{metadescription}
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік

 Үйдің төбесінде судан қалған сары дақты қалай кетіруге болады? Кілемнің жаншылған жерін қалай түзету керек? Тот басқан шеге. Түсқағаздың астына ауа кіріп бырсиып кетті. Едендегі кетпейтін дақтар.  Тартпаны ашып-жабу қиынға соқты. Қабырғаның сылағы тегіс емес. Жерге мазут төгіліп қалды. Құбырдың шүмегінің астынан су шығып жатыр. Саспаңыз! Төменде жазылған кеңестер сізге арналған.   

Төбедегі, қабырғадағы судан қалған сары дақты қалай кетіремін?

Көп пәтерлі үйде тұрғанда төбеден аққан судан ешкім де сақтандырылмаған. Құбыр жарылады, су қбырының шүмегін жабуды ұмытып үйді су басады. Ал бұдан төменгі қабаттың тұрғындары да жапа шегеді. Сөйтіп, уақыт өте келе су кепсе де, қабырға мен төбеде сары дақ қалады. Бұны кетірудің бір жолы бар.  

Бірнеше ас қасық ағартқышты үлкен бүріккіш бөтелкеге қосып, араластырып, шашыратып, кепкенін күтіңіз. Сонда дақтар толығымен жоғалып немесе онша бадыраймай, көрінбей қалуы мүмкін.

Кілемнің жаншылып қалған жерін қалай түзетемін? 

Кілемнің үстіне қойылған ауыр жиһаз оны жаншып тастайды. Жиһаздың орнын ауыстырған сайын кілемнің жаншылған жері көзге түсіп, көңілді де түсіреді.Соған бола жаңа кілем сатып алуға асықпа. Жаншылған жерлеріне мұздың түйіршектерін жаймалап қойып, мұздың ерігенін күтіңіз. Кілемнің жүні суды сіңіріп алып суланған кезде оның үстінен сорғыз жөкені әкеліп сорғытып, шанышқының көмегімен кілемнің жүнін тегістеңіз. Нәтижесі қуантатын болады.  

Тот басқан бұрандалы шегені суырып алу қиын ба?

Аздаған сірке суын алып, оны жаңағы бұрандалы шегенің төбесіне құйыңыз. Қышқыл – тоттың көзін жояды. Сөйтіп шеге босайды. Бұл амал үйде жөндеу жұмыстың қарқынын тоқтатпайды.

Түсқағаздың астында ауа қалып қойды

Қабырғаға түсқағаз жапсырып жатқанда бұл мәселе жиі кездеседі. Түсқағазды қайта жапсырудың қажеті жоқ. Құрылыс материалдары дүкендерінде арнайы шприц сатылады. Соның көмегімен түсқағазға тесік жасап ауаны ілезде шығарып жіберуге болады. Сосын қажет жеріне аздап желім жағу керек.Қағаздан, винилден жасалған түсқағазды бүлдіріп алмау үшін шприцті салмас бұрын кеңсе пышағымен кесіп алып, сол жерге «екпе» жасаңыз.  

Едендегі кетпейтін дақтар

Үйдегі күнделікті тұрмыс-тіршілікте жерге төгілмейтін нәрсе болмайды. Резеңкенің ізі, кір, болмаса қажалып қалған жерлер еденнің (линолеум, кафель, ламинат) сәнін кетіретіні рас. Бұл дақтардың көзін жоюға теннис добы көмекке келеді. Ол артық дақтармен күресуге жақсы көмектеседі. Допты ыңғайлы етіп қолдану үшін оған тесік жасап, тесікке сыпырғыштың сабын кіргізіп қойыңыз. Сөйтіп доппен едендегі дақты қаттылап тұрып сүрткілеңіз.

Тартпаларды ашып-жабу діңкеңді құртты

Өтірігі жоқ, кейді шкафтың суырмалы тартпалары ашылмай, кейде тіпті жабылмай қалады. Бұл проблеманы шешу үшін тартпаның екі жақ шетін кәдімгі кір жуатын сабынмен сүрткілеңіз. Сонда ол жайлап ашылатын болады. Айтпақшы, сабын құрғақ болуы тиіс.

Мазут майын тазалау

Тіпті далада жерге төгілген көліктің майын немесе мазутты тазалау қиынның қияметі.  Бірақ бір құпияны ашайық: дақтың үстіне мысықтың дәретханасына арналған толтырғышты 15 минутқа сеуіп тастаңыз. Дәретханаға арналған толтырғыштың сіңімділік қасиеті өте жоғары. Ол майдың басым бөлігін өзіне сіңдіріп алады. Ал қалғанын майды кетіретін ыдыс жуатын сұйықтықпен жуып, соңынан сумен шайып тастаңыз.

Қабырғаны тегістеу

Мұқият істелмеген сылақ қабырғаларда кедір-бұдыр болып, кейпін кетіріп  мазаңды қашырды ма? Оны күңгірт түсті бояумен білдіртпей бояп тастауға болады. Күңгірт бояу кез келген кемшілікті жасырады. Егер жалтыраған бояу кемшілікті көзге ұрып көрсетіп тұрса, ал күңгірт бояу – керісінше. Сонымен, қабырғаларыңыздың сылағы теп-тегіс болмаса, оны тек күңгірт бояумен сылаңыз.

Су шүмегінің астынан су тамшылап тұр

Суды тоқтату үшін су жіберуді тоқтатып, шүмекті шұңғылшадан (раковина) бөлек шешіп алыңыз. Тығыздағыш сақинаның айналасына вазелин жағыңыз. Бұл айла-әрекет шүиектің астынан шығып жатқан суды тоқтатады.

Үйіңіз жайнап-жарқырап тұсын! Шаңырағыңызға береке тілейміз! 

Оқи отырыңыз: Нотр-Дам де Пари: Тағдырына 5 рет қатер төнген собор 

Ернар Айдар: КТК эфирінен концертімді тұңғыш рет тағат таппай күтіп жүрмін 

Күйдірді! Смартфонның қызып кету себептері 

Балаңыз балабақшаға баруға дайын ба? 

Инфографика: Тұрғын үй бағасында не өзгерді 

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде