірнеше ай қатаң тәртіпте жүргізіліпті. «Тамаша» затына сай болсын деген мақсат қойылды, - дейді Ернар. Әнші дұрыс тамақтану тәртібіне көшіп, спортты мықтап қолға алғанын, артық салмағынан арылғанын жасырмады. Спорт залында –  жаттығу, студияда – вокал, би, үйде – сахнадағы әрбір сөз, сценарий күн сайын тиянақты орындалды.

Бұл концертке қатты дайындалып, үлкен жауапкершілікпен қарадым.  Өзіме барлық жағынан режим қойып, артық салмағымды түсірдім. Күнделікті  жаттығу, вокал, би, сценарийге дайындалу – өте үлкен жоғары деңгейде болды. Екі айдай дайындалдық. Бұл тыңдарманға, көременге деген жауапкершілік деп білем. 

«Тамаша» концерті тамаша болды деп батыл айта аламын. Көңілімнен шықты. Шынымды айтсам, бұрынғы  концерттерімді көре бермейтінмін. Жалпы, өзім түскен концерт болсын, басқа бағдарлама болсын, қарамаймын.  Біреулердің пікірінен-ақ естіп, біліп аламын. Енді КТК эфирінен асыға күтіп жүрмін. Көрермен ретінде өзімді көргім келеді. Концертімді асықпай жайғасып отырып алып көрсем деген ниетім бар», - деді әнші.  

«Осы концертімді түсіріп, хақыма ұсынып отырған,  халқыммен арамызға алтын көпір болған – КТК телеарнасына көп рақмет! Жалпы, барлық ұжымға рақметімді айтам», - деп, алғысын білдірді биязы әнші Ернар Айдар.  

Ендеше  20 сәуір, сенбіде сағат 18:00-де тек КТК арнасынан тамаша әншінің «Тамаша» ән-кешін тамашалауға шақырамыз!

Оқи отырыңыз: Жазира Бегалы: Қуаныштан жылап жіберген сәттерім көп 

Гүлмира Әбіқай: Қазақтың саны көбеюіне қарсы емеспін, бірақ... 

Мақсат Мәлік: Өзімді кінәлі сезінемін... 

Шырын Нарчаева: Күйеуге пәк күйімде шығамын 

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде