{metadescription}
Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея

Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея

Жер үйде тұрасыз ба? Саяжайыңыз бар ма? Есіктің алдын көп шығынға батпай-ақ, жұрт қызығатындай ерекше етіп жасауға болады. Қақпадан кіріп келгенде көңіл күйіңізді көтеріп, жаныңызды жадыратқыңыз келсе...

Осы жазда іске асыратын 15 керемет ұсыныс:

Бұрыштағы шатыр күрке 

Қарапайым күрке. Дизайнын өзіңіз ойлап табыңыз. Ағаш пен пластик. Орындық, өзіңізге ыңғайлы т.б. заттарды қойып қойыңыз.

Қарапайым, жайлы аула

Бақшаның бұрышына ағаштан көтеріңкі жер жасап, пластик үстел мен орындықтар қойсаңыз, таза ауада отырып ұсақ-түйек шаруаңызды бітіре аласыз.

Бақ композициялары

Бағыңызды жандандырудың қарапайым тәсілі – тас, гүл, бақ мүсіндері. Қиялыңызды дамытып, ерекше етіп жасаңыз.

Соқпақ жол

Кәдуілгі өзен тастары мен бояу. Өзіңіз ұнататын түске бояңыз. Өте арзан, есесіне бірнеше жыл көздің жауын алып тұрады.

Демалатын жер

Тек күркеде отыра бермей, таза ауада шатыр жасап демалыңыз. Жайма мен қалың перде, төсегіш, бір-екі жастық.  

Керамикалық ернеу

Гүлзарлар мұнтаздай болып көрінсін десеңіз, ернеуін жасап қойыңыз. Оны түрлі материалдан жасауға болады. Мысалы, ескі, қажетсіз керамика ыдыс.

Ағаш діңгектер

Гүл бағын мен жүйектерді сызып, аласа ағаш діңгенктермен қоршаңыз. Мұндай қоршау - стильді қабырғаның бір мысалы.

Кішкене тоған

Шағын тоған. Қасына қабырға тұрғызып, шашыранды тастар және қылқан жапырақты бұта отырғызылса...

Үлкен гүлзар

Габионды тордың ішіне салынған тастар. Мұндай гүлзар кез келген бақтың көркін ашады.  

Ерекше жиһаз

Міндетті түрде қымбат болмауы керек. Мысалы, ағаштан бұйым жасау қолыңыздан келсе, кірісіңіз...

Диван

Ескі ванна. Поролон мен ескі жамылғыш. Қызық диван.  

Жәшік тақтайшалары

Ағаш тақтайшалар небір дүние жасауға арналған таптырмас материал. Тақтайлардан баққа арналған жиһаз құрастырып көрдіңіз бе?

Әткеншек

Бұны ересектер де ұнатады. Ашық түсті брезентті пайдаға жаратыңыз.

Жазғы себезгі

Бұның да артықтығы жоқ. Ағаш тақтайлардан шағын кабинка жасап, себезгісін өзіңіз ойлап табыңыз. Аптап ыстықта рахатын көресіз!  

Тартпалар

Ескі жиһаздан қалған тартпаларды осылай пайдаға жаратыңыз.

Жалпы, қиялыңыз бай болса, көп ақша кетірмей, ескі заттардан небір дүние жасап алуға болады. Тек сырлап, бояп, лак жағып, жаңартып алсаңыз жетіп жатыр.

Шаңырағыңыздан береке кетпесін! 

Оқи отырыңызАуызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін? 

 Қазақ жеміс-жидек жеген бе? 

Біздің көпұлтты тату отбасымыздан қонақ үзілмейді 

Киелі киім – қай киім? 

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде