{metadescription}
Айыппұлдар мен берешектерді тексеруді ұмытпаңыз
Егер сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерге демалыс үшін немесе қандай да бір іскери мақсаттар үшін шыққыңыз келсе, ең алдымен, сіздің жол жүру құжаттарыңызды және елден тыс жерлерге шығуға тыйым салудың жоқ болуын тексеруді ұсынамыз.
Сонымен, шетелге шығуды жоспарлап жүрсеңіз, ендеше ең алдымен айыппұлдар мен берешектерді тексеріп алыңыз.
Шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізімі бойыншга шет елге шығуға тыйым салынған тексеру қызметі.
Шығуға тыйым салудың болуын бірнеше жолмен тексеруге болады:
"Шет елге шығуы шектелген, борышкерлер тізімі және атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру" қызметін пайдалана отырып;
"Қазақстан Республикасы шегінен шығуы уақытша шектелген тұлғалардың тізімі" деректер базасында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми сайтында "Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі" деректер базасынан өзіңіздің аты-жөніңізді іздеп, елден шығуға тыйым салынған-салынбағанын тексеру өте маңызды.
Қосымша, сізге шетелге шығуға кедергі келтіруі мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтар, төленбеген айыппұлдар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тексере аласыз.
Сондай-ақ:
Сіздің төлқұжатыңызда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, төлқұжатыңыздың қолданылу мерзімін тексеріңіз (көп жағдайда төлқұжаттың қолданылу мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай бұрын өтпеуі тиіс).
Егер сізбен 16 жасқа дейінгі балаларыңыз жүрсе, онда олар жапсырылған фотосуреті бар ата-анасының бірінің төлқұжатына жазылуға тиіс немесе олар үшін жеке төлқұжатты алуға болады.
"Баланың ата-анасынсыз немесе бір ата-анасынсыз басқа қалаға немесе шетелге шығу ережесі" туралы сіз сілтеме арқылы өтіп біле аласыз.
Сіздің жол жүру құжаттарыңыздың көшірмелерін жасап, оларды жоғалтып алған жағдайға түпнұсқалардан бөлек сақтауды ұсынамыз.
Құжаттардың көшірмелері барған елдегі ҚР өкілдігінде немесе консулдығында шығу құжаттарын ресімдеу кезінде сіздің жеке басыңызды растау процесін жеделдетеді.
Оқи отырыңыз: Өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру