{metadescription}
13 – 19 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

13 – 19 мамырға арналған жұлдыз-жорамал

Осы апта несімен қызықты? Қандай қуаныш бар, қандай оқиғалар болады? Не жаңалық күтіп тұр? Жоспарлаған дүниемді іске асыра аламын ба? Қандай қауіп-қатерден сақтану керек? Басты назарда нені ұстаған жөн? Қиыр Шығыс парапсихологтар академиясы мен астролог Александр Ремпельдің 13 – 19 мамырға  арналған жұлдыз-жорамалы. 

13 – 19 мамырға арналған жұлдыз-жорамал. 

Тоқтылар жетістіктеріне қуанатын болады. Және бұны  әріптестері де, достары мен туыстары да растап пікірін білдіреді. Сыйлықтар мен жағымды тосын сыйлық алуы мүмкін Ұзақ уақыт көрмеген досыңызбен қарым-қатынасты жақсартыңыз. Жалпы алғанда, осы кезеңде қызығушылық танытқан адамдарға жақын бола аласыз, іскери серіктестермен байланыс орнатып, жоғалған байланыстарды қалпына келтіресіз. Көп жұмыс сізді қол қусырып отыруға жол мүмкіндік бермейді. Қаржы мәселесі қалыпты. Көп шығын болады, ақша салатын дүниелер де табылады. Кенеттен келген ақпарат таңдандырады. Ұзақ уақыт бойы құпия болып көрінген нәрсе толығымен ашылады. Бұл ескі достың бастама көтеруіне түрткі болады. Телефон қоңыраулары, қысқа сапар, қызығушылық танытқан адамдармен бір жолғы ынтымақтастық үлкен маңызға ие болады. Романтикалық көңіл-күй сізді жақсы сезімге бөлеп, сүйіктіңіздің сүйіктісі боласыз.

Торпақтар кәсiби мүддеге қатысты нәрсеге өте мұқият болады. Іскерлік міндеттемеге байланысты болатын барлық жетістік, табыс маңыздылыққа ие болады.  Ұзақ немесе алыс шетелден сенімді серіктеспен қысқа мерзімді ынтымақтастыққа арналған жақсы ұсыныс күтілуде. Ақша қажеттігі туады, өйткені өзіңіздің туыс немесе досыңызға көмек көрсетесіз. Денсаулыққа қатысты бірқатар алдын-алу шараны қолға аласыз.  Сапароға шығуыңыз ықтимал. Балалық шағы өткен жерге барып, бұрынғы таныс адамдарыңызбен жүздесесіз. Жеке өмірде жақын адамыңызбен арада түсінбектік пен қарама-қайшылықтарды шешуге күш саласыз.

Егіздер бар күш-қайратын ұсақ-түйекке жұмсамайды. Өзіне жолданған талаптарды жанжалдаспау үшін елемеуге тырысады. Бірақ сіз нақты мақсат қойып, өзгенің мүддесіне қатысты іс-әрекетке көшесіз. Айналаңыздағы адамдардың көңіл күйін пайдаланып, қажет адамды өзіңізге тартасыз. Сүйкімділігіңіз артады. Сізбен әр тақырыпта сөйлесіп, әңгімелескісі келетіндер саны көп-ақ.  Олар кез-келген сұраққа жауап ала алады. Белгілі адамдардың арасында танымал боласыз. Қаржы аспектілері жақсарады. Бірнеше көзден ақша алу күтіледі. Шығын талап ететін уақыт кезеңіне қарамастан, қаражатты үнемдейсіз. Жеке өмірде құпиялар мен жасырын әрекетке байланысы бар қарым-қатынастан шатасып қалму үшін аңдап сөйлеп, аңдап басуға тура келеді. Құпия қатынас немесе қызметте махаббат хикаясы болуы ықтимал.    

Шаяндар жанталасып жүрсе де, еш нәрсені назарынан тыс қалдырмайды. Сізден ешкім хабар алмаса да, бірақ бәрінен хабардар боласыз. Қуанышқа, өзіңіздің дұрыстығыңызға көзіңіз жетіп қуанасыз. Оны жұртқа жария қылмайсыз. Ең бастысы – сіздің көңіл-күйіңіз, ішкі күйіңіз. Бастаған істі аяқтауға ұмтыласыз, материалдық жағдайыңызды көтеруге тырысасыз. Бәсекелестікке, қиын жағдайға қарамастан, біраз ақша табасыз. Бұрынғы танысыңыз сіздің қолдауыңызды қалайды, сіздің бас-көз болып көмек бергеніңізді сұрайды. Бірақ жұлдыздар сіздің арқаңызда пайда тапқысы келетін адамдардан аулақ болуға кеңес береді. Бұл аптада өз мүддеңізді ойлап, құжат рәсімдеп, бірқатар ресми құжаттар дайындау істерін қайта жандандырасыз. Көптеген шаяндар өзін еркін сезінеді, біраз уақыт болса да жалықтырған туыстарынан немесе көрші, әріптестерінен демалады. Жеке өмірде досымен қайта табысып, бақыттан басы айналады.  

Арыстандар бұрыннан күдіктеніп жүрген адамына әлі де сенімсіз. Сенім артуға асықпайды. Өзгеге кешірім бермейтін нәрсені енді өзіңіз істейсіз. Сонымен қатар болып жатқан оқиғаны салыстырып, айналаңыздағыларға көрсетіп отырасыз.  Сіздің іс-әрекеттеріңізді, білім мен жетістіктеріңізді мойындау қажеттігі туады. Айналаңыздағы адамдарға жұмбақ, қызық болып көрінесіз. Киіміңізді, түріңізді, стиліңізді өзгертесіз. Түр келбетіңіздегі өзгерісті бәрі байқайды.  Кәсіби салаға қатысты сапар күтілуде. Қаржы мәселесі толғандырады. Бұрынғы танысыңыз қарыз ақшасын қайтаруы мүмкін. Бірақ қаражатты жөнімен жұмсауға тырысыңыз, әйтпесе қателік жасауыңыз мүмкін. Кездейсоқ кездесу, қызық танысу жоспарыңызды өзгертуі мүмкін. Жеке өмірде күтпеген оқиғалар болады. Таңқаласыз. Соған қарамастан жаңашылдыққа бет бұрасыз. Өйткені үйреншікті күйбің тіршіліктен әбден жалықтыңыз.   

Бикештер соңғы кездері өміріне бірқатар қиындық әкелген адамның тілін таба алмай қиналады. Қарама-қайшылықтар күтілуде. Күйбің тірліктер мен жеткен жетістіктердің бағаланбай жүргеніне көнуге тура келеді. Сіздің әрекеттеріңіз еленбейді. Қанша тырыссаңыз да байқамайды. Соған қарамастан өзге жұмыстарға белсене араласып, көмек ұсынасыз, өзіңізді абыроймен ұстайсыз. Көбісі сыйақы түрінде ақша табады. Немесе танысы сыйлық жасайды. Ірі зат немесе техника құралын сатсаңыз, ол сәтті болады. Жақын адамыңызға көмек беру үшін қысқа сапарлар күтілуде. Туысыңыздан сүйінші хабар аласыз. Жеке өмірде бір түрлі күй кешесіз. Кейде бұл байланысты тоқтатсам, өмірім жақсара ма деген ой келеді. Бірақ қиын жағдайдан қашып, бәрін таз қалпында қалтырасыз.  

Таразылар күтпеген, тосын, жаңа нәрселерді ашады. Қаптаған ақпараттан басы айналып, оны қорытуға уақыт таба алмауы мүмкін. Бұрынғы дос немесе серіктесінің зымиян әрекетін ашуға әрекет жасайды. Алданып қалуыңыз мүмкін. Әсересе кек сақтау күтілуде. Құпия ашылады. Күн сайын өзіңізге жаңалық ашып, талай дүниені ашып, көз жеткізесіз. Жұмыста творчестволық шабытқа серпін жоқ емес, оны іске асыру үшін бұрынғы қорды пайдалануға тура келеді. Көп күткен, бірақ пайдасы аз шараларға қатысасыз. Құпия қамқоршымен жасырын келіссөз жүргізесіз. Ақшаны мұқият жұмсап, көп шашпуға тырысасыз. Жеке өмір уақыт пен қаражат талап етеді. Сезіміңізді жасырмайсыз.  Ашық, шынайы боласыз. Көбісі жөндеу жұмыстарымен айналысып, үйіне ірі зат сатып алады.  

Сарышаяндар іскер серіктестеріне, әріптестеріне, достарына өте мұқият болады.  Өзгелер ұмытып кете беретін ұсақ-түйекті басты назарда ұстайды. Өзгенің көңіл-күйін елең қылмай,  жағдайға жалпы көзқараспен қарайды. Сонымен қатар үйде де, қызметте де ақ ниетті жағдай қалыптастырады. Үйлегендерге қарағанда, басы бос сарышаяндарға бұл апта сәтті болмақ. Өз ортасындағы біреумен жақын араласып, ғашық күй кешіп, ортақ мүдделерін әңгіме етеді. Көбінесе үйден тыс жер боласыз. Сапарға шығып немесе думанды іс-шараларға қатысуыңыз мүмкін. Мүдделес, ниеттес адамдардың қолдауы мен қызығушылығы сізге өте маңызды болады. Кәсіби салада ілгерілеу бар. Ақша маңызды рөл атқарады. Бұл аптада бәрі ақшамен байланысты болмақ. Жеке өмірде де тап солай. Отбасы бар сарышаяндардың бір  нәрседен көңілі қалып, мұңаяды. Қарым-қатынас көз алдыңызда бұзылады. Бұны құтқарудың бір жолы – бірге жолға шығып демалу! Сөйтіп жақсы қарым-қатынасты сақтап қаласыз.

Мергендер үй мен жұмыстың арасында жүгіріп жүріп тепе-теңдікті сақтайды. Жақын адамынан көп сөз естиді. Туыстарының өтінішін жерге қалдырмай, орындауға мәжбүр болады. Өйткені кезінде оған өзіңіз уәде бергенсіз. Рұқсат алу, келісуге қатысты құжаттар рәсімделуі мүмкін. Бастығынан қолдау қажеттігі туады. Қаржы ісі ниеттес серіктестерінің қолында. Тұрмыс жағдайы назарда ұстауды талап етеді. Үнемі бақылауыңыз керек. Үйде ұсақ-түйек жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары күтілуде. Бірдемені ауыстырып, өзгертесіз үйде. Достарыңыздан түскен ұсыныстан бас тартасыз. Бойдақ мергендер уақыт талабын терең сезінеді. Ал үйленгендер бұл аптада жайма-шуақ күй кешеді. Жақын адамы қамқор болып, қасында көңілін аулап жанын жадыратады.  

Тауешкілер болашақ бәсекелестерінің іс-әрекеттерін жіті бақылайтын болады. Секемшілдігі көңілін түсіріп, айналасындағылардың пікірімен келіспеуге итермелейді. Дау-жанжалға тән күйде боласыз. Өзіңізді көбінесе жайсыз сезінесіз. Өйткені еш істен сіз күткендей нәтиже шықпай, қиналасыз. Көбісі ақшаға мұқтаж болады. Беделді, ықпалды адамның көмегіне зәру болады. Туыстары мен ескі достарымен кездеседі. Көбінесе өз пайдаңызды ойлап кездесесіз. Тәуелді болған жаныңызға жақпай, мазаңыз кетеді, бірақ оны өзгеге білдірмейсіз. Кәсіби жетістіктерін, әлеуметтік міртебесін түсінетін қиын кезең бұл. Сонымен бірге реніш-өкпені азайтып, өзіңді ұнататын, сыйлайтын сенімді таныс, достармен көбірек ашық-жарқын араласып, сөйлесуге тырысыңыз. Балалар мен үй жануары көңіліңізді аулайды. Бүгінгі күннің құндылығы бағалы. Сіз құрмет тұтатын адамдар сізге деген пікірін өзгертпейді.

Суқұйғыштар өз идесын айтып, мүддесін сөз етіп айналасындағылардың мазасын алғысы келмейді. Жоспарларын іске асырып, көздеген мақсатына қарыштап қадам басады. Өзіне сенім әкелетін батыл және қиын міндет қызық болып көрінеді. Бұл аптада аз сөйлеп, көп ойланасыз. Біраз уақыт жұрттың сөзіне құлақ түресіз. Ортаңызға жаңа адамдар қосылады. Біреуіне кәсіби тұрғыда көмек көрсетесіз. Қызық серіктеспен жақын араласасыз. Жұмыс тәртібінде өзгерістер болуы мүмкін. Көбісі жұмысын жаңартады, техникалық жабдықтарын өзгертеді. Қолыңыздан біршама сома ақша өтеді. Бірнеше жерден ақша түсуі ықтимал. Жалықтырған қарым-қатынасты үзу туралы мәселе қозғалады. Таңдау жасайсыз. Сіздің бастамаңызбен қатынас тоқтатылуы мүмкін. Бірақ ол жеке өмірге әсер етпейді. Жеке өмірде бәрі сол қалпында, яғни өзгеріссіз.

Балықтар қуаныш әкелмейтін қарым-қатнысты үзгісі келеді. Бірақ сіз жанжалға апармайсыз. Жағдай өздігімен реттеледі. Сенімді досыңыз жақсы қолдау көрсетеді. Ақыл айтып, қажетті көмегін береді. Кезесулер, келіссөздер, отырыстар көп болмақ. Қосымша іскер серіктестіктер іздейсіз. Оған тәжірибеңіз жетіп жатыр. Абыройыңыз өседі. Әріптестер тарапынан құрметке ие боласыз. Тартымдылығыңыз артады, белгілі одақтастар арасында кәсіби біліктілігіңіз нығаяды. Сапарда жүріп жақсы сезімге бөленесіз. Онда жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Қаржы мен демалысқа жұмсалатын шығын маңызды болмақ. Мұра немесе жылжымайтын мүлік туралы мәселе көтеріледі.  Бәрі ойдағыдай болмақ.

Александр Ремпельдің және Қиыр Шығыс астрология академиясы парапсихологтарының күнделікті жұлдыз-жорамалымен Magistar.org сайтынан танысуға болады. 

Оқи отырыңыз: Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея

Танымал брендтердің қаншасы қазаққа тиесілі? 

Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе... 

Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін? 

Киелі киім – қай киім? 

Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік 

Кене. Қорғану және қауіпсіздік шаралары 

Саяжайлықтарға қажетті қарапайым тәсілдер

Нотр-Дам де Пари: Тағдырына 5 рет қатер төнген собор 

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде