Миф: Арықтауға арналған 5 жалған ұсыныс
Жаз шыға бастаса арықтағымыз келетін әдетіміз бар. Осындайда интернетке кіріп артық салмақтан арылудың жолын іздестіреміз. Онда жазылғанның бәрі рас деп ойлайсыз ба? Өтірік! Сонымен, артық майдан арылуға мүлдем көмектеспейтін 5 кең танымал жалған ұсыныспен танысыңыз.
Автор: Заира Сабитова
Неге көмектеспейді? Оны дәрігер маман, медицина ғылымдарының кандидаты, сынықшы-ортопед, буын дәрігері, ESSKA, AAOS, АСТАОР, АТОР мүшесі Глазков Юрий былай деп түсіндіреді:
Іштегі майдан арылу үшін пресс жасау
Бұлшық ет тіні қоректік затты май тінінен емес, қаннан алады. Дененің белгілі бір бөлігінің салмағын кетіру мүмкін емес. Бүкіл денеден салмақ жоғалтқанда ғана іштегі май кетеді.
Жаттығу құрылғысында күніне 15 минут жаттығу
Интернетте аптасына үш рет 15 минуттан жаттығу жасасаң, арисың деп жазылып жүр. Өтірік! Бұны сол құрылғыны сатып жүргендер ұсынуы мүмкін. Олай арықтау мүмкін емес. Өйткені: кардиосалмақтың орташа қарқыны сағатына 400 ккал. Айына 3 сағат кетеді. Сонда 30 күнде, жеңілдеп алғанда 1200 жоғалтасыз. Бірақ бір келі майда 9000 ккал бар. Бұл түк те емес. Шындап арықтағыңыз келсе, күн сайын, ең аз дегенде 1 сағат, болмаса 2-3 сағат жаттығуыңыз қажет.
Беліңізге пленка орасаңыз, арисыз
Бұл да өтірік. Пленка тек жылу алмасуын бұзып, қоршаған ортаға жылу жібермейді. Нәтижесінде дене қатты қызып, бірақ май емес, тер шығады. Сөйтіп ылғалдан айырыласыз. Неліктен әйелдер осыған сенеді? Бәлкім таразы салмағының 1-2 келіге төмендегенін көрсеткен соң сенетін шығар. Сенбеңіз! Сіз май емес, су жоғалттыңыз. Терлеп, ылғалдан айырылдыңыз. Организм сусызданды. Енді қатты шөлдейсіз. Бірнеше стақан су ішкен соң, жаңағы жоғалтқан салмағыңыз қалпына қайта оралады.
Спортпен айналыссаң, диетасыз арықтайсың
Калориясы төмен диетаны ұстағанды кім ұнатсын? Тек спортпен айналысып артық салмақтан арылуға болады деп жазады. Бұған имандай сеніп, аптасына екі рет жаттығу залына барып құлшынады. Шын мәнінде бұл - өтірік. Спорттан гөрі диета әлдеқайда тиімдірек. Спортпен айналысуға уақытыңыз да, ниетіңіз де болмаса, диета ұстаңыз. 100 г тәтті тоқаштан бас тартқан – таң атпай жүгіргеннен әлдеқайда оңай.
Гантельдің көмегімен майды бұлшық етке айналдыруға болады
Күш жаттығуларының арқасында денедегі майды бұлшық етке айналдыруға болады – жалған сөз. Негізінде май ешқашан бұлшық етке айналмайды. Олардың құрылысы әр түрлі. Сондай-ақ олар адам денесінің әр бөлігінде әр бөлек орналасқан.
Ендеше көбірек қимылдап, азырақ тамақ ішкеннен артығы жоқ. Бастысы, денсаулық мықты болсын!
Оқи отырыңыз: Ресепшн: Күмәнің болса, қолдануға асықпа
Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея
Ауызашар беруге жағдайым келмесе, қайтемін?
Жөндеу жұмыстары: Үйдегі ұсақ-түйек олқылықты қалпына келтірейік