29 сәуір – 05 мамырға арналған жұлдыз-жорамал
Бұл аптада не болады? Қандай қуаныш, қандай жаңалық бар? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 29 сәуір – 05 мамырға арнап шығарған жұлдыз-жорамалымен танысыңыз.
29 сәуір – 05 мамырға арналған жұлдыз-жорамал.
Тоқтылар шаруашылық істерге бастама көтеріп, ұзақ уақыт өзі қолға алмай жүрген істерін тындырады. Сіз өздігіңізбен жұмыс істеуді, еркіндікті, творчестволық шабытты сезесіз. Жұмыста жаңа мүмкіндіктер туып, біраз шаруаны тындырасыз. Жауапкершілік ұлғаяды. Тұрғылықты жерді ауыстырып, жақындарыңызбен біраз уақытқа ажырасуыңыз да мүмкін. Талмай еңбектенесіз. Көп нәрсені жүзеге асырасыз. Ұмыт болып бара жатқан тәжірибені қолға аласыз. Жаңа таныстар болады, нақты жобаланы іске асырып қалуыңыз мүмкін. Құжаттар қолға тиеді, беделді адаммен кездесесіз, келісім-шарт жасалады. Қаржы мәселесі бақылауда болады. Бірақ ол оңай келмейді. Бойдақ тоқтылардың жеке өмірінде өзгерістер күтілуде. Амал жоқ, шешім қабылдауға тура келеді.
Торпақтар баяғыдан бері жоспарлап жүрген іс-әрекеттер жүйесін қалыпқа келтіреді. Өмір сүру жағдайын жақсы жаққа өзгертуге талпынады. Жақын адамдарының арқасында көздеген жоспары іске асырыла бастайды. Өткендегі проблемаларын белгілі бір адам есіне түсіріп, мазасын алатын болады. Дегенмен жағдайды түзетуге ұмтылады, ол үшін өз мүддесін шектейді. Дегенмен аз шектеудің арқасында көп нәрсені тындырады. Жалпы бұл стратегия өзіне жақын және ұтымды болмақ. Кіші туыстарынан жағымды хабар алады. Отырыстар күтілуде. Жақын адамдарымен дастархандас болады. Қонақ шақырады. Сыйлық жасайды. Бір адамға көңіл бөледі. Жоспарланған сапары бар. Қазіргі міндеттері бұрын құнды деп саналған дүниеден алға шығып, бірінші кезекке қойылады. Күйбің тіршілікте көп қуанышты кезеңді басынан өткізеді, соған мәз болып қуанады.
ЕгіздерЕгіздер тұрып жатқан жағдайын өзгертуде біртүрлі күй кешеді. Іс-сапарға, белгілі бір мақсатта сапарға шығуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, жақын адамыңыздан айырыласыз. Бұл аптада жұмысыңызда өзгерістер болады, кадрлық өзгерістер бар, қосымша міндеттер қосылады. Кейде туыстарыңыздың шағым-арыздарын көңіліңізге секем аласыз. Жақын араласып жүрген адамдарыңыздың арасында өзара ұрыс-керіс, келіспеушіліктер болуы мүмкін. Бұрынғы міндеттеріңізді есіңізге түсіреді. Аталмыш мәселені жабу үшін шешім жасауыңыз керек. Қонаққа шақырады, отырыстар болады. Бір ер адамнан жайсыз хабар естисіз. Жеке өмірде өткен дүниені еске алмауға күш салып, мазаңыз кетеді.
Шаяндар өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін әдейі жасыратын болады. Тікелей сұрақтардан жалтарады. Сіздің әр қадамыңызды ешкімнің қадағаламағанын қалайсыз. Сонда өзін жайлы сезінеді. Сіздің есебіңізден жетістікке жететіндерді қолдамайсыз, сізге еліктейтіндерді жақтырмайсыз. Бір әйел сіздің алдыңызда мінезін көрсетеді. сіз онымен келіспейсіз, әсіресе мәселе сіздің ұстанымыңызға қатысты болғанда. Өзіңізге деген сенімдік пен сабырлылықты кәсіби жұмысыңыз беретін болады. Бірақ міндеттерден шаршайсыз, дегенмен болашақта мансабыңыз жайлы да ойлап тынышталасыз. Қаржы мәселесі өзіңізге белгілі. Ақшаны шашпай үнемдеп ұстайсыз. Бірақ сізді ешкім пайдакүнем, дүниеқор деп айта алмайды. Туысыңыздан жақсы хабар аласыз. Дегенмен ол сізді толғандырады. Ауыр жұмыстар күтіліп тұр. Далада көп серуендейсіз. Табиғат аясына шығасыз. Алыстан қонақтар келеді. Бойдақ шаяндардың жеке өмірінде бірқатар өзгерістер күтілуде.
Арыстандар құқықтық мәселелерді шешуге, ресми тұлғамен маңызды қарым-қатынас жасауға, құнды құжаттарды алуға бағытталған. Достармен байланыс екінші орынға жылжиды. Осы кезеңде елеулі шығындар, ірі сатып алулар болуы мүмкін. Өмірде күтілген өзгерістер болады. Егер ешқандай өзгерістер болмаса да, мақсаттарыңыз басқаша – ұмтылыстар мен іс-әрекеттер толығымен жаңартылады. Сенім артпаған адамның тарапынан күтпеген жерден қолдау көрсетіледі. Бүгінгі іс-әрекетіңізде көбінесе тәуекелге бел буасыз. Бұған күш-қуат көп жұмсайсыз. Сонымен қатар сіз кез келген ортада түсінікке оңай ие боласыз. Өзіңіздің сүйкімділігіңізді қолданып материалдық пайда әкеле аласыз. Бірақ қаржылық істер қиын жүргізіледі. Әсіресе қарыз алу немесе өтеуге байланысты мәселелер. Кедергілер тап болып, кешіктіріледі. Жеке өмірде небір қызықты оқиғалар болайын деп тұр.
Бикештер біртіндеп жаңартылған өмір сүру шарттарына үйренеді. Өмір салтыңыз әлдеқайда еркін, тұрақты және қарапайым.Көбісі үшін өзімен бірге тұрып жатқан тұрғындардың саны өзгереді. Сонымен қатар, өзіңіздің отбасыңыздың біреуіне бір нәрсе жасағандай күй кешесіз. Жасы кіші туысыңыз да мазаңызды алады. Бірақ сіз төзімділік танытып, артын күтесіз. Бастама көтермейсіз, қолдау ұсынбайсыз. Кәсіби салада сізді байқап, мақтап, алғыс білдіру жетіспейді. Негізінде бұл аптада сіздің еңбегіңіз жоғары болады. Өмірдің іскерлік жағы белсенді болмақ. Беделді адамдармен кездесулер, бөтен жерде қарым-қатынас болады. Көбісі құжатқа қол қояды, ұзақ мерзімді негізде келісім жасайды. Ақшаның үлкен сомасы сіздің қолыңыздан өтетін болады. Және көбінесе ақша басқа адамдардікі болуы мүмкін. Сіздің жеке өмірде шабыт жоқ. Дегенмен тұрақтылық деген бақытсыздық емес деп түсінуіңіз керек.
Таразылар аяғын нық басып, әсіресе кәсіби маңызы бар, тұрақтылықты табады. Маңызды құжатқа қол қою, белгілі бір ресми өкілеттіктерді заңды негізде алулар күтілуде. Сіздің бастамаңызға және пікірлестерге қолдау көрсетуге байланысты кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Белсенді адамдармен есте қаларлық кездесулер, қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша хабардар болып, ерекше оқиғаға қатысасыз. Жұмысқа қатысты сапарға шығуыңыз мүмкін. Іскер әріптестеріңізден немесе серіктестеріңізден өтініш, наз, шағымдар тыңдайсыз. Ол дипломатияның жоғары деңгейін талап етеді. Ірі сатып алулар, шығын күтіледі. Күнделікті тұтынатын нәрсе маңызды болады. Әсіресе, азық-түлік. Бірақ ақпаратта жоқ емес. Бұл ойдан шығарылған хабарлар, жаңалықтар, жалғандықты қабылдаудың қиын кезеңі ... Қарсыластардың айыптауы мен жала жабуына белсенді түрде қарсы тұру қажет. Әсіресе шығармашылық адамдар мен саясатпен айналысатын адамдар үшін қиын болады. Ал жеке өмір күнделікті өмірдің күйреуінен және күтпеген жағдайлардан пана болады.
Сарышаяндар өзгелерге қатысты болса да, басқа адамдардың дау-дамайына араласпауды қалайды. Жағымсыз соқтығысулардан құтылу мүмкіндігінен құтыласыз. Дегенмен, сізде күмән туғызбайтын рәсімдерге араласпау үшін өз басыңызда да жұмыстар бастан асады. Сіз көбінесе өзін мадақтауға бейім, үлкен амбициялы өршіл адамдардың арасында боласыз. Және бұл сізге белгілі бір дәрежеде пайдалы болады. Осыған орай, сіздердің қызметтеріңіз, кәсіби деңгейіңіз әрдайым жоғары деңгейде көрінеді. Қаржылық жағдай біршама жақсарады. Ақша табу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Көпшілік үшін бұл саяхат, қысқа сапарлармен байланысты болады. Дегенмен ұзақ сапар болып қалуы да ықтимал. Ұзақ уақыт көрмеген досыңызбен кездесесіз. Сіздің демалысыңыз сіз үшін жақсы демалыс болмақ. Мерекелік іс-шараларға қатысасыз. Жеке өміріңіз сізге жаңа қырынан танылады.
Мергендер мақсатқа жетуі керек, әділеттілікке қол жеткізуі керек. Жеңімпаз болуға мүмкіндік бар. Сіздің жағдайыңыз жаңартылған деп атауға болады, бірақ сіз әсіресе таныс емес нәрсені меңгерудің қажеті болмайды және сіз ерекше жағдайларға үйрене алмайсыз. Көбісі бұрынғы өмір сүру жағдайына оралады, бұрын білетін жұмысын жасайтын болады. Өткен кез келген нәрсені ұғынып, әрбір қарым-қатынасын шынайы деп санайтын жерге қайта оралады. Әсіресе ресми дереккөздерден алынған ақпарат өте маңызды болады. Жаңалықтарбұл аптада сізге беймәлім болып, көңіліңізді алаңдатады. Туыстарымен кездесу болып, мәселе талқыланады, жауапкершілікті бөлу жоспарланады. Қаржы шығындарды төлеуге жұмсалады, бірақ ақша күтпеген жерден түсуі мүмкін. Шығармашылық негізде білім, тәжірибе және қысқа мерзімді ынтымақтастықты толықтыру үшін жақсы уақыт бұл. Беделді адаммен кездесу бар. Қонақтармен бірге кездесіп, шығарып саласыз. Жеке өмірде сенімділік пен түсіністік болады. Бойдақтар құмарлық құшағында болады.
Тауешкілер эмоциясына ие болуы керек, өйткені күйзеліске түсуі мүмкін. Бұған қайғылы естеліктер түрткі болмақ. Өткендердің реніштері есіне түседі. Бұл апта рухани жағынан қиынырақ. Біреудің сөзін көтере алмайды. Бәрін жүрегіне жақын қабылдайды. Сізге түсіністік, қолдау, көмек қажет. Бірақ сіз жабықсыз. Тұйықсыз. Жақын болашаққа арналған құпия жоспарларды жүзеге асырасыз, ол туралы ешкімге тіс жармайсыз. Жемісін, нәтижесін, жетістігін бірден көргіңіз келеді. Кәсіби тұрғыда апта сәтті өтпек. Қосымша табыс бар, ол сыйлық, ақша, сыйақы түрінде түсуі мүмкін. Өмірдің сыртқы келбеті сіз үшін өте маңызды болады. Өзгелердің пікірлері де өте маңызды болады. Түске ерекше назар аударасыз. Мүмкін, шаштың түсі өзгертіледі. Көбісі үйінің, бөлмесінің, дүние-мүлкісінің түсін өзгертіп көңілін көтереді. Жеке өмірде күмән мен сенімсіздік бар. Сінді сендіретін сөздер аз болмақ.
Суқұйғыштар өзіне ең маңызды деп санайтын мақсатқа жету үшін құрбан болуға дайын. Жеке күш-жігер арқылы өзіңізге сену және қорқыныштан шығу үшін көптеген қиындықтарды, әсіресе психологиялық сипаттағы еңсере аласыз. Осы кезеңде серіктестікті кез-келген түріне – жеке тұлғалардан жеке адамға дейін ерекше назар аударасыз. Кәсіпқойлықты бағалайтын және өнімділікке сүйенетіндерді сәттілік күтіп тұр. Жаңа нәрсеге үйретіп, маңызды ақпарат алуды үрететін ұстаз пайда болады. Жоспарланған сапарлар күтілуде. Көп жүресіз. Кейбіреуінің әлеуметтік мәртебесі өзгереді, ішкі тәртіпке шектеу қойылып, тар жерде отырып бәр нәрсені ұзақ күтетін болады. Бұл апта артық салмақтан арылуға өте қолайлы. Жаман әдеттен арылыңыз. Спорттық іс-шаралар, нақты жаттығулар күтілуде. Көптеген жарыстарға қатысуға жағдай туады. Қаржылық мәселе сізден күш-жігер талап етеді, өйткені оны бақылауды қолға алыңыз. Жеке өміріңізде өзгеріс жасауға дайынсыз. Сіз тіпті өзгеріске бастама көтеруге әрекет ете аласыз.
Балықтар бұл аптада өте тартымды және көптеген адамдардың қызығушылығын тудырады. Қандай жағдайда болмасын, сіз өзіңіздің табиғатыңыздан жаратылған қасиетіңізден айырылып қалмайсыз, тіпті балаға тән қылығыңыз көптің сүйсінісін тудырады. Сіз өзіңізге қызықты боласыз, осылай болуға тырыспаңыз да. Айналаңыздағы адамдар сізден өзгеде жоқ нәрсені көреді. Қалай болғанда да, қисынына қарай, тағдыр сізге қуаныш, тыныштық пен болашаққа сенімді болу үшін керемет сәттер береді. Достармен, туыстарымен болған оқиғаларға байланысты салтанатты іс-шараларға қатысасыз. Өзіңіздің сыртқы келбетіңізбен ғана емес, кәсіби жетістіктеріңізбен қуантасыз. Жаңа әріптестермен іскерлік қарым-қатынас жасауға қолайлы уақыт туды. Ескі достармен байланысқа шығып, үзілген қарым-қатынастарды қалпына келтіруге болады. Осы аптадағы кездесулер болашақта жалғасады. Бұл материалдық және сезімтал жағдайлардағы жағдайды жасау, жақсарту кезеңі. Жеке өмір жаңа түстермен жарқырайды. Өзінің бастамасы бойынша ірі зат сатып алып, өмр сүру жағдайын өзгертуге байланысты сапар күтілуде.
Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады.
Оқи отырыңыз: Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе...
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік
Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары