Үй салудың ең оңай үлгісі
Үй салуға бел будың. Ендеше қандай дайындық жүргізу керек? Қандай құжаттардан құтылдық, қайсысы жеңілдетілді, білесіз бе? Міндетті түрде жобалау ұйымдарына бару керек пе? Тұрғын үйді пайдалануға қалай енгіземіз?
Бұл сауалдарды Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша қалалық жоспарлау және аумақтық дамуды үйлестіру қызметінің бастығы Бақыт Рымжановпен бірге талқыладық.
Сәулеттік жоспарлау тапсырмасын алу.
Құрылысты сәулет органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасынан (СЖТ) бастаған жөн.
Бұл үшін ХҚКО-ға жеке немесе онлайн түрде мына құжаттарды бересіз:
- бекітілген форма бойынша өтініш;
- жеке куәлік;
- жобалық тапсырма;
- жер учаскесіне мемлекеттік акті;
- коммуникацияға қосылуға техникалық шарттар (ТШ) үшін сауалнама;
- учаскенің топографиялық түсірімі;
Құжаттарды онлайн ұсынған кезде меморгандар қосымша құжаттар сұрауы мүмкін.
Өтініште аты-жөніңізді, байланыс телефонды, мекен-жайды және жобалаған нысанның атын көрсетесіз; №2 пакетті таңдауды белгілеу керек, өйткені жаңа ғимарат салуға там сол пакет қолданылады.
Техникалық шарттар сауалнамасында үйге жоспарланған коммуникация күші таблицасын толтыру керек – электржабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жылумен жабдықтау, нөсер канализациясы, телефон орнату, газбен жабдықтау.
Мысалы, екі қабатты 120 шаршы метр үйді қамтамасыз ету үшін 5 кВт электр және сағатына 0,76 куб. су қажет. Архитекторлар сауалнаманы жеткізушілерге жібереді, олар байланыстыру нүктелерін және көрсетілген қуатты қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды.
Сәулет органдары техникалық шартсыз СЖТ бермейді.
Жобалау тапсырмасында мыналар көрсетіледі: құрылыс түрі, үйдің және тағы басқа құрылыстың басты техникалық-экономикалық көрсеткіші, ғимараттың ұрылымы мен көлемі, қабаты, инженерлік жабдықтары және т.б.
СЖТ дайындау мерзімі 15 жұмыс күні.
Дайын тапсырмада қала құрылысы, архитектуралық талаптар мен шектеулер көрсетіледі, ол эскиздік жобада жобаны әзірлеген кезде ескеріледі.
- учаскедегі қызыл сызықтардың жоспары;
- топырақтың түрі мен ерекшеліктері;
- су қорғау аймақтары;
- көршi тұратын учаскелердің мүдделерi;
- аудандардың сейсмикалылығы ескеріле отырып, жобалауға қойылатын талаптар;
- учаскенің көлеміне қарай үйдің, ауданның көлемінің пайыздық қатысы;
- безендіру және инженерлік желілерге қойылатын талаптар;
- әзірлеушіге жүктелген міндеттемелер.
СЖТ алу талап етіледі. Бірақ ол маусымдық, уақытша немесе тұрмыстық ғимараттарды (уақытша баспаналар, гараждар, сарайлар) салу үшін талап етілмейді.
Эскиз жобасын дайындау.
Бұл кезең 2018 жылдың басында жеңілдетілді. Енді егжей-тегжейлі жұмыс жобасын жасаудың қажеті жоқ. Тек эскиздік бөлімін – болашақ құрылымның жасалынған моделі, оның учаскеде онрналасуы және ішкі жоспары рұқсат етіледі. Ал қалғаны тапсырыс берушінің талабы бойынша жасалуы мүмкін.
Рымжановтың айтуынша, эскиздік жобада мынаны көрсету керек:
- аумақты аббаттандыру жоспары,
- инженерлік коммуникацияға қосылу нүктелері,
- үйдің және ғимараттың орналасқан жері,
- шекаралардан шегіністер,
- үйдің секциялық жоспары,
- үйдің алды;
Жақсылап, дұрыстап түсіну үшін үйдің 3D бейнесін қосуға болады.
Енді құрылысқа авторлық, техникалық қадағалау және мердігерлік ұйымдарды тартудың қажеті жоқ. Есесіне лицензиялық жобалаушыларға өтініш беру міндетті. Бүгінде олар құрылыстың сапасы үшін жауапты болады, өйткені оңтайландырылған схема бойынша эскизді мемлекеттік сараптама өткізбейді.
Енді сейсмологтарға барудың қажеті жоқ. Үйдің құрылысы үшін қажетті барлық есептерді жобалаушы орындауы керек.
Егер үй иесі ұнатқан жобаны Интернеттен тапса немесе оны өзі салып берсе де, оны жобалаушылардың көмегімен нормативтік талаптарға сай бейімдеу қажет.
Жобалаушының қолтаңбасы, мөрі және лицензиясы болмаса, мемлекеттік органдар жоба эскизін мақұлдамайды!
Алматыдағы жекеменшік лицензияланған компаниялардағы әзірлеу жобаның нарықтық құны орташа есеппен 100 мың теңгеден басталады. Ал жобаның неғұрлым толық түрі 200-250 мың теңгеге дейін.
Егер учаскенің бедерлерінен, жер асты суларынан немесе басқа нәрседен қиындықтар болса, онда жобаның құны айтарлықтай артады.
Эскиздік жоба мақұлдау үшін ХҚКО-да қабылданады. Қарау мерзімі - 10 жұмыс күні. Дайын эскиздік жоба сәулет органдарына түседі. Нормативке сәйкес келгенде, тапсырыс берушіге мақұлдау беріледі.
СЖТ және эскиздік жобаның жарамдылық мерзімі жоқ, яғни құжат шектеусіз.
Үй салу.
Эскизді жобаны мақұлдағаннан кейін үй салуға кірісесіз. Мемлекеттік органдарды жұмыс басталғаны туралы хабардар ету қажет емес! Бұл норманы ережеден алып тастады.
Талаптар мен ұсынымдар:
- Учаскенің шекарасынан және қызыл сызықтан үш метр шегіну керек. Көршілес аймақтармен шектес көршілердің учаскесінен де кем дегенде үш метр қашықтықта орналасу қажет, осылайша сіздің және көрші учаскедегі ғимараттар арасындағы қашықтық кемінде алты метр болады.
- Жаңа ережелерге сәйкес, қазандықты жертөледе, бірінші қабат деңгейінде орналастыруға болмайды. Оның жеке есігі болуы керек.
- Көгалдандыру алаңы мен алаңның қатаң беті тиісінше 40%, қалған 60% құрылыс үшін пайдаланылуы мүмкін.
- Алматының маусымдық температурасы үшін үйдің сыртқы қабырғаларын екі кірпіштен (қалыңдығы 50 см) салу қажет. Кішігірім қалыңдығымен бір жарым жартылай кірпіш (38 см) сыртқы қабырғалары 10 см-ге дейін полиуретанды көбікпен (әрқайсысы 5 см екі парақ) жылуландырылады. Бұл жағдайда металл және темір-бетон конструкциялары жылы болады, үй ылғалды болмайды.
- Топырақ ерекшеліктерін ескеріңіз. Алматының көп бөлігінде көшкінге ұшырайтын топырақты жер қыртысы басым.
Архитекторлар жеке үйді 12-18 см биіктіктегі (10 см) арматураланған плитада салуға кеңес береді. Содан кейін түрлі диаметрлі арматуралық бағандар орнатылады. Осылайша, тұтас мықты қаңқасы пайда болады. Ол бүкіл құрылымның тұтастығын сақтайды.
Инженерлік коммуникацияларға келсек, оларды орнату лицензиялық құрылыс компанияларының қолданыстағы нормативтік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Түсіру тереңдігі, инженерлік коммуникация арасындағы қашықтықтарды жобалаушылар анықтайды.
Іске қосу.
Құрылысты аяқтағаннан кейін салынған үйге және қолданыстағы ғимараттарға техникалық төлқұжатқа тапсырыс беру керек, қабылдау комиссиясының актін толтырып, қол қойылғаннан кейін ХҚКО-ға тіркеуге өткізіңіз.
Материал Krisha.kz сайтынан аударылып алынды.
Оқи отырыңыз: Жер учаскеңізді мемлекет мұқтажына аламыз десе...
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік