Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары
Көктем келіп, табиғат аясында демалушылар саны көбеюде. Қоршаған ортада да түрлі жұқпалы аурулар тарататын жәндіктердің белсенділігі артып барады. Солардың бірі – кене.
Автор: Аида Сатбаева
Кенеден сақтану шаралары:
- Табиғат аясына демалуға шыққанда денеңізді толық жауып тұратын (қымталып емес) бас киім, ұзын жең, балақ, шұлық, бас киім киіңіз. Киім ақ түсті болғаны жөн.
- Кенелерге қарсы химиялық зат – репелленттер қолдану.
- Тоғайда, таулы жерлерде соқпақ жолдан алыс жерге орналасу.
- Кене энцефалитіне қарсы екпе алу.
Кене шаққанда алғашқы көмек:
- Кішкентай қысқышпен теріден абайлап алу керек;
- Қысқыш болмаса, қолғап, целлофан, қағаз қолданыңыз;
- Кенені шығарған соң, қол жууды ұмытпаңыз;
- Кенені терінің астынан өздігінен шығара алмасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келеді;
- Теріңіздің кене шаққан жерін 70%-дық спиртпен, 5%-дық йодпен немесе одеколонмен жуыңыз.
Кене энцефалиті:
- Жедел өтетін вирустық ауру;
- Орталық жүйке жүйесін зақымдайды;
- Өлімге, мүгедектікке әкеледі.
Кене энцефалитінің алғашқы белгілері:
- Инкубациялық кезең – 10 - 14 күн, кейде 1 – 60 күн.
- Қалтырау;
- Бас және мойын, иық, кеуде, арқа бұлшық еттерінің ауруы;
- Дене қызуы бірден 38-39°С-қа көтеріледі;
- Жүрек айнуы, құсу.
Емделу және екпе алу
Дәрігер кене шаққан адамға иммуноглобулиннен басқа қосымша жұқпалы ауруға қарсы алдын алу емін белгілейді. Кене энцефалитіне қарсы екпе – ең сенімді шара. Далада қызмет ететін, эндемикалық аймақтарда өмір сүретін адамдар екпені тегін алады. Алғашқы екпе күз мезгілінің аяғында, екіншісі – бір айдан кейін, үшіншісі – бір жылдан соң, келесі екпе 3 жылдың ішінде салынады.
Алматы тұрғындарына арналған екпе:
1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6 үй) – Бостандық және Медеу ауданының тұрғындары үшін;
2) Алматы қалалық жедел көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96 үй) – Алмалы ауданаың тұрғындары үшін;
3) 4-ші қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220 үй) – Жетісу, Түрксіб аудандарының тұрғындары үшін;
4) 7-ші қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман шағын ауданы) – Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін;
5) №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасы (Манас көшесі, 40 үй) – 15 жасқа дейінгі балалар.
Теріңізден шыққан кененің жұқпалы екендігін «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» зертханасына тапсырып біле аласыз: (Әуезов көшесі, 84 үй), байланыс телефоны: 8 727 375 58 66.
Оқи отырыңыз: Клещи атакуют – есть первые жертвы