Тексеріңіз: Психикасы сау адамның 15 белгісі
Психикаңыз дұрыс па? Классикалық психоанализ және мінез-құлықтың психологиясын зерттеуші Нэнси Мак-Вильямс адамның менталды денсаулығының «бақылау парағын» баяғыда жасап қойған. Оны психологтар қазір де пайдаланады. Біз сізге аталмыш тестілеуден өтіп, психикаңыздың сау екенін анықтайтын 15 белгіні ұсынамыз.
Фото: professionali.ru
1. Өзіңнен басқаны жақсы көре аласың ба?
Адамды шын ниетіңізбен жақсы көре аласыз ба? Жұбайыңызды, әріптесіңізді, туған-туысыңызды жақсы көруге дайынсыз ба? Кемшіліктері мен жаман қылықтарына кешіріммен, түсіністікпен қарауға қабілетіңіз бар ма?
2. Жұмыс істеу, құру, жасау қабілеті
Бұл мансап сатысымен көтеріліп қана қоймай, өзің және айналаңдағыларға да пайдалы дүние жасай білу. Артыңнан ізгі іс қалдыру, соған қабілетті болу – бұл психологиялық деннің саулығын білдіреді.
3. Әзілдей білу, ойнап-күлу, анда-санда еркелеу
Әзіл-қалжыңды дұрыс түсіне білу, эмоционалды және психикалық күйзелістен шыға білу және спорттық, әлеуметтік, логикалық ойындар арқылы жетілу – мұның бәрі үлкен пайда әкеледі және біздің жүйке жүйемізге дем береді.
4. Жеке ерік-жігерің мен өзіңді-өзің қамтамасыз ете білу
Басқаша айтқанда, адамның өздігімен шешім қабылдауы және өз таңдауына жауапты болуы.
5. Өзіңді жеке тұлға ретінде қабылдап, ерекшелігін барлық жағдайда таныта білу
Мінсіз немесе өне бойы зұлымдыққа толы адам жоқ: әр адамның бойында кемшілігі де, жақсы қасиеті де болады. Оны дені сау адам дұрыс ажырата біледі және кемшілігін түсініп, мойындайды.
6. Күйзелістен кейін қалыпты жағдайға келе білу
Біздің психикамыз ұзақ уақыт стрессте бола алмайды және болып жатқан өзгерістерге бейімделе білу психикамыздың тұрақтылығын білдіреді.
7. Өз-өзіңе шынайы, дұрыс баға беру
Өзіңді қатты сынап немесе жоғары бағаласаң, өмірде шынайылықтан айырылып, үмітің ақталмай қиналасың. Ол өз кезегінде күйзеліске, өмірден түңілуге, психиканың бұзылуына әкеп соқтырады.
8. Санаңмен түйсінген құндылықтар болуы қажет
Құндылық – бізге қауіпсіздік пен тұрақтылық береді. Ал енді құндылық мәңгі емес, ол уақыт пен жағдайға қарай өзгеруі мүмкін. Соны түсінуге қабілетіңіз жете ме?
9. Түрлі эмоцияға беріле білу және соған қатысты қиындықты еңсеру
Бұл түрлі эмоцияны сезіне білу, түсіне білу, оған қатты берілмеу. Сонымен қатар шектен шықпай, ұстамды болу.
10. Өзіңе сыртыңнан қарай білу қабілеті
Немесе рефлекстік қабілет – өзіңнің сол жағдайға көзқарасыңа қарамастан, проблеманы шешудің ең тиімді жолын қарастыру.
11. Өзің және басқаларды ажырата білу
Оған эмоцияларың мен тілектерің де кіреді. Мысалы, сені ренжіткен адам сені ренжітіп аламын деп ойламауы мүмкін, ал реніш – ол біздің эмоциямыз. Ол біздің бойымызда бар нәрсе, яғни сенің эмоцияңа басқа адамның қатысы жоқ.
12. Психологиялық қорғаныста икемділік танытып, дұрыс пайымдай аласың ба?
Біз стресске түсіп дегбіріміз қашқан кезде миымыз одан «қашып кеткісі» келеді. Яғни миымыз жайсыз жағдайдан «қашқалақтап», шешу керек проблеманы елемеуге трысады. Бұл біздің жайбарақат жүруімізге көмектеседі. Бірақ, дені сау адам санасындағы жайма-шуаққа қарамастан, жағымды күйді ысырып тастап, істеуге тиіс нәрсені жасауға ұмтылады.
13. Өзіне және басқаларға назар аударудың тепе-теңдігі
Бұл өз мүддеңмен қоса, сенімен жақсы араласып жүрген басқа адамдардың да мүддесі мен күйін ескере білу.
14. Бойыңда жаның бар ма?
Бұл адамның дұрыс, үйлесімді өмір сүруінің басты белгісі.
15. Дәрменсіз, шарасыз күйіңді мойындай аласың ба?
Яғни, жабырқай білу, ашулана білу, қайғыра білу. Және де бұндай күйде жүргенде шарасыздығыңды, дәрменсіздігіңді түсініп, оны дұрыс қабылдай білу.
Жоғарыда жазылған 15 белгіге "иә" деп жауап берсеңіз, демек психикаңыз қалыпты, деніңіз сау.
Оқи отырыңыз: Үй салудың ең оңай үлгісі
Миф: Арықтауға арналған 5 жалған ұсыныс
Жер үйді құлпыртып жіберетін 15 идея