{metadescription}
Сайлаумэн: ҚР президент сайлауына арналған виртуалды көмекші пайда болды
Қазақстандық бағдарламашылар Қазақстан Республикасында болатын президент сайлауына ақпарат-анықтама жобасын әзірледі. Жоба – бұл Telegram арнасындағы чат-бот. Ол пайдаланушыларға сайлау тақырыбы бойынша түрлі сұрақтарға жауап беру үшін жасалған бағдарлама. Ал жастар аудиториясына арнап «Сайлаумэн» (SAILAUMAN) ғаламтор кейіпкерін ойлап шығарды.
Виртуалды көмекші «Сайлаумэн» чатты пайдаланушыларға мынаны ұсынады:
• Сайлау барысы туралы ақпарат;
• Сайлау учаскесін қалай табуға болады;
• Сайлаушыларға, бақылаушыларға арналған нұсқаулар.
• ҚР өтетін сайлау туралы басқа да анықтама ақпараттар.
«Сайлаумэн» қазақ және орыс тілдерінде ақпарат береді.
Telegram бағдарламасындағы сұхбат боттарынан бөлек, бағдарламашылар «Сайлаумэн» нұсқасын Instagram әлеуметтік желісіне де ұсынды. Онда сайлау туралы негізгі ақпараттар комикс түрінде жарияланады.
Әзірлеушілер ойлап шығарған «аңыз» бойынша, жақында Сайлаумэннің жасы 18-ге толды және Қазақстанда өтетін президент сайлауы – оның өміріндегі тұңғыш сайлау. Кейіпкер сайлауға қатысты барлық материалдарды оқып, көп ақпарат жинап, оқып-тоқыған білімімен достарымен өзінің Telegram арнасы және Instagram парақшасында бөліседі.
Виртуалды көмекші өзінің жеке мысалымен жастарды сайлауға қатысуға ынталандырады. Ол мемлекет басқаруда сайлау және сайлану құқығы демократиялық жүйенің іргетасы, ал дауыс беру өте маңызды, жауапты және тіпті де қиын емес екенін айтады.
«Сайлаумэн» қазір желіде жүр. Оның Instagram парақшасына жазылушылар саны 15 мыңнан асты. Сайлаумэн сайлау туралы кез келген сұраққа тәуліктің кез келген уақытында жауап беруге дайын.
Telegram арнасындағы сайлау күнтізбесі:
• 7 маусым соңына дейін — сайлау алдындағы үгіт-насихаттық жұмыс
• 8 маусым -— «тыныштық күні».
• 9 маусым, 7:00-20:00 аралығы — дауыс беру.
• 10-11 маусым — алдын-ала нәтижені шығару.
• 10-16 маусым — сайлау қорытындысы, президентті тіркеу.
Сонымен бірге:
Кандидаттар тізімі;
Жиі қойылатын сұрақтар;
Шетелде қайда дауыс беруге болады;
БАҚ сайлау туралы;